Аталған кездесуге еліміздің айтыскер ақыны, Оңтүстік Қазақстан облыстық Батырбек Өтеп атындағы дарынды балаларға арналған «Өнер» мектеп-интернатының директоры Маржан Есжанова және халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Түркістан облысы бойынша тоғызқұмалақтан аға жаттықтырушы Камила Көпбаева қонақ болып келді.
Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орайластырылған іс-шараның басты мақсаты – тәрбиеленушілердің анаға деген мейірімін, сүйіспеншілігін арттыру, отаншыл болуға тәрбиелеу және ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Кездесу барысында қонақтар балаларды төл туындыларын таныстырып, айтыс өнерін қалай бастағаны, спорт жолындағы қиындықтар мен жетістіктер туралы ұлағатты әңгімелер айтылып, ашық сұхбат жүргізілді.
Сонымен қатар Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің басшысы, полковник Г.Төлеуішев мәртебелі меймандарға мектептің жеке құрамының атынан алғысын айтып, естелік сыйлықтар мен гүл шоқтарын табыстады.
Кеш соңында мектеп ұландары аналарға арналған өлеңдер оқып, әндер орындады.
Ж.СЕЙДУЛЛА,
Шымкенттегі республикалық «Жас ұлан» мектебінің қызметкері