Бұл туралы қала әкімдігінің жанынан құрылған Экспорт жөніндегі кеңестің алғашқы отырысында Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов айтып өтті. Аталған кеңесте экспортты қолдау инструменттері, экспорттаушыларды қолдау бағдарламасы, сонымен қатар, қала аумағында орналасқан экспортаушылардың проблемалық мәселелері талқыланды.
Аталған жобаның негізгі мақсаты қаланың экспортын дамыту және алға жылжыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады. Сонымен қатар, Кеңесте Елбасының «шикізаттық емес экспорт көлемін арттыру бойынша» тапсырмасына ерекше көңіл бөлінетін болады.
Айта
кетейік, 2018 жылдың қорытындысымен қаланың сыртқы сауда айналымы 903,1 млн АҚШ
долларын құраған. Оның ішінде импорт – 568,5 млнАҚШ доллар, экспорт – 334,6
млн АҚШ долларын құрады.