Қазақстан • 06 Наурыз, 2019

Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы Қазақстанға ресми сапармен келді

967 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы Кунио Микурия 2019 жылғы 4-5 наурызы аралығында Қазақстанға ресми сапармен келді.

Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы Қазақстанға ресми сапармен келді

Сапар барысында халықаралық ұйымының Қазақстанмен «кеден ісінің күн тәртібін дамыту және транзиттік-көліктік әлеуетті арттыру бойынша бастамаларды қолдау» мәселелері талқыланды.

Сапар аясында К.Микурия Премьер-Министр Асқар Маминмен кездесті. Үкімет басшысы А.Мамин Микурия мырзаны Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы лауазымына қайта сайлануымен құттықтады. Қазақстан Дүниежүзілік кеден ұйымымен арадағы ынтымақтастыққа айрықша көңіл бөлетіндігін және ұлттық кедендік әкімшілігінің Қазақстанның Ұйымның жұмыс органдарындағы мүшелігі сияқты техникалық қолдау көрсетуде де қолдауын бағалайтындығын атап өтті.

Кунио Микурия Дүниежүзілік кеден ұйымының Қазақстанмен ынтымақтастықтың жандануын атап өтіп, еліміздің бастамаларына қолдауын білдірді. Оның пікірінше, Қазақстан мен Дүниежүзілік кеден ұйым арасындағы өзара қарым-қатынасты мүше мемлекет пен халықаралық ұйымның жемісті ынтымақтастығының үлгісі деп атауға болады.

К. Микурия, сондай-ақ Хатшылықтың Қазақстанға техникалық көмек көрсетудің қарқыны мен тиімділігін бақылап отырғанын және кеден ісі саласында институционалдық даму миссиясын тағы да жіберуге дайын екендігін атап өтті.

Сапар барысында К. Микурия халықаралық көлік-логистика орталығында кедендік рәсімдеудің аймағынан тұратын жаңа автомобиль өткізу пункті – «Нұр Жолы» өткізу пунктін аралады. Онда бақылау үдерісін автоматтандыру, жолаушылар мен көлік құралдарын күту аймағында қолайлы жағдай жасалған.

«Нұр Жолы» өткізу пункті – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолынның басты қақпасы. Өткізу пункті заманауи инспекциялық-жете тексеру кешенімен, радиациялық бақылау жүйесімен, жолаушыларды сканерлеу үшін жабдықтармен, автокөліктің барлық түрлерін ауқымды жүк құрал-жабдығымен қамтамасыз етілген.

Дүниежүзілік кеден ұйым Бас хатшысы, сондай-ақ Көлік-логистикалық орталығының және «Астана – Кедендік тазарту орталығы» кеден бекетінің бірқатар инфрақұрылымдық объектілеріне барып қайтты. Онда қазіргі уақытта қызмет көрсетулердің барлық кеден жанындағы және логистикалық инфрақұрылым шоғырланған.

Көлік-логистикалық орталық «Нұрлы жол» даму бағдарламасы Қазақстанда мультимодалдік көлік дәлізін және заманауи логистикалық инфрақұрылымды дамытуды топшылайтын «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамның» 65-қадамын іске асыру шеңберінде құрылды.

Кедендік операцияларды жасаудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында клиенттер үшін күту аймағында жүктерді кедендік жете тексеру процесін онлайн-режимде бақылау жасау мүмкіндігі бар экран орнатылған. Жаңа Кедендік ресімдеу орталығының негізгі басымдылығы – бірыңғай тұтас инфрақұрылым. Ветеринарлық, карантин, фитосанитарлық қызмет, сертификаттау орталықтары, көліктік бақылау бөлімшесі, Қазпошта, сақтандыру қызметі және кедендік брокерлер сияқты тауарлардың импорты мен экспорты процесіне тартылған барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдар осы орталықта орналастырылған.

Сондай-ақ Дүниежүзілік кеден ұйым Бас хатшысы мен Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасы М.Сұлтанғазиевпен кездесіп, кедендік реттеу бөлігінде елдің көліктік инфрақұрылымын жаңғырту мәселелерін талқылады. К.Микурия Қазақстанның мемлекеттік кірістер органдарының қызметі саласындағы электрондық декларациялау, кедендік бизнес-үдерістерді автоматтандыру және «бірыңғай терезе» тетігін енгізу сияқты жүргізіліп жатқан реформаларға оң бағасын берді.