Қазақстан • 14 Наурыз, 2019

Регби-7: Қазақстан командасының әлемдік сериядағы қарсыластары анықталды

1067 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Регбиден Қазақстан әйелдер командасының әлемдік серияға іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Регби-7: Қазақстан командасының әлемдік сериядағы қарсыластары анықталды

Әлемдік серияға іріктеу сыны 4-5 сәуір күндері Гонконгта өткізіледі. Жарысқа жалпы есебі 12 команда қатысады.

Топтық кезең қорытындысы бойынша 8 үздік команда плей-офф кезеңіне жолдама алмақшы. 

Қазақстан Бразилия, Аргентина және Польша құрамаларымен бірге С тобында бақ сынайды. Турнир жеңімпазы регби-7 бойынша өтетін әлемдік серияның келесі маусымына еш іріктеусіз қатысатынын еске саламыз.

Регби-7 спортынан Қазақстан әйелдер командасы бұл күндері Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.