Аймақтар • 09 Наурыз, 2019

Асхат Житкеев жас дзюдошыларға сәттілік тіледі

842 реткөрсетілді

Алматыдағы «Темір дос» спорт кешенінде Спорттағы дарынды балаларға арналған олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылыған №4 спорт мектебінің түлектері жаттығуда.

Алматы қалалық Спорт басқармасы жуырда айтулы спорт кешенінде болып, осы жерде жаттығатын балғын балуандарға жаңа татамиді сыйға тартты. Сол шараға қатысқан басқарма басшысы Рүстем Байсейітов спортшыларға сәттілік тілеп: «Дзюдо бөлімшесі – қаладағы ең ірілердің бірі. Ол жерде мыңнан аса жас өрендер жаттығады. Қала әкімшілігі олардың еш алаңсыз жаттығуына қолайлы жағдайдың барлығын жасауда. Спорт мектептерінің материалдық және техникалық базасы үнемі жаңаруда. Біз қазақстандық жастардың дені сау әрі күшті-жігерлі болып өскенін қалаймыз», – деп атап өтті. 

Дзюдо күресінің өкілдері Алматы қаласының Спорт басқармасы басшыларына өз алғыстарын білдірді. Бапкер Иса Акбергенов: «Дзюдоның жастарға беретіні көп. Бірінші кезекте, ол – тәртіп, сыйластық, этикет, даму және денсаулық. Спортшылар үшін қолайлы жағдай жасалса, олардың көрсеткіштері де жақсарады», – деп тіл қатты.

Осы жиында сөз алған бапкер Жана Желеубаева өз ойын былай деп түйді: «Жаңа татамилер – жастар үшін өте ыңғайлы әрі қолайлы. Біздің залда көп ұлдар мен қыздар жаттығады. Тек менің өзімде ғана 20 бала даярлануда. Баршамызға осындай қамқорлық көрсеткен әкімшілікке дән ризамыз».

 Дзюдо федерациясының вице-президенті Достан Жандарбаев: «Спорт басқарамасы біздер үшін қолайлы жағдайдың барлығын жасауда. Осы жерде жаттығатын жас өрендер келешекте Асхат Житкеев секілді биік белестерді бағындыруды мақсат тұтуда. Биыл Алматыда кадеттер арасындағы әлем біріншілігі ұйымдастырылады. Сол жарыста біздің дзюдошылар өз жанкүйерлерін жерге қаратпайды деп ойлаймыз», – деп ақтарыла сөйледі.

Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Асхат Житкеев те сөз алып, «Алматылықтар дзюдоны жақсы көреді. Осы татамиден жаңа чемпиондардың шығуына тілектеспін», – деп тебірене сөйледі.

 Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

 «Egemen Qazaqstan»

Соңғы жаңалықтар

Негізгі ұғымдар жүйеленеді

Саясат • Бүгін, 08:43

Тиімді диологқа жол ашады

Саясат • Бүгін, 08:37

Қоғам мүддесін ойлаған құжат

Саясат • Бүгін, 08:33

Жарысты 8 жүлдемен аяқтады

Спорт • Бүгін, 08:29

Ақпанның бораны ашулы

Аймақтар • Бүгін, 08:26

Өткен ғасыр өрнегі

Таным • Бүгін, 08:25

Үшінші рет финалда жеңілді

Теннис • Бүгін, 08:24

Сөз сойыл №89

Руханият • Бүгін, 08:02

10 жыл субсидияланған саланың жыры

Экономика • Бүгін, 07:53

Жемістен чипс жасайды

Аймақтар • Бүгін, 07:52

Сөздің құны мен құдіреті

Руханият • Бүгін, 07:46

Бағаны ауыздықтаудың амалы

Үкімет • Бүгін, 07:44

Мақамы мәшһүр Маңғыстау

Аймақтар • Бүгін, 07:26

Саят атының сыны мен бабы

Қоғам • Бүгін, 07:23

Қаламы семсер серке еді

Таным • Бүгін, 07:20

Өзі де, сөзі де сұлу

Руханият • Бүгін, 07:15

Ана тілі – арың бұл...

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар