Қазақстан • 24 Наурыз, 2019

Trend: Назарбаев – қазақ ұлтының батыры

1076 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әзербайжандық Тrend.az интернет-ресурсы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Президенттік Өкілеттігін тоқтатуына қатысты пікір білдірді.

Trend: Назарбаев – қазақ ұлтының батыры

«Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті болып қана қоймай, КСРО-ның күрделі кезеңінде көшбасшылық етіп, тәуелсіз мемлекетті қалыптастыра алды. Ол кезеңде жоғары лауазымға Қазақстанның ұлттық ерекшелігін білмейтін адамды тағайындағанда, намысшыл қазақтар бүкіл коммунистік билікке қарсы тұрар еді» деп жазды Тrend.az.

Сондай-ақ жазбада Горбачев кезеңіндегі қиын заманда Қазақстанның басы-қасында батыл басшы болғаны айтылады.

«Кеңестік республикаларға көп қиындық әкелген Горбачевтің тауқыметі табиғи ресурстарға бай Қазақстанға да қауіп төндірген еді. Алайда, бұл кезеңде Нұрсұлтан Назарбаев республика басшылығын қолына алып, қазақтардың айы оңынан туды. Осы мезетте-ақ Қазақстанның тізгіні парасатты, бітімгер Президентке бұйырғаны айқын еді. КСРО ыдыраған заманда Қазақстанды хаостан құтқарып қалу Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан келді» делінген Тrend.az жариялаған жазбада.