26 Сәуір, 2012

Тәртіпке салса, тайсақтар еді

268 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Тәртіпке салса, тайсақтар еді

Бейсенбі, 26 сәуір 2012 7:01

Түрлі себептермен, соның іш­ін­де пара беру арқылы құқық қорғау органдарының қатарына кез­­дейсоқ, мұндай қызметтің ма­ңы­нан жүруге қақысы жоқ, еш­қандай мәдениет, зиялылық, бі­лім, білік дегеннен жұрдай адам­дардың еніп кеткені бұдан әрі төзуге болмайтын деңгейге жетті. Бірақ, қай кезде де жауырды жаба тоқи­тын әдетімізбен мұны жасы­рып келіп едік, енді соның ақы­рын құ­қық қорғау органына қазір ешкім сенбейтін, жаппай сы­бай­лас жем­қорлық жайлаған ортаға айнал­ға­нынан көріп отырмыз. Сон­дықтан да Президенттің аттес­таттау ту­ра­лы Жарлығы өте дұрыс шешім бол­ды.

Бейсенбі, 26 сәуір 2012 7:01

Түрлі себептермен, соның іш­ін­де пара беру арқылы құқық қорғау органдарының қатарына кез­­дейсоқ, мұндай қызметтің ма­ңы­нан жүруге қақысы жоқ, еш­қандай мәдениет, зиялылық, бі­лім, білік дегеннен жұрдай адам­дардың еніп кеткені бұдан әрі төзуге болмайтын деңгейге жетті. Бірақ, қай кезде де жауырды жаба тоқи­тын әдетімізбен мұны жасы­рып келіп едік, енді соның ақы­рын құ­қық қорғау органына қазір ешкім сенбейтін, жаппай сы­бай­лас жем­қорлық жайлаған ортаға айнал­ға­нынан көріп отырмыз. Сон­дықтан да Президенттің аттес­таттау ту­ра­лы Жарлығы өте дұрыс шешім бол­ды. Бірақ аттес­таттау аяқтал­ған­да бәрі де таз қалпына келмес үшін құқық қор­ғау органдары қыз­меткерлерін кем дегенде екі есе қысқартып, қалғандарының еңбек­ақыларын екі есе өсіру керек және пәтерлері жоқтардың бәрін де міндетті түрде қызмет пәтерлерімен қамта­масыз ету керек. Сонда ғана олардан пара алма, тәртіпті қатаң қа­дағала деп талап етуге болады және сонда ғана олар нәтижелі жұ­мыс істейтін болар еді. Ал өзі де пәтерден пәтерге көшіп, жүй­кесін жұқартып жүрсе, ондай адам­нан тәртіп талап ету – қаш­паған қа­шар­дың уызынан дәм етумен тең.

Енді өзім бастан кешкен біраз жайларға тоқталып өтейін. Көп қабатты үйде тұратындықтан, көр­ші­леріңнің тыныш болғанын қа­лай­сың. Бірде, жаңадан көшіп кел­ген біреулер түнгі сағат екіден асқанша тарсылдатып, ұйқы бермей, жөндеу жұмыстарын жүргі­зіп бақты. Бірнеше айтқан ескертуге құлақ аспаған соң, амал жоқ, полицияға хабарластық. Обалда­ры не керек, көп кешікпей екі полиция қызметкері жетіп келді. Сөйтсек, жөндеу жүргізіп жат­қан­дар 4-5 бала екен, жұрттың дем алулары керектігімен жұмысы жоқ: «Бізге ертеңге дейін бітіру керек», дейді. Қысқасы, келгендер әлгілерді полиция бөліміне апару керек деп шешті. Маған сіз де жү­ріңіз деді. Жеті түнде мен қайда бармақпын, керек болса арызды осы жерден-ақ жазып берейін де­геніме құлақ асар емес. Өзіміз қайтадан әкеліп тас­таймыз, ана жерге барған соң сіз­дің қол қоюы­­­ңыз керек деп тіпті жалынғандай болды. Амал жоқ, тәртіптері сондай болғаны ғой, полиция қыз­мет­кер­­лері алдамас, айт­қандарында тұ­рып, қайтадан алып келетін шы­ғар деп үй-ішінің қарсы болғанына қарамай мәшинелеріне мінуге тура келді.

Сөйтіп, түнгі үшке таяғанда Ас­тананың Алматы аудандық полиция бөліміне келдік. Қызмет­кер­лер бір-біріне соғылып толып жүр, 15-20 адам бар шығар. Бірақ бізді қабылдап алатын адам табылмай, әкелгендер кімге тапсыруды біл­мей ерсілі-қарсылы біраз сенделт­ті. Ақыры бір капитан менен, тағы бір аға лейтенант аналардан бөлек жауап ала бастады. Бірақ капитан да мені қайда апаруға білмей: «Түк білмейді, сізді неге әкелген?», деп екі сөзінің бірінде әкелгендерді боқ­тап, бұрқылдап жүр. Мені ен­гізетін бөлме де табылмады: бір есік жабық, екіншісінде жарық жоқ, үшіншісінде біреу ұйықтап жа­тыр. Бар тапқаны терезенің жақ­тауына тұрғызып, арыз және түсінік жазғызып алды. Енді мені жеткізіп тастай ма десем, сізге бұл жер такси ме деп күледі. Әкеліп тастай­мыз деген соң таксиге ақша да алмап едім десем, «ол сіздің проб­ле­ма­ңыз ғой, ағасы», деп ыр­жың-ыр­жың етеді. Ал маған өлер­дегі сөзін айтып, жалынып алып келген полиция қызметкері басқа шақыруға кетіп қалыпты.

Осы ұсақ нәрсе ғой, бірақ со­ның өзінде полиция қызмет­кер­ле­рінің жауапсыздығы, адам тағ­ды­рын ойыншық көретіндігі білініп тұр. Түнгі үште әжептәуір жерге жаяу барамын деп адамның бір­деңеге ұрынып қалуы мүмкін екен­дігін олар қаперіне де алып тұрған жоқ.

Айтпақшы… әйтеуір келдім ғой, енді тым болмаса жазған ары­зымның тіркелген нөмірін біле кетейін, артынан сол бойынша сұрау салып, қандай шара қолдан­ды­ңыз­дар деп сұрармын деген оймен қай­тадан кіріп, нөмірін сұра­мақ бол­сам… тіркеуге тиісті қыз­меткер тұғжыңдап көп айналды. 40 минөт тұрған соң, ой, айна­лайын, компьютерден арыздың тіркелген нөмірін айту қиын бол­ды ма десем, жалғыз сіздің ары­зыңыз емес қой, мұнда тіркелме­гендер толып жатыр, деп дікең-ді­кең етеді. Қыс­­қасы, нөмірді тоссам, таң атқанша тұратын бол­ған­дықтан, кетіп қалдым.

Сол бөлімде бір сағатқа жуық болған уақыттың ішінде полиция қызметкеріне лайықты ешқандай тәртіп, ешқандай мәдениет көре алмадым. Бәрінің аузынан шы­ға­­тын сөз – көшедегі ең нақұрыс, ең бұралқы тобырдың сөздері. Ұстап әкелгендермен боқтаса сөй­лесіп, тәжікелесіп, салғыла­сып ұрсы­сып жатқан адамдар. Үкі­мет­тің өкіл­дері осындай болған соң оны ешкім сыйламайды да ғой деп жағамды ұстағандай болдым. Осындай мысалдарды ондап емес, жүз­­­деп келті­ру­ге болады. Осы­ның бәрі по­­ли­ция­ның өз арасын­да қатаң тәр­тіптің бол­мағандығынан.

Полицияға ісің түс­се, ақыры осылай қолды бір-ақ сілтеп кетіп қалу керектігін қазір жұрттың бәрі біледі. Бірде сапардан келсек, үйімізге ұры түсіп­ті. Біраз дүние­мізді шашып, керегін алып ке­тіпті. Дереу полиция шақыр­дық. Ит жетектегені бар, жаза­ты­ны-сыза­ты­ны, қызы-ұлы бар, бес-алтауы сау етті. Жөн. Енді іске кірісетін шығар десек… Өз­дерімен өздері, ойнап-күліп, әзіл­десіп, қал­­­жыңда­сып келіп, ақы­ры маған айтқаны: «Ағай, еш­қан­дай шағы­мым жоқ деп қолхат жазып беріп, ары­зы­ңызды қай­тып алға­ны­ңыз жөн болады», деп қарап тұр. Олар­ың не десем, қазір біз итті кіргіземіз, көріп тұрсыз ғой, аяғы лас, ол үйі­ңіздің барлық жерін иіскелейді, барлық түкпірді аралайды, бар­лығын былғайды. Бі­рақ одан бә­рі­бір ешқандай нәти­же де болмайды деген ақыл айтты. Әрі ойланып, бері ойланып, мы­на­­лар­дан ештеңе шықпасын біліп, айт­қандарын істеп құтылдық.

Әрине, бәріне топырақ ша­шуға болмайды, осы маман­дық­ты бала жасынан қалап, адам­дарға бір пай­дамды тигізсем екен, елде тәртіп орнатып, қыл­мыс­керлерді құрық­тауға үлесім­ді қоссам екен дейтін ары бар, ұяты бар, іскерлігі де керемет жігіттер де болады. Бірақ сон­дай­лардың нәтижелі жұ­мыс істе­уіне де осындай сеңдей соғы­лыс­қан пайдасыз тобыр ерік бер­мейді ғой. Сондықтан да оларды барынша қысқарту керек. Әйт­­песе, көптеген полицейлер мінде­­тін орын­даумен емес, міндетін пайда­ланып байлық жыюмен әуес­теніп кеткен. Аттестаттау осындайларды тыюға үлес қосса, үлкен олжа болар еді.

Жақсыбай САМРАТ.

Тәртіпке салса, тайсақтар еді