Саясат • 15 Сәуір, 2019

​Қазақстан мен ЮНКТАД ынтымақтастықты нығайтуда

1316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

​Қазақстан мен ЮНКТАД ынтымақтастықты нығайтуда

 Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясында (ЮНКТАД) ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев ЮНКТАД-тың инвестициялар және кәсіпкерлік департаментінің директоры Джеймс Джанмен кездесті. Министрдің орынбасары Е. Көшербаев келісөздер барысында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне инвестиция тарту және экспортты ынталандыру бойынша функциялары берілгендігін хабарлап, инвестициялар мәселелері бойынша ЮНКТАД-пен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қызығушылық танытты.

Тараптар инвесторлар үшін «Бір терезе» жүйесін жетілдіру бойынша ынтымақтастықты жалғастыру, ЮНКТАД-ға Қазақстан Республикасының инвестициялық келісімдерін жетілдіру бойынша жұмыстарды одан әрі жалғастыруға жәрдемдесу, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері үшін инвестицияларды жылжыту және халықаралық инвестициялық келісімдерді келісу бойынша бірлескен оқу семинарларын өткізу туралы уағдаласты.

Министрдің орынбасары ЮНКТАД-тың өкілдерін а.ж. 12 мамырда Нұр-Султан қаласында өтетін «Жаңа экономика және Қазақстанның инвестициялық әлеуетін арттыру» жаһандық инвестициялар бойынша Үшінші жыл сайынғы «дөңгелек үстелге» қатысуға шақырды.