
...қуанышын бөліседі
Кәсіпкер жаңа ғимаратты сыйға тартты
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан туындайтын «Туған жер» бағдарламасы аясында Ақпәтер ауылының төл перзенттері – Хасановтар әулеті игі істі жүзеге асырды.
Туған ауылында өз кәсібін дөңгелентіп отырған Самат Хасанов фельдшерлік-акушерлік пункт салып, жаңа ғимаратты ауылдастарына сыйға тартты. Кәсіпкер өз қаражатынан 16 млн теңге қаржы жұмсап, құрылыс жұмыстарын былтырғы жылы қолға алған еді. Міне, нәтижелі аяқталған құрылыс нысаны ақпәтерлік ағайынның игілігіне қызмет жасауға толық даяр.
Жақсы істің жанашыры Самат Хасанов жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт кілтін Қазталов аудандық ауруханасының директоры Алмас Жүнісбековке табыс етті.
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында осындай нысанның салынып, елге тарту жасалуы ауданымызда үшінші мәрте жүзеге асып отыр. Бүгінгі заманға сай салынған фельдшерлік-акушерлік пункт ақпәтерліктердің игілігіне қызмет жасап, туған ауылына жанашырлық танытқан Саматтай азаматтың үлгілі ісі жалғасын табары сөзсіз.
Қайрат ЖАҚЫП
Батыс Қазақстан облысы
...кеңес береді
Бедеулік мәселесі ойландырады
Біз өзіміз қызмет жасайтын жоғары оқу орны жанынан арнайы орталық құрып, бір буындағы қатар құрбыларымыздың репродуктивтік денсаулығын сақтауға қатысты мәселелерді ойластырып отырмыз. Оның форматтары мен жолдары туралы айтсақ, бірінші кезекте профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуді қолға алған жайымыз бар. Орталық құрамындағы акушер-гинеколог және уролог-мамандар олармен әңгімелер, тақырыптық басқосулар өткізіп келеді. Тәжірибеде кездескен жайт – ұлтымыздың ұл-қыздары бұл жөнінде мамандарға жолығудан, арнайы барып тексерілуден өтуден, олардың кеңесін алудан бой тасалай береді. Бұрын өмірге сәби әкелу мүмкіндігі болмаған дерт, яғни бедеулік қыз-келіншектерге қатысты айтылса, қазіргі кезде жігіттер арасында да белсіздік белгілері жиі байқалып жүр. Мұны жасырудың ешқандай қажеті жоқ.
Бір сөзбен айтқанда, Жастар жылында олардың өмірі мен тыныс-тіршілігіне қатысты бірде-бір мәселе шет қалмауы керек. Бұл ретте мен биылғы жыл – жастардың өз денсаулықтарын күтуі үшін өздері қам жасайтын жыл болуын қалаймын.
Айбек НӘЖЕНОВ,
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті жанындағы әлеуметтік-психологиялық қолдау бөлімінің жетекшісі
АҚТӨБЕ
...ой қозғайды
Жасыңа жетпей қартайма!
Жасы 75-тен асқан Әбекең ғаламторға үңiлiп отырған күйi:
– Менiң кемпiрiм он жылдан берi қарыс жерге аттап басқысы келмейдi... – деп, ас бөлмеге қарағыштап алды да сөйлей жөнелді. – Мiне, қара, Кей Д’Арси деген ағылшын кейуана 67 жасқа келгенде әртiс болыпты. Алдымен өз елiнде киноларға түсiп, онан кейiн Америкаға барып, Голливудтан бiр-ақ шығыпты. 85 жасында Дорис Лонг деген бiреу белiне белбеу байлап тiк құз жартасқа өрмелеп шығып, қайта түсудi кәсiпке айналдырыпты. Ал АҚШ-та Мэри Мозес деген кейуана 76 жасында қолына қылқалам алып сурет сала бастапты. Айта берсең, мысал көп. Бiздiң ағайындар қартайдым деп, ыңқыл-сыңқылымен әуре болып жүргенде, өзгелердiң иненiң көзiнен оқ өткiзген өлермен iсi көп.
