2019 жылғы 1-2 сәуір аралығында Лиссабонда Қазақстан және Португалия Сыртқы істер министрліктері арасындағы кезекті саяси консультациялар өтті.
Кездесу барысында тараптар саяси, сауда - экономикалық және мәдени - гуманитарлық салалардағы қазақстандық - португалдық ынтымақтастықтың бүгіні мен ертеңін талқылап, соңғы жылдардағы өзара ықпалдастықтың оң динамикасын атап өтті.
Бұдан өзге, өзекті халықаралық мәселелер бойынша терең пікір алмасу Қазақстан мен Португалияның ұстанымдарының ұқсастығын анықтады. Атап айтқанда, олар Ауғанстанды тұрақтандыруға және жанжалды жағдайларды шешуге жәрдем көрсету жөніндегі күш-жігерді үйлестіру бойынша пікір алмасты.
Тараптар ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Орталық Азиядағы және жаһандық ауқымдағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға қосқан ерекше тарихи үлесін атап өтті.
Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді тиімді іске асыруға, сондай ақ тараптардың Орталық Азия – Еуропалық Одақ форматындағы өзара іс-қимылына негізгі назар аударылды.
Португалия СІМ-нің Бас директоры Лиссабонның елімізге халықаралық аренада одан әрі қолдауын көрсетуге әзірлігін білдірді.
Келіссөздердің маңызды тақырыбы экономикалық дипломатия аясындағы ынтымақтастықты жандандыру болды. Делегация басшылары көліктік - транзиттік салада «Белдеу және жол» бастамасы аясында үйлестіруді күшейтуге, ЖЭК, АКТ, инновация мен инженерлік, жеңіл өнер кәсіп және туризм секілді әлеуетті бағыттар бойынша өзара іс қимылды кеңейту бойынша шараларды белсендіруге келісті. Осы мақсатта жаңа салалық келісімдерді жасасу арқылы келісімдік құқықтық базаны одан әрі кеңейту әлеуеті пысықталды. Сауда экономикалық өзара іс-қимылды белсендіру үшін экономикалық, сауда және техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкімет аралық келісімдерді жасасу жөніндегі жұмысты жеделдетуге қол жеткізілді, ол маңызды институционалды құралды - үкіметаралық комиссия құруды көздейді.
Сонымен қатар, екі елдің іскер топтары арасында ынтымақтастықты терендетуге және өзара тиімді және бәсекеге қабілетті жобаларды іздеуге ықпалдасатын инвестициялық бизнес форум өткізуге тараптардың қызығушылығы атап өтілді.
Сапар барысында Португалия тарапынан 50-ге жуық қатысушыларды жинаған Қазақстанның инвестициялық ахуалы мен экономикалық дамуы туралы презентация өтті, сондай-ақ Португалияның бизнес қоғамдастық өкілдерімен, атап айтқанда «AICEP» сыртқы байланыстар жөніндегі Агенттіктің Жауапты директоры Антонио Сильва, Португалия Өнеркәсіпшілер қауымдастығының президенті Жорше Паиш және секілді бірқатар ірі, шағын және орта кәсіпорындардың басшылары Partex Oil and Gaz Group, EFACEC, Novobase, ISQ Global, TCPI, Micotec, NOV, SMP, MPG кездесулер өтті.
B2G форматында португалдық компаниялардың Қазақстанда әлеуетті инвестициялық жобаларға қатысу мәселелері талқыланды.
Консультациялар барысында білім және мәдениет саласында оның ішінде қазақстандық университеттер негізінде португал тілі курс тарын ұйымдастыруғв үлкен назар аударылды. Аталған курстар тек тілді меңгеруді ғана емес, кино апталығы, ән және сазды кештер, көрме, португалдық авторларды қазақ тіліне аударуды жәрдемдесу және ұйымдастыру секілді бірқатар мәдени іс шараларды ұйымдастыруды қамтиды.
Сапар соңында Р.Василенко Португалияның «Diario de Noticias» жаңалықтар агенттігіне қазақстандық португалдық ынтымақтастықты дамытудың бүгіні мен ертеңі туралы айтып сұхбат берді.
2005 жылдан 2018 жылғы III тоқсан аралығында Португалиядан ҚР-ға инвестициялардың келуі 251 млн. Доллар құрады. 2018 жылғы сауда айналымы 398,4 млн. долл. Бірқатар португалдық компаниялар Қазақстанда ақпараттық технология, құрылыс, архитектуралық жоспарлау, көрме қызметі, кеңсе жиһазын әзірлеу мен жеткізу секілді салаларда қызмет етеді.