Аймақтар • 07 Наурыз, 2019

Автобус жүргізушісі Жанбек Бескенпіров өртті сөндірді

855 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

7-ші автопарктің жүргізушісі Жанбек Бескенпіров жеңіл автокөлік қозғалтқышы жануының алдын алды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

Автобус жүргізушісі Жанбек Бескенпіров өртті сөндірді

«Астана LRT» ЖШС-де белгілі болғандай, ол №2 бағдардың қозғалыс сызбасына сәйкес келе жатқан. Сейфуллин көшесінің бойымен келе жатқан автобусты басқарған жүргізуші автокөліктің жанында қарт адамның өртті өшіре алмай тұрғанын көрген болатын.

«Капот астынан түтін шығып жатқандықтан, қозғалтқыштың жанып жатқаны анық болды. Сол кезде мен әрі қарай не істеу керектігін білдім. Өрт сөндіргіштің көмегімен өрттің алдын алу мүмкін болды. Осыдан кейін ғана жолаушыларға салонға қайта оралдым», – дейді Жанбек Бескенпіров.

Алты жыл автобус жүргізу өтілі бар Жанбек Бескенпіровтың өмірінде осыған ұқсас оқиға бұған дейін де болған екен. Ол Шымкентте тұрғанда жолда орын алған өртті сөндірген болатын. Жүргізушінің жасаған әрекеті назарсыз қалған жоқ.

Оқиға куәгерлері Astana 109 қалалық анықтама қызметіне қоңырау шалып, Жанбек № 2 қалалық бағдардың жүру жолында жеңіл автокөліктің жану оқиғасының алдын алғаны туралы хабарлады. «Астана LRT» ЖШС басшысы Bekmyrza Igenberdinov те Жанбекке өз алғысын білдірді. Автобус паркінің басшылығы жүргізушіге сыйақы берді.