17 Мамыр, 2012

Атқарушы билік және құқық саясаты

590 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Атқарушы билік және құқық саясаты

Бейсенбі, 17 мамыр 2012 8:19

Тұңғыш рет өтіп тұрған Заңгерлер съезі заңгерлер үшін жағымды жа­ңалық болып отыр және үлкен жауап­кершілік те жүктейді. Әрине, еліміздің құқықтық дамуы үшін заңдардың әрдайым уақыт талабына қарай жетілдіріліп отырғаны мақұл. Демек, бұл съезд заңнаманы жетілдірілуге және адамдар құқығының қорғалуына, заңдардың жүзеге асуына өзіндік үлес қосады.

 

Бейсенбі, 17 мамыр 2012 8:19

Тұңғыш рет өтіп тұрған Заңгерлер съезі заңгерлер үшін жағымды жа­ңалық болып отыр және үлкен жауап­кершілік те жүктейді. Әрине, еліміздің құқықтық дамуы үшін заңдардың әрдайым уақыт талабына қарай жетілдіріліп отырғаны мақұл. Демек, бұл съезд заңнаманы жетілдірілуге және адамдар құқығының қорғалуына, заңдардың жүзеге асуына өзіндік үлес қосады.

Еліміз тәуелсіздігін алған 20 жыл­дың ішінде Қазақстан құқықтық жа­ғынан көп алға дамыды. Қазақстанда қазақ хал­қымен бірге тату-тәтті өмір сүріп жат­қан барлық ұлыстың өкілдері, яғни Қазақ­стан азаматтары ешнәрсеге зәру емес. Ата заңымыз оларға адамның бақытты болуы үшін өмір сүру, оқу, демалу, еңбек ету сияқты барлық құ­қын берді.

Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымда­ма­сына сәйкес ұлттық заңнамаларды жаң­ғырту және жетілдіру жөнінде шаралар қабылданып, жұ­мыстар жүргі­зілуде. Біздің елімізде құ­қықтық жүйе­нің негізі – әркімнің конс­титуциялық құқығы болып табылады. Биліктің демо­кратиялық ұстанымдары заңна­малық, атқару­шы­лық және сот тар­мағына бөлініп, айқын­дыққа ие болды. Сонымен бірге, олар­дың қызметі бірі­мен бірі байланысты. Ел Конституциясына және де өзге заң акті­леріне өзгерістер мен толықты­рулар енгізі­луіне орай, мемлекеттік билік жүйе­сіндегі мемлекеттік орган­дар­дың орны мен атқарар рөлінің ма­ңызы арта түсті.

Қазіргі уақытта атқарушы би­ліктің барлық құқық саласындағы жаңару үдерісіне қатысуы өзекті істің бірі болуда. Қазақстан тәуелсіздігін алған жылдардың барлығында бүгінгі ықпал етіп отырған заңдар бірнеше мәрте түзетуден өтті, соған сәйкес түрлі шаралар жүзеге асты. Ескірген, тиімділігі азайған нормалар алынып тасталды. Мұның барлығы да елі­міздің құқық­тық өсу жолындағы жа­салған жұмыс­тың көрінісі деуге болады. Біз озық ел­дердің қатарынан көрі­нуіміз үшін заңдық және құ­қықтық нормаларды барынша реттеп, оларды жетілдіруіміз керек. Сол үшін алдағы уақытта нор­ма шығарм­а­шы­лық қыз­метті дамыту және оны са­палық дең­гейге көтеру үшін қажетті шаралар жүзеге асырылатын болады. Ол дегеніміз – бола­шаққа заңдық-жоба­лық қызметті жоспарлау, норма­тив­тік-құқықтық акті­лер жобасы­ның ғы­лыми сараптамасын енгізу.

Жанар ҚАЖЫҒАЛИЕВА,

Қостанай облысы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас инспекторы.