+77471090109 WhatsApp нөміріне Астана тұрғындары ТКШ (су/жылу/эл.энергиясы), қоғамдық көлік, отынмен қамтамасыз ету мәселелері, абаттандыру, ПИК жұмысы, лифт шаруашылықтарының жұмысы, ҚТҚ, тыныштықтың бұзылуы, ашық құдықтар, су басу, қаңғыбас жануарлар, жолдарды жөндеу, БТО, денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, сауда және кәсіпкерлік сияқты қала тыныс-тіршілігіне қатысты барлық мәселелері бойынша өтініштерін жолдай алады.
Өтініштерді бір мәтіндік хабарлама түрінде келесі үлгі бойынша жіберуді сұраймыз
Өтініш берушінің деректері
Байланыс (кері байланыс үшін)
Өтініштің мәні
Уақыты мен күні
Өтінішке (еск. ашық құдықтардың, жиналмаған қардың, рұқсатсыз қоқыс үйіндісінің оналасқан жері және т.б.) қатысты нақты мекенжай
Болған жағдайда, фотоматериалды қоса тіркеңіз
Қоғамдық көлік мәселелері бойынша хабарлама жібергенде, күнін, уақытын, автобустың бағытын, бағдардың нөмірін, мемлекеттік нөмірін немесе гараждық нөмірін және өтініштің мәнін көрсету керек.
Үлгі бойынша толтырылмаған өтініштер, кіріс қоңыраулар, сонымен қатар дауыстық хабарламалар тіркелмейді.
Барлық мәтіндік хабарламалар тәулік бойы қабылданады.