Қазақстан • 15 Наурыз, 2019

Халық саны 18 415,5 мың адамды құрады

1582 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Халық саны 18 415,5 мың адамды құрады

2019 жылғы 1 ақпанда еліміздегі халық саны 18 415,5 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 10 709,4  мың (58,2%), ауылдықтар –7 706,1 мың адамды (41,8%) құрады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2018 жылғы 1 ақпанмен салыстырғанда халық саны 237,9 мың адамға немесе 1,3% өсті.  Ең көп жалпы өсім Шымкент (56,6 мың адам), Алматы (51,6 мың адам) және Астана (46,7  мың адам) қалаларында қалыптасты.