Үкімет • 16 Сәуір, 2019

Мамырда «Қазақстанда жасалған» бренді құрылады – Р.Скляр

869 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл сервистік қолдау шаралары аясында экспорттаушылар үшін 15 сауда-экономикалық миссия, 7 ұлттық стенд, 4 сауда белгісінің таныстырылымы болады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Үкімет отырысында жасаған баяндамасында айтты.

Мамырда «Қазақстанда жасалған» бренді құрылады – Р.Скляр

Министрдің айтуынша, қазақстандық кәсіпорындар жақын және алыс шет елдердегі мамандандырылған көрмелерге қатысады.

«Экспорттаушыларға потенциалды шетелдік сатып алушылармен кездесулер өткізу, олардың өнімдерін жарнамалау, сондай-ақ көрме алаңын жалға алу,  экспорттаушылардың шығындарын өтеу, қатысушыларға арналған үй-жайлар мен тамақтану, рейстер мен аударма қызметтерін төлеуге жәрдемдесетін болады. Бұл қолдау экспорттаушылардың 70%-тін, кемінде 270 отандық компанияны қамтиды», дейді министр Р. Скляр.

Ведомство басшысының айтуынша, шетелде қазақстандық тауарларға деген сұраныс пен ақпараттарды арттыру үшін биыл мамыр айында «Қазақстанда жасалған» бренді құрылады. «Қазақстанда жасалған» брендімен айналысатын жауапкершілігі жоғары экспорттаушылар мемлекеттік экспорттық қолдаудың ауқымды шараларын қолданады.

Бұл экспорттаушыларды ілгерілетуде жарнама мен жарнаманың құнын айтарлықтай төмендетуге және жаңа нарықтарға шығу процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді.