Аймақтар • 13 Наурыз, 2019

Жас саяхатшылар бас қосты

649 реткөрсетілді

Елбасының Жарлығымен биылғы жылдың «Жастар жылы» деп жарияланғаны белгілі. Туризм саласындағы жастардың үлесін арттыру мақсатында Жамбыл облыстық туризм басқармасының ұйымдастыруымен Тараз қаласында алғаш рет «Тараз жеріне тағзым» атты жас туристер фестивалі өтті. Үш күнге созылған туризм фестиваліне Жамбыл, Алматы және Түркістан облыстарынан, сондай-ақ  Алматы, Шымкент қалаларынан 14-18 жас аралығындағы 800-ге жуық оқушы қатысты.

Фестивальдің алғашқы күні келушілерге арнайы экскур­сиялық тур ұйым­дастырылды. Аталған шара облыс орталы­ғындағы «Көне Тараз» тари­хи-мәдени кешенінен бастау алып, қатысушылар екі мың жылдық тарихы бар көне Тараз қаласының тарихымен таныс­ты. Бұдан кейін Әулиеата же­ріне арнайы келген озат оқу­­шылар саяхат барысын­да Қарахан, Тектұрмас, Дәуіт­бек кесенелерімен қатар, «Қа­зақ хандығына 550 жыл» ескерт­­кішімен және қайта жаңғырған «Жеңіс» саябағында да болды. Фестивальдің бір ерекшелігі, оқ­у­шылар үшін әр нысан ба­сында викториналық ойын­дар ұйымдастырылып, жеңім­паздарға арнайы сый­лықтар табысталды.

Ал, «Тараз жеріне тағзым» жастар фестивалінің үшінші кү­ні «Достық» үйіндегі ғы­лы­ми-тәжірибелік конференция­мен жалғасты. Мұнда тарихшылар мен туристік компания өкілдері қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап берді. Сонымен қатар жас­тар туризмін дамыту мәселелері жөнінде де сөз болды.

Фестивальдің қорытынды бөлімінде оқушылар арасын­да сурет және қолөнер жұмыс­та­рының көрмесі ұйым­дас­тырылып, «Жас суретші», «Жас ұста» сайыстарының да қо­ры­тындысы шығарылды. Же­ңімпаздар арнайы диплом мен бағалы сыйлықтарға ие болды. «Шараның мақсаты – Елбасының 2019 жылды «Жастар жылы» деп жа­рия­ла­уы­на орай, алдымен туризм саласындағы жас­тар­дың үле­сін арттыру. Жас­тар ту­ризмін дамыту және олар­ға елі­міз бен өңірдің бұл сала­дағы әлеуетін таныту әрі ақ­парат­тандыру. Балалар мен жас­­тардың патриоттық сезімін тәр­биелеу. Сонымен қатар ту­ристік-өлкетану жұмыстарын жан­дандыру арқылы саламатты өмір салтын насихаттау», дейді Жамбыл облыстық туризм басқармасының басшысы Қарлығаш Аралбекова.

Хамит ЕСАМАН, 

«Egemen Qazagstan»

Жамбыл облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Рамазан айы 6 мамырда басталады

Қазақстан • Бүгін, 15:10

Жайбарақаттық жарға жықты

Қоғам • Бүгін, 10:34

Екі тал үкі

Бүгін, 10:26

Жастар театрының сәтті сапары

Руханият • Бүгін, 10:20

Áke kerek... uldarǵa

Қоғам • Бүгін, 10:10

Трансплантолог

Медицина • Бүгін, 09:54

Елбасы шешімін жоғары бағалады

Президент • Бүгін, 09:45

Ұқсас жаңалықтар