Аймақтар • 15 Наурыз, 2019

Шымкентте құрылыс және энергетика саласындағы жабдықтар көрмесі өтті

790 реткөрсетілді

 Шымкентте отандық өнімдерге басымдық берілген  құрылыс және энергетика саласындағы жабдықтар көрмесі өтті.

Аталған көрме павильонында энергетика саласындағы заманауи құрал-жабдықтар жұрт назарына ұсынылды. Құрылысы қарқын алған Түркістан және Шымкент қалалалары үшін мол мүмкіндікті ұсынған шараға келген құрылыс саласының өкілдері өздеріне қажетті заманауи технологиялармен танысты.

Тіпті, көрмеге басқа облыс-қалалардан келген сала өкілдерінің де қарасы көп. Солардың бірі алматылық зауыттың өкілі Қадырхан Раимбаев.  Жергілікті «Ақ Орда», «Базис А» компаниясы арқылы су, газ жүйелерінің құрылысы бойынша қала-облыспен жұмыс істеп келе жатқандығын айтып, көрмеден өздеріне қажетті дүниені көптеп кездестіргендігін жеткізді.

Дәстүрге айналған көрмеге қырыққа жуық компания өкілдері өз өнімдерін ұсынған. Көрме барысында іскерлік байланысты арттыруды көздеген өнім өндірушілер жаңа дүниелерін сату туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Архитекторлық жобасы тың нысанды салуға қажетті құрылыс бұйымдарын Ресей мен Қырғызстан, Өзбекстан және Испания елдерінің өндірушілері де ұсынған.

Нұршат ТӨКЕН,

«Egemen Qazaqstan»

Шымкент

Соңғы жаңалықтар

Жаңа заң жағдайды жақсартады

Руханият • Бүгін, 07:37

«Жасыл» жобаларға жол ашық

Қаржы • Бүгін, 07:21

30 млн тоннаға жуық мұнай өндірді

Экономика • Бүгін, 07:18

«Сыпайы жүр де, шаруа ойла»

Руханият • Бүгін, 07:13

Театр жылынан не күтеміз?

Өнер • Бүгін, 07:08

Электр қуаты қымбаттайды

Қоғам • Бүгін, 07:06

Автобус аз, жол ұзақ

Қоғам • Бүгін, 07:02

Қаламгер қолтаңбасы

Таным • Бүгін, 06:58

Басылым басшылары - Ұзақ БАҒАЕВ (1930-1973)

Басылым басшылары • Кеше

Ұқсас жаңалықтар