Аймақтар • 06 Наурыз, 2019

Қ.Көшербаев Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады

1042 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев әр түрлі салада жұмыс істейтін қыз-келіншектермен кездесіп, Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.

Қ.Көшербаев Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады

Нәзік жандардың қоғам өмірінде алатын рөлдеріне ерекше тоқталған әкім:

- Бүгінгі таңда педагогтардың 73 пайызы, дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің 87 пайызы әйелдер екен. Барлық бюджеттік сала қызметкерлерінің 60 пайызы әйелдердің үлесінде. Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 35,4 пайызды құрайды. Саясатта да әйелдердің тұлғасы биіктей түсуде. Орта және шағын бизнесте де әйелдердің үлесі 80 пайыздан кем емес. Өңірлік инвестициялық орталық арқылы облыстық бюджеттен шағын несиеге 1 млрд. теңге бөлініп, бүгінгі таңда 258 жоба қаржыландырылса, оның ішінде 112 жоба әйел кәсіпкерлерге тиесілі,-деді.

Қызылорда облысында әйелдерді қолдау бойынша жан-жақты жұмыстар жүргізіліп келеді. Өткен жылы аймақта кәсіпкер әйелдердің бірінші форумы өтті. Облыста көп балалы және жалғыз басты аналар, халықтың әлеуметтік осал топтарының басқа да өкілдері үшін қайырымдлық шаралары ұдайы өткізіліп тұрады.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы.