Қазақстан • 20 Наурыз, 2019

Түркі әлеміне үлгі болмақ - Хаджи Ахмет Шимшек

1063 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше ай бұрын елдің Конституциялық кеңесіне Президент өкілеттілігінен бас тартудың құқықтық негізі жайында сауал жолдаған болатын. Сол кезде «Президент қызметінен кетпек пе?» деген сұрақ туындаған еді. Кейін Конституциялық кеңес Президентке ресми жауап берді. Енді, міне, Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаевқа заңнамаға сәйкес ел бақсару өкілеттігін тапсырып, қызметінен кеткен жайы бар.

Түркі әлеміне үлгі болмақ - Хаджи Ахмет Шимшек

Н.Назарбаев 30 жылға жуық ел басқарды. Ол өкілеттілігін көзі тірісінде тоқтатқан алғашқы мемлекет басшысы ретінде Түркі әлеміне үлгі болып отыр. Сондықтан Н.Назарбаевтың шешімін мәртебелі қадам ретінде бағалаймын. Шамасы, Қазақстан басшысы өмірдегі ықтимал жағдайлардың алдын алуды көздеген тәрізді. Мемлекет басшысы аяқасты өз қызметін атқара алмай қалар болса,  елде дүрбелең тууы мүмкін еді. Өйткені, Қазақстан - өте үлкен мемлекет. Ресеймен 7 мың  шақырымдық шекарасы бар әрі жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында тұр. Ұлы Түркістан аймағындағы ең үлкен әрі күллі түркінің көзінің қарашығындай ел.

Қазақ көшбасшысы мемлекет басқару міндетін бірте-бірте Парламентке өткізуді қалайтын сияқты. Сондықтан Н.Назарбаевтың өкілеттігін тоқтатуынан қорқатын ештеңе жоқ. Денсаулығы жақсы кезде орнын басар тұлғаны халқына таныстыруды көздесе керек. Бірақ ел ісінен мүлдем жырақ қалады деп ойламаймын.  Өйткені, ол – мемлекет құрушы Президент. Демек, Көшбасшы ретінде халқына адал қызмет ете берері анық.

Хаджи Ахмет ШИМШЕК,

Селчук университетінің профессоры, Түркия