Салтанатты рәсімде ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы мен «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры, доктор, префессор Мухаммад аш-Шаххат Абдулхамид ал-Жинди өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды. «Өңірді білікті діни мамандармен қамту, Жастар жылының аясында жас мамандарды Өскемен аймағына қызметке тарту, аудан, ауыл имамдарының білімін жетілдіру бағытында бірлесе қызмет атқару, болашақта бірлескен дайындық бөлімін ашу қатарлы мақсаттарды жүзеге асыру бағытында осы құжатқа қол қойылды» дейді ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы.
Салтанатты рәсімге Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің іс басқарушы Берік Кәдіров және «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің хатшысы, ұстаз Рахымжан Әкімбеков қатысты. Меморандум алмасу барысында екі тарап алдағы уақытта ынтымақтастық аясында уағдаласқан шараларды жүзеге асыру тетіктері жайында келісті.
Азамат ҚАСЫМ,
Egemen Qazaqstan»
ӨСКЕМЕН