Қазақстан • 07 Наурыз, 2019

Мағбат Спанов Есеп комитетіне қызметке келді

1023 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мағбат Спанов Есеп комитетіндегі республикалық бюджеттің игерілуін бақылайтын «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталықтың» директоры болып тағайындалды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Мағбат Спанов Есеп комитетіне қызметке келді

Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова ұжымға жаңадан тағайындалған орталық директорын таныстырып, оған жоғары жетістіктер мен жұмыста табыс тіледі.

Спанов Мағбат Уарысбекұлы 1964 жылы Барнаулда (Ресей) дүниеге келген. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірген.

Еңбек өтілі: түрлі ғылыми және ғылыми-талдау ұйымдарында, соның ішінде ҚР Ғылым академиясының экономика институтында, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында, Қазақстанның Даму институтында (1989-2010); үш ғылыми журналдың шеф-редакторы - «Транзитная экономика», «Еуразиялық қауымдастық: қоғам, саясат, мәдениет», «Саясат-policy» (1995-2007); Астана бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі (2011-2013).

Халықаралық бизнес университеті жанындағы инновациялық экономика институтының директоры, «Тұран» университетінің профессоры, Уба ҒЗЖ жөніндегі проректор, ОӘБ және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры.

Ғылым саласындағы жоғары жетістіктері үшін «Дарын» Мемлекеттік сыйлығымен марапатталған (1998). Жүзден аса ғылыми жұмыстарды, оның ішінде монографиялар, оқу құралдары, ғылыми мақалалар жариялады.