Аймақтар • 04 Наурыз, 2019

11 құрсақ көтерген Қайникеш әже

1135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
11 құрсақ көтерген Қайникеш әже

Бірінші қаңтарда 104 жасқа толған Қайникеш Мұ­сабаева Бесқарағай ауда­нының Өндіріс ауылында 65 жастағы қызы Рахима Досымханованың қолында тұрады. Төрт сыныптық білімі бар әжеміз ұзақ жыл совхозда әртүрлі жұмыстар істегенін айтады. «Қай жерге жұмсады, сонда бардық. Жұмыс­шылардың соңынан тамақ тасыдық. Жұмысты қолдан келгенше істедік, ешқайсысынан бас тартқан жоқпыз. Рах­мет. Еңбегімізді ақтап жатыр»,– дейді кейуана.

11 құрсақ көтерген Қай­никеш әже бүгінде немере, шөбере, шөпшек сү­йіп отыр­ған жайы бар. Көп­ бала­лы қариядан көп балалы болу жа­йында сұраудың әбестігі жоқ шығар деп: «Қазіргі әйелдер баланы аз табады. Бұ­ған не дейсіз?» деп сұрап едік. «Өз­дерінің қолында ғой, шы­рағым» деп қысқа қайырды. 

Қызы Рахима анасының бұрындары тоқыма тоқып, немерелеріне газет-журнал оқы­татынын, соңғы кез­дері бұл әдеттерден тыйылып, тысқа шығуды си­ретіп, көбіне теледидар кө­ретінін жеткізді. Бір таңғал­дырғаны, Қайникеш әже 104-ке келсе де, «ба­сым­ды айналдырады» деп кө­зілдірік кимейді екен. Тамаққа да тәбеті тә­уір көрінеді. «Ащылау тамақ­тарды жақсы көреді. Ба­лықты жақсы көреді. Таң­ертең жылытып берген та­мақты жемейді. Жаңадан пісі­рілген тағамды тәуір көреді. Жылқының етін жей­ді. Семейден қымыз әке­ліп отырамын», – дейді қызы.

Үйден шығарда Бесқа­рағай ауданының ең қарт тұрғындарының бірі:

Өмір жастарың ұзақ болсын

Өмірлерің жақсылықпен өтсін,

Ешқандай жаманшылық көрмеңдер. 

Жақсының жанында жүріңдер,

Жаманнан аулақ жүріңдер

Алла тағала менің жасымды берсін,

Өмірлерің ойын-күл­кі­мен өтсін, деп батасын берді. 

Азамат ҚАСЫМ,

«Egemen Qazaqstan»

Шығыс Қазақстан облысы,

Бесқарағай ауданы, 

Өндіріс ауылы

Соңғы жаңалықтар