Спорт • 04 Наурыз, 2019

Жәнібек Әлімханұлы Кристиан Оливаспен жұдырықтасады

1014 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпқой рингте орта салмақта күш сынасып жүрген қазақтың белді былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы белгілі болды. 

Жәнібек Әлімханұлы Кристиан Оливаспен жұдырықтасады

12 сәуірде Лос-Анджелесте өтетін бокс кешінде қандасымыз Кристиан Оливаспен күш сынасады. 27 жастағы Мексиканың өкілі осы күнге дейін 20 жекпе-жек өткізіп, 16 рет жеңіске жетті. 13 бәсекені мерзімінен бұрын аяқтады. Ал Жәнібектің жүріп өткен жолын жанкүйерлер жақсы біледі. Әуесқойлар арасында әлем және Азия чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы деген атағы бар қазақ жігіті кәсіпқой рингте бес кездесу өткізіп, барлығында басымдық танытты. Екі қарсыласын ол есінен тандырды.

Лос-Анджелестегі бокс кешінің басты жекпе-жегі украиналық Василий Ломаченко мен ұлыбританиялық Энтони Кролл арасында өтеді. Олар жеңіл салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы атағын сарапқа салады.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»