Аймақтар • 14 Наурыз, 2019

Көкшетауда жаңа мешіт салынады

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығындағы Жақия қажы мешітінің іргетасы қаланғанына бір ғасырдан асты. Ағаштан тұрғызылған мешіттің сыны кетсе де, сыры кетпегені анық. Әйтсе де уақыт өткен сайын ескіріп, бірде іргесі сөгіліп, енді бірде мұнарасы сыр беріп жатқаны жасырын емес.

Көкшетауда жаңа мешіт салынады

Жуырда осы ғимарат жанына жаңа мешіт тұрғызылатыны жөнінде жылы хабар тарады. Осыған орай, облыс имамы Қуаныш Сəбит мешіттің имамдары мен ақылдастар алқасын жинап, жаңа мешіт туралы пікірлесті. Басқосуға арнайы қатысқан тарихи ескерткіштерді қорғау мекемесінің өкілдері Жақия қажы мешіті «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жергілікті тарихи мұраларды қорғау тізіміне кіргенін айтты. Енді арнайы сараптама жүргізілгесін ғана бұл ғимараттың одан əрі пайдалану жағдайы анықталмақшы. Бірақ, жиынға қатысушылар мешіттің тарихи маңызын ескеріп, оны болашақта музей ретінде пайдалануға болады деген ұйғарымға келді. Ал, мешіт аумағындағы жердің кеңдігі ескеріліп, жаңа мешіт салуға шешім қабылданды. Көкшетау қаласындағы «Алуа строй» кəсіпорны салмақшы. Бұл бастаманы ел ақсақалдары мен зиялы қауым өкілдері қолдап отыр.

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Egemen Qazaqstan»

Ақмола облысы.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше