Boeing 737 жолаушылар ұшағы Аддис-Абебадан Найробиге ұшып шыққаннан кейін бірнеше минуттан соң радар экранынан жоғалып кетті. Кейіннен авиакомпания ұшақтың құлауынан ешкім аман қалмағанын растады.
Қайғылы оқиғаның себептерін арнайы құрылған комиссия анықтауда.
Эфиопияның премьер-министрі Абий Ахмед Али ұшақ апатынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Олар үшін әуежайға жақын орналасқан қонақ үйлердің бірінде психологиялық көмек орталығы құрылды.
Осы модельдің ұшағы қазан айында Индонезияда да құлаған еді.
БҰҰ жаңалықтарына сәйкес, мерт болғандар арасында БҰҰ жүйесі мекемелерінің 19 қызметкері, соның ішінде Халықаралық көші-қон ұйымдары, Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы, БҰҰ босқындар ісі жөніндегі басқармасы, БҰҰ қоршаған орта бағдарламасы және Дүниежүзілік Банк қызметкері болған.