Үкімет • 06 Наурыз, 2019

А. Мамин экономиканы жаңғырту жөніндегі Мемлекеттік комиссия отырысын өткізді

975 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

А. Мамин экономиканы жаңғырту жөніндегі Мемлекеттік комиссия отырысын өткізді

Отырысқа қатысушылар Ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынған проблемалы агрохолдингтердің активтерін сауықтыру жөніндегі шараларды талқылады. Атап айтқанда, тиісті Жол картасының жобасы қаралды.

Сонымен қатар, көктемгі егіс жұмыстарын уақытылы жүргізуді қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылды.

Отырысқа бейнеконференция жүйесі бойынша сондай-ақ Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе облыстарының әкімдері қатысты.

Талқылау қорытындысы бойынша «ҚазАгро» холдингі» АҚ және «Проблемалы несиелер қоры» АҚ, бірқатар облыстардың әкімдіктерінің проблемалы агрохолдингтер бойынша бірлескен іс-қимыл Жол картасының жобасы мақұлданды.