«Павловния ағашы әлемдегі ең жылдам өсетін ағаш деп айтуға болады. Жылына 4-6 мертге дейін өссе, ал бойы 25 метрге дейін жетеді. 6 апта гүлдеп тұрады. Еуропа елдерінде жихаз жасауға осы ағашты қолданады. Одан бөлек, қайық, шаңғы, тенис рокеткасын, музыкалық аспап тағы басқа да бұйымдар дайындауға да таптырмайтын дүние. Бұл ағашта көз болмайды. Өте иілгіш келеді. Бастапқыда адамдар мұндайға сеніңкіремей қараған. Қазір жан-жақты көз жеткізіп, көшеттерін алып көбейтуді ойластыруда. Түсінген адамға мұның пайдасы ұшан-теңіз», – деді Балтабай Құрбанбаев.
Кәсіпкердің сөзінше, оңтүстіктің климаты павловния ағашын өсіруге өте қолайлы. Күтімі жақсы болса, 3 жылдан кейін ағашты қажетке жарата беруге болады.