13 Наурыз, 2012

Заң, мемлекет және еркіндік

1274 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

Заң, мемлекет және еркіндік

Сейсенбі, 13 наурыз 2012 8:10

Құқықтық мемлекет құрудың және тұлға ер­кін­дігін қамтамасыз етудің бірден-бір бастауы – конс­титуциялық заңдылықты қамта­ма­сыз ету маңыз­ды мемлекеттік міндет болып табылады. Заңды­лық – бұл бүкіл қоғам мен мемлекет өмірінің іргетасы әрі қа­лып­ты қызмет істеуінің ажырамас шарты. Президент Н.Назарбаев: «Қоғамды жаңғырту және демократияландыру жолындағы міндеттерді шешу елі­міз­дің Конс­титуциясы мен заңдарын қатаң бас­шы­лыққа ала отырып қамта­масыз етілуге тиіс. Заңға бой­­ұсы­ну­ды санамызға сіңіру қоғамның басты мін­деттерінің бірі болып қалады…», – деп бірнеше рет атаған болатын.

 

Сейсенбі, 13 наурыз 2012 8:10

Құқықтық мемлекет құрудың және тұлға ер­кін­дігін қамтамасыз етудің бірден-бір бастауы – конс­титуциялық заңдылықты қамта­ма­сыз ету маңыз­ды мемлекеттік міндет болып табылады. Заңды­лық – бұл бүкіл қоғам мен мемлекет өмірінің іргетасы әрі қа­лып­ты қызмет істеуінің ажырамас шарты. Президент Н.Назарбаев: «Қоғамды жаңғырту және демократияландыру жолындағы міндеттерді шешу елі­міз­дің Конс­титуциясы мен заңдарын қатаң бас­шы­лыққа ала отырып қамта­масыз етілуге тиіс. Заңға бой­­ұсы­ну­ды санамызға сіңіру қоғамның басты мін­деттерінің бірі болып қалады…», – деп бірнеше рет атаған болатын.

Ал осы орайда Конститу­ция­лық заңдылықты қамтамасыз ету және Конституцияны уақыт талабына сәйкестендіру жолында Ата Заңның үс­темдігін, тікелей қол­да­нылуын және қорғалуын қам­та­масыз етіп отырған Конс­ти­ту­циялық Кеңеске маңызды рөл беріледі. Өзі қызмет атқарып оты­рған уақыт ішінде, мемлекетіміз ұстанған тұлға ер­кіндігінің кепіл­діктерін нығайту, саяси өмірді қарыштап дамыту бағытында ол 140-тан астам нормативтік қаулы шы­ғарып, Парламентке 15 жолдау жіберді.

Республикадағы конституция­лық заңдылықтың жай-күйі туралы өзінің алғашқы жолдау­лары­ның бірінде Конституциялық Ке­ңес атап өткендей, Конс­ти­туция­ның қызмет атқаруы қоғамдағы конс­ти­ту­циялық заңдылық ре­жі­мін қамтамасыз етеді. Бұл саяси-құқықтық режім қоғам өмірінің барлық субъектілерінен консти­ту­циялық нормаларды қатаң және бұлжытпай сақтауды және орындауды талап етеді. Конституция мен заңдарды орындау – бұл өмір­дің қажетті әрі тұрақты ережесі, ал заңдарды Конституцияға сәй­кес­тендіру – конституциялық заң­­дылық сақталуын қамтамасыз етудегі маңызды қадам.

Негізгі Заңның 74-бабына сай Конституциялық Кеңес ел Конс­титуцияға сәйкес емес деп тапқан заң­дар мен халықаралық шарт­тар­ға қол қойыл­майды немесе тиі­сінше бекітілмейді және күшіне енгізілмейді. Конституциялық Ке­ңес адамның және азаматтың Конституцияда баянды етілген құқық­тары мен бос­тандықтарына нұқсан келтіреді деп тапқан заң­дар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілердің күші жойылады және қолданылуға жатпайды. Консти­ту­цияның 78-бабына сәйкес «сот­тардың Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құ­қық­тары мен бос­тандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен өзге де нормативтік- құқықтық актілерді қол­дануға хақысы жоқ. Егер сот қолда­ны­лу­ға тиісті заң немесе өзге де нор­мативтік-құқықтық акт Конституциямен баянды етілген адамның және азамат­тың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келті­реді деп тапса, іс жүргізуді тоқ­та­та тұруға және осы актіні конс­титуциялық емес деп тану туралы ұсы­ныспен Конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті. Аза­мат­тардың және олардың қоғам­дық бірлес­тік­тері­нің Конституция мен заңдарды сақтауға, «өзге адамдардың құқықтарын, бостан­дық­тарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге» міндет­ті­лігі Конституцияның 34-бабында бекітілген консти­ту­ция­лық заң­ды­лық талаптары арасында ең маңыз­дыларының бірі болып табылады. Конституция мем­ле­кеттік ор­гандардың қызметіне де осындай талаптар қояды. Мәселен, Негізгі Заңның 62-бабы­ның 7-тар­ма­ғын­да және 69-бабының 3-тар­ма­ғы­н­да: «Рес­пуб­лика­ның заңдары, Пар­ламент пен оның Палата­лары­ның қаулылары Конс­ти­ту­ция­ға қайшы келмеуге тиіс…», сондай-ақ «Үкіметтің қаулылары және Премьер-Министрдің өкім­дері Конститу­ция­ға, заң акті­лері­не, Республика Президентінің жар­лықтары мен өкім­деріне қайшы келмеуге тиіс», – деп белгіленген.

Бұдан да маңыздысы, Конституция жеке тұлға­ның құ­қықтары табиғи жолмен пайда бола­тын­дығы туралы доктринаны қабылдап, заңдар және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы адам құқықтары мен бостан­дық­тарына қарай анықталады деп бекітті. Бұл консти­туциялық новелла ха­лықаралық деңгейде танылған адам құқықтары саласындағы не­гізгі қағидаттардың бірі – жалпы адами құндылықтардың және тұлға еркіндігінің мемлекет ал­ды­ндағы басымдығын ал­ғаш рет жүзеге асырды. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1948 жылғы 10 же­­л­тоқсанда қабылдаған Адам құ­қық­тарының жалпыға ортақ дек­ларациясының және тұлға еркін­дігі туралы өзге де маңызды ха­лық­ара­лық құқық актілерінің бар­лық ережелері Қазақ­станның қол­да­ныс­тағы Конституциясында баянды етілген.

Конституциялық Кеңестің бір­­қатар нормативтік қаулы­ларын­да тұлға еркіндігінің конс­ти­ту­ция­лық өлшемдері айқын­дал­ған. Өзі­нің алғашқы қаулы­лары­ның бі­рін­де (1996 жылғы 28 қазандағы № 6/2) Конс­титу­ция­лық Кеңес, адам құқықтары мен бостан­дық­тарының тізбесіне мем­лекет Республика Конс­титу­ция­сы­ның жә­не соған сәйкес келетiн басқа да нор­мативтiк-құқықтық актi­лердiң нормаларымен белгi­леген шекте кепiлдiк бередi. Адамның аталған құқықтары мен бостандықтарын абсолюттi деп тану олардың ел ау­мағында тұратын әр адамға, оның Рес­пуб­лика азаматы болуы-бол­мауына қарамастан, қол­даны­лады де­гендi бiлдiредi. Конституция бел­гi­леген құқық­тар пен бос­тандық­тардан адамды ешкiм, соның iшi­н­де мемлекет те, Конституция мен соның негiзiнде қабыл­данған заң­дарда көздел­геннен басқа жағ­дай­ларда, айыра алмайды.

 Негiзгi Заңда адамның, оның құқықтары мен бостан­дық­тары­ның ең қымбат қазына деп танылуы, конституциялық түрде ұйым­дасқан қоғамның не­гiзiн құрай­тын және әркiмге өзiн-өзi қалай ұс­тауын заң шеңберiнде таң­дауы­на заңды түрде та­ныл­ған және мемлекет қор­ғайтын мүм­кiн­дiк беретiн конс­т­ту­циялық құры­лыс­тың тү­бегейлi қағидаты болып табылады. Конститу­ция­ның «Адам және азамат» деп аталатын II бөлi­мiнде баянды етiлген адам­ның және азаматтың негiзгi құқық­тары мен бос­тан­дықтары, солар­дың iшiнде құқық субъек­тiсi ретiнде танылу құқығы, өмiр сүру құ­қы­ғы, жеке басының бос­тан­дығына құқығы, қадiр-қасие­тi­не қол сұғылмауына құқығы, сөз еркiндiгi және бас­қалары, әр­кiмге тумасынан жазылған, олар абсолют­тi деп танылады және олардан ешкiм айыра алмайды, ал бірқатар құ­қық­тар мен бостан­дықтар, оның үстiне, – ешбiр жағ­дай­да да шектелмейтін құ­қық­тар болып табылады.

Елбасы мақұлдаған 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұ­жы­рымдамасының талаптарын іске асыру Респуб­ликадағы конс­ти­ту­циялық заңдылықты нығайту­да маңызды орын алады. Тұжы­рым­дамада атап көр­сетілгендей, Конституция мемлекеттің заң­на­ма­лық, ұйымдастырушылық және бас­қа да шараларымен жүзеге асуы тиіс құқықтық идеялары мен қағидат­тарын одан әрі іске асыру ұлттық құқықты дамы­ту­дың негіз­гі бағыттарының бірі болып табылады. Осыған орай мемле­кет­тік және қоғамдық инсти­тут­тар­дың күш-жігері елдің Негізгі Заңының барлық конститу­ция­лық айқындамаларда қамтылған жасампаз әлеуетінің жүзеге асырылуы төңірегінде шо­ғыр­лануы тиіс. Заңнаманы жетілдіру үдері­сін­де және құқық қолдану қыз­меті барысында Консти­туцияның үстемдік қағидатын және тө­менгі деңгей­дегі актілердің жоға­ры деңгейдегі актілердің нормаларына сәйкестігін бұлжытпай сақтау қажет.

Тұжырымдамада, сонымен қатар, конститу­ция­лық заңдылық режімін, Конститу­цияның қағи­дат­тары мен нормаларын нақты түсіндіру, ұлттық құқық пен құқық қолдану тәжірибесін дамыту бағ­дарын қалып­тастыруды қам­тама­сыз етудің маңыз­ды тетіктерінің бірі – Конституциялық Кеңес қыз­метінің тиімділігін арттыру және мемлекеттің құқық­тық саясатында оның нормативтік қаулы­ларын толығымен іс жүзіне асыру болып табылады, деп атап көрсетілді.

Осыған байланысты Консти­ту­циялық Кеңестің шешімдерін орын­дамау, уақтылы орындамау немесе жарым-жартылай орындау фактілері орын алып отыр­ғанына назар аударғанды жөн деп білемін.

Заңнамалық жолмен іске асы­ры­луға тиіс мәселелер әлі де бар­шылық. Мәселен, Консти­ту­ция­ның 13-бабының 3-тармағына сәй­кес әркімнің білікті заң көм­егін алуға құқығы бар. Заңда көздел­ген реттерде заң көмегі тегін көрсетіледі. Қазіргі уақытта тегін заң көмегін көрсету «Адвокаттық қызмет туралы» Заңның 6-бабында, Республиканың іс жүргізу ко­декстерінде қарастырылған. Ха­лықты тегін заң көмегімен қам­та­масыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты белгілейтін заңды қабылдап, әркімнің тегін заң көмегін алу құқығына конс­ти­туциялық кепілдіктерді жүзеге асыру мақ­сатында қабылданып отырған ұйымдастыру­шы­лық-құ­қықтық, әлеуметтік-экономи­ка­лық, ақпарат­тық және өзге де шара­лар­дың жиынтығын осы заңда бе­кі­ту қажет деп пайымдаймыз. Мемлекет басшысы мақұлданған Адам құқықтары саласын­дағы 2009-2012 жылдарға арналған ұлттық іс-қи­мыл жоспарында «Білікті заң көмегін тегін көрсету туралы» заңды 2011 жылғы 1 қазанға дейін қабыл­дау қажет екендігі айтылған болатын. Алайда, мұн­дай заң әлі қабылданбады. «Қа­зақстан Республикасы Әділет ми­­нистрлігінің 2011-2015 жылдарға ар­налған Стратегиялық жоспары туралы» Үкі­меттің 2011 жылғы қаулысымен «Білікті заң көмегін тегін көрсету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу 2013 жылға қалдырылды.

Конституциялық Кеңес ше­шім­д­ерінің тиімділігі олардың заң жобасы әзірленуіне, заңдар­дың және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің қабыл­да­нуы­на және қолданылуына тигі­зетін ықпалымен айқындалады. Әрине, Конституциялық Кеңестің іс жүргізуі барысында түрлі құ­қықтық актілер арасындағы сәй­кессіздік; қолданыстағы заңдар мен нормативтік актілердің жиі өзгеруі, соның салдарынан олар реттейтін қоғамдық қатынастар саласы­ның тұрақтылығына зиян келуі; заңнамалық акті­лер­ді қа­был­даудың салдары талдамалық және бол­жамдық тұрғыдан дұрыс бағаланбауы; әлеуметтік, эконо­микалық, құқық қолдану, халық­аралық және басқа да салалар­дағы өзгерістерді ескере отырып, заңнаманы түзету ісінде шабан­дық танытылуы; нақты тұжы­рым­далмауы, көпе-көрнеу сапасыз құ­қық­тық нормалардың еніп кетуі; сондай-ақ құқық­тық нор­ма­лардың тікелей талаптарын себепсіз созбалаңға салып, ұзақ уақыт орындамау секілді норма­тивтік реттеу саласының кемші­ліктері жиі кездеседі.

Демек, осы ұсыныстарды іске асыру конс­ти­туциялық заңды­лық­­ты нығайту жөніндегі іс-шаралар кешенінің үйлесімді бір бөлігіне айналмақ, ал конститу­циялық заң­дылықты сақтау мін­деті қоғамдық қатынастар субъек­тілерінің бәрі­не, бірін­ші кезекте мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғаларына жүктелген.

Ілияс БАҚТЫБАЕВ, Конституциялық Кеңес мүшесі.