Исламист-үміткер – Мысыр президенті
Сейсенбі, 26 маусым 2012 7:51
Өткен жексенбі күні Египеттің орталық сайлау комиссиясы елдегі сайлаудың екінші турында сайлаушылардың 52 пайыздан астамы дауысын берген Мохаммед Мурсидің жеңіске жеткенін хабарлады. Ал оның қарсыласы, бұрынғы премьер-министр Ахмед Шафик 48 пайыз дауыс алды. Сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келу көрсеткіші 51,8 пайызды құрады. Ел үшін тағдыршешті кезеңде сайлау учаскелеріне дауыс берушілердің жартысынан сәл астамы ғана келуі осыншама уақытқа созылған дағдарысты кезең көпшілікке соншалықты әсер ете қоймағандай көрінеді.

Египеттің жаңа президенті сайланғаннан кейінгі сөйлеген өзінің алғашқы сөзінде бүкіл мысырлықтардың президенті болатынын мәлімдеді. Сондай-ақ ол өз елінің бұған дейін қабылдаған халықаралық келісімдерінен бас тартпайтынын атап көрсетті. Сонымен қатар, отандастарын ұлттық бірлікті нығайтуға шақырып, қалыптасқан күрделі жағдайдан осы бірліктің ғана көмегімен шығуға болатынын жеткізді.
Мурси сайлауға «Мұсылман бауырлар» қозғалысынан және сайлауға ілгерілетілген исламдық Бостандық және әділеттілік партиясынан түскен болатын. Аталған партия «Мұсылман бауырлар» қозғалысының саяси қанаты болып саналады.
Исламистер Мурсидің жеңісін қуана қабылдады. Газа секторының көшелерінде тұрғындар аспанға оқ атып, өткен-кеткенге кәмпиттер таратты. Палестинаның ХАМАС қозғалысының өкілдері мысырлықтар президентті тек өздеріне ғана емес, сондай-ақ араб және ислам халықтарына сайлағанын жария етті. Иран сыртқы істер министрлігі өзінің ресми мәлімдемесінде «Мысыр халқының революциялық қозғалысы Таяу Шығыс пен Исламды ұйқыдан ояту жаңа дәуірі дамуының соңғы кезеңінде тұрғанын» атап өтті.
Осы аралықта басқа Таяу Шығыс мемлекеттері мен Батыс Мурсидің президент болып сайлануына ұстамды көзқарас танытты. Мәселен, Сауд Арабиясының билігі исламист-үміткердің жеңісіне ешқандай түсінік бермесе, Біріккен Араб Әмірліктері Мысыр халқының таңдауына құрметпен қарайтындарын мәлімдеумен ғана шектелді.
АҚШ Египеттің жаңа президентін жаңа үкімет жасақтауда барлық партиялармен және қоғамдық қозғалыстармен күш біріктіре жұмыс істеуге шақырып, елдің дүние жүзі мен өңірдегі салмақты рөлін сақтап қалуға шақырды. Ұлыбритания сыртқы істер министрлігі жаңа үкіметті Египет қоғамының жекелеген топтары арасында тығыз байланыс орнатып, адам құқығын сақтауды қамтамасыз етуге шақырды. Еуроодақтың басқа мемлекеттерінің үні де осыған ұқсас шықты.
Түркия жаңа президентке оның алдында айтарлықтай сынақтар күтіп тұр деп ескертсе, Израиль Мурсидің жеңісіне құрметпен қарайтынын атап көрсетіп, оны Египеттің тағынан тайдырылған президенті Хосни Мүбәрак 33 жыл бойы сақтап келген бейбіт уағдаластықтардан бас тартпауға шақырды.