Облыс орталығындағы № 11-ші мектепте өнерімен әлемді мойындатқан опера әншісі Мария Мудрякпен кездесу өтті. Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, Мария Мудряк осы мектептке оқып білім алған. Кездесу барысында мектеп директоры Нұрикамал Жедоуова Мария Мудрякты 25 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Марияның алғашқы мұғалімі Татьяна Буланова шәкіртін құшақтап, туған күнімен құттықтап оқушы кезін еске салды. Мектеп музейінде сүйікті шәкірттерінің опера әншісі Марияның жетістіктері орын алған. Мария өте қарапайым, жақсы отбасында өскен тәрбиелі, өнерлі қыз болып ержетті.
Опера әншісі 6 сәуір күні 1994 жылы туған. Кішкентай Маша 5 жасында өзінің жеке дискісін жаздырып, әлемнің ең жас әнші ретінде Гиннес рекордтар кітабына енді. Ал, 10 жасында–Ла Скала жанындағы Милан музыка жоғары академиясына оқиды. Одан кейін«Болашақ» бағдарламасымен оқуға түседі. Миландағы Верди консерваториясына оқуға түсіп, 18 жасында бітіріп шығады.
Амстердамда өткен «Beivebere» классикалық ән байқауында әлемнің он үздік сопраносының қатарынан орын алған Қазір Италияда тұратын Мария Мудряк әлем бойынша гастрольдерде шығады. Туған қаласына келген атақты әнші өзі білім алған мектепте оқушылардың өзіне арналған концерттік бағдарламасын көріп, тамашалады.
ПАВЛОДАР