– Қойыңыз ақсақал, қай-қайдағыны көлденең тартып. Ежелден-ақ қазақ әйелi одан да зорын атқарған. Қартайса да қары талмаған, бәрi де қазақтан. Мысалы, Домалақ ана көзi жұмылғанша әулеттi басқарып, ел ұранына айналған. Күй анасы Дина Нұрпейiсова 75 жасында Мәскеуде өткен Бүкiлодақтық байқауда, 1944 жылы 83 жасында Ташкенттегi Орталық Азия онкүндiгінде күйiн күмбiрлетіп көрермендердi аяғынан тiк тұрғызыпты, – деп мен де ақсақалға «айбат шектiм».
– Сен кешегiнi айтпа, бүгiнгiнi айт. Қазiр бiреуге «кешегi» деп ауыз ашсаң, мұрнын тыржитып шыға келетiн болды ғой. Мен де сондай болдым.
– Әбеке, сiз де қызық екенсiз... Ата-бабасы ғасырлар бойы көшпелi болған қазаққа қанында жоқ, зордың күшiмен болатын кәсiптi қалай күшпен дарытпақсыз? Қанымызда далалық саф, мәрт қасиет бар. Сондықтан кез келген кәсiп пен қасиеттi бiз бойымызға дарыта бермеймiз. Бiлдiңiз бе?
– Сен, кежегеден керi тартпағын! Бұл қазақ аспанға да ұшқан, жердiң астына да түскен. Маған салсаң, жасыңа жетпей қартайма! Өзiңдi әманда сергек сезiн! Сонда қарттық та сенен қашық жүредi.
Жанұзақ АЯЗБЕКОВ
Қостанай
...жақсылығын жеткізеді
Кітап арқылы да баюға болады
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ел болашағы жастардың білім алуына, алдыңғы қатарлы мемлекеттердің озық тәжірибелерін оқу үрдісіне енгізу бағытында атқарылуға тиіс «100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асыру жұмыстары жан-жақты пысықталған болатын.
Аталмыш жоба жастарға тың серпін беретін басым бағыттардың бірі және бірегейіне айналып отыр. Аталмыш жоба әлемдегі таңдаулы оқулықтарды қазақ тіліне аударып, оқу үрдісіне енгізді. Сөйтіп, ең бастысы біраз гуманитарлық бағыттағы оқулықтар қолымызға тиді.
Бұл кітаптардың ішінде бізге жақын философия, дінтану, экономика бағытындағы оқулықтар бүгінгі күннің ең өзекті тақырыптары болып отыр. Атап айтар болсақ, әсіресе «Қазіргі психология тарихы», «Әлеуметтік психология», «Әлеуметтану теориясы, «Тіл біліміне кіріспе», «Құдайтану баяны», «Менеджмент», «Кәсіпкерлік», «Төртінші индустриялық революция» сияқты оқулықтар өз басыма қатты ұнады. Сондай-ақ осы оқулықтардың ішінде «Медиа этика» кітабы авторы Ли Энн Пэк. Бұл кітап еңбекке жарнама, жаңалықтар, қоғамдық қатынастар саласында жұмыс жасайтын мамандарға таптырмас құрал болып отыр.
Аллаберген ҚОНАРБАЕВ
Маңғыстау облысы,
Маңғыстау ауданы
Дзюдошыларымыздың Ташкентте кімдермен күресетіні белгілі болды
Күрес • Бүгін, 22:30
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Бүгін, 22:00
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Бүгін, 21:44
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Бүгін, 21:40
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Бүгін, 21:38
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Бүгін, 21:36
Теннис • Бүгін, 21:34
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Бүгін, 21:15
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Бүгін, 20:45
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Бүгін, 20:30
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Бүгін, 20:09
Алматыдағы автопарктер 400-дей экологиялық автобус сатып алуды жоспарлап отыр
Аймақтар • Бүгін, 19:30
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Бүгін, 18:47
Алматы дәрігерлері қаңтарда 1,77 млрд теңге үстемақы алды
Медицина • Бүгін, 18:36
Қазақстанда 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін ашады
Қазақстан • Бүгін, 18:36
Жаңа басылым – жақсылықтың жаршысы
Руханият • Бүгін, 18:34
Алматыда «Әйелдер маршы» өтеді
Қоғам • Бүгін, 18:30
Еуропада «пандемия салығы» енгізілді
Әлем • Бүгін, 18:26
Семейде қаржы пирамидасының жұмысы әшкереленді
Қоғам • Бүгін, 18:15
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Қоғам • Бүгін, 18:01
Елордалық мектептерде «Анамның күлкісі» атты онлайн-көрме ұйымдастырылды
Қоғам • Бүгін, 17:58
«Жануарларды нөмірлеу»: Қазақстандықтар COVID терминінің мағынасына наразы
Қоғам • Бүгін, 17:47
Президент тапсырмасымен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту үшін жұмыстар жүргізілуде
Қазақстан • Бүгін, 17:47
Асқар Молдағали каратэден Қазақстан командасының бас бапкері болып бекітілді
Спорт • Бүгін, 17:43
Қытайда миллиардерлер саны мыңнан асты
Әлем • Бүгін, 17:38
Бас мүфти: Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы тиіс
Руханият • Бүгін, 17:28
Facebook Тәжікстанға салық төлейтін болды
Әлем • Бүгін, 17:21
Әлеуметтік желілерде ПТР-тестілеу нәтижелері көрсетілген жалған бланкілер таратылуда
Қоғам • Бүгін, 17:20
2020 жылы төлем ұйымдары көрсететін қызметтер көлемі 15%-ға өсті
Қаржы • Бүгін, 17:11
Таиландта коронавирусқа қарсы вакцинация басталды
Әлем • Бүгін, 17:08
Коронавирус гүл арқылы жұға ма?
Коронавирус • Бүгін, 17:08
Елордада туберкулезге қарсы 4 мыңнан астам адам тексерілді
Медицина • Бүгін, 17:02
Пандемия кезінде әлеуметтік жобаларға атсалысқан тұлғалар марапатталды
Аймақтар • Бүгін, 16:56
Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы әуе рейстері қайта ашылады
Қоғам • Бүгін, 16:47
Қоғам қайраткері Болатхан Тайжанды еске алу іс-шарасы өтті
Қоғам • Бүгін, 16:40
Алматыда пәтер ұрылары ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 16:37
Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды
Қоғам • Бүгін, 16:21
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 16:09
Шымкенттік ұстаз 18 жыл бойына олимпиада жүлдегерлерін дайындаған
Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 16:09
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Бүгін, 15:57
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Бүгін, 15:50
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Бүгін, 15:40
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Бүгін, 15:34
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Бүгін, 15:33
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Бүгін, 15:18
Қарағандыдағы көпқабатты үйдің кіреберісінен тастанды нәресте табылды
Қоғам • Бүгін, 15:17
Алматы облысында 30 млн теңгенің жылқысын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:13
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Бүгін, 15:05
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Бүгін, 15:03
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Назарбаев орталығы мен Өзбекстанның Ислам өркениеті орталығы ынтымақтастық меморандумына қол қойды
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Бүгін, 14:55
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Бүгін, 14:50
Алматыда ағылшын тілінен өткен білім сайысы мәреге жетті
Білім • Бүгін, 14:40
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 14:37
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Бүгін, 14:32
Сенатор қандастарға берілетін төлқұжатты Наурыз мерекесінде табыстауды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 14:15
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Бүгін, 14:00
Сенатор кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтергенді жөн санайды
Қоғам • Бүгін, 13:27
«Nissan Primera» көлігі жылқы соқты
Аймақтар • Бүгін, 13:25
Мажарстан инвесторлары Түркістан облысында күн электр стансасын салады
Экология • Бүгін, 12:56
Нұрлан Нығматулин Мәжіліс жанынан партияаралық Қеңес құруды ұсынды
Парламент • Бүгін, 12:53
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары ротацияланады
Білім • Бүгін, 12:46
Түркістан облысының білім беру саласында 29 қылмыстық құқық бұзушылық деректері тіркелген
Аймақтар • Бүгін, 12:36
Елорданың бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Германиядағы локдаун 28 наурызға дейін ұзартылды
Әлем • Бүгін, 12:30
Ұқсас жаңалықтар