Жаһандық қатер
Сейсенбі, 26 маусым 2012 7:24
Нашақорлық – халықтың денсаулығы мен ұлттық текке, экономикаға, құқықтық тәртіп пен мемлекеттік қауіпсіздікке өте қауіпті қатер. Сондықтан есірткі қаупіне белсенді қарсы тұру – мемлекет пен қоғамның ең маңызды міндеті.
Есірткіні таратуға қарсы күрестің тарихы немесе олардың айналымын қалай да бақылау әрекетінің бастау алғанына 100 жылға жуық уақыт болып отыр.
Сейсенбі, 26 маусым 2012 7:24
Нашақорлық – халықтың денсаулығы мен ұлттық текке, экономикаға, құқықтық тәртіп пен мемлекеттік қауіпсіздікке өте қауіпті қатер. Сондықтан есірткі қаупіне белсенді қарсы тұру – мемлекет пен қоғамның ең маңызды міндеті.
Есірткіні таратуға қарсы күрестің тарихы немесе олардың айналымын қалай да бақылау әрекетінің бастау алғанына 100 жылға жуық уақыт болып отыр.
1987 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы есірткіні теріс пайдаланудан еркін халықаралық қоғам құру мақсатына қол жеткізу үшін қызмет пен ынтымақтастықты нығайтуда өзінің шешімділігін таныта отырып, 26 маусымды жыл сайын Есірткі құралдарын теріс пайдалануға және олардың заңсыз айналымына қарсы күрестің халықаралық күні ретінде атап өтуді белгіледі. Шешім 1987 жылдың 7 желтоқсанында Есірткі құралдарын теріс пайдалануға және олардың заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі халықаралық конференцияның ұсынымының негізінде 1987 жылы 26 маусымда Есірткі құралдарын теріс пайдалануға қарсы күрес бойынша болашақтағы Жалпыға ортақ жоспарды қабылдады.
1987 жылы Қазақстанның тарихында алғаш рет Шу алқабынан қылмыстық топ ұсталды, олардан Ресейге әкетуге дайындаған тоннадан астам марихуана мен гашиш алынды.
Толғағы жеткен қажеттіліктің нәтижесінде Қазақ КСР ІІМ басшылығы 1989 жылы ІІМ ҚІББ-ның аппаратында жергілікті жерлерде бағынысында құрылымдық бөліністері бар Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес басқармасын құру туралы шешім қабылдады. Бұл құрылым 1996 жылға дейін жұмыс істеді.
1996 жылы ІІМ-нің жүйесінде Есірткіні таратуды бақылау жөніндегі басқарма құрылып, көп ұзамай Криминалдық полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес бас басқармасы, сонан соң облыстарда дербес құрылымдық бөліністері бар Қазақстан Республикасы ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаменті болып қайта құрылды.
2004 жылы ІІМ-де Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті болып құрылды, қазіргі уақытта да мемлекеттік есірткіге қарсы саясатты іске асыру саласында уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.
Есірткі құралдарын теріс пайдалану және олардың заңсыз айналымы әсіресе, ұйымдасқан нысандарда көрініс алуы жер-жерлерде таралып, еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне нақты қауіп төндірді.
Жағдайдың күрделілігіне байланысты Елбасы және Қазақстан Республикасының Үкіметі құқық қорғау органдарының алдына есірткі ахуалындағы бел алып жатқан өзгерістерге нақты ден қойып, нашақорлық пен есірткі бизнесінің таралуына қарсы іс-қимылды жетілдіру бойынша шұғыл шараларды қабылдау міндетін қойды.
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау үшін 2011 жылы Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті нығайтылды. Есірткі бизнесіне қарсы күрестің аумақтық бөліністері оның тікелей бағынысына берілді, бұл олардың жұмысына ұйымдасқан қылмыстық есірткі топтары әрекеттерінің, есірткі сату және контрабандасы арнасының жолын кесу жұмысына жергілікті ықпалдың болмауына мүмкіндік туғызды.
Елбасы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресті күшейту жайын бірнеше рет атап көрсетті. «Қазақстан – 2030» даму стратегиясында есірткі құралдарын әкелгені және бизнесі үшін жазалау шараларын қатаңдату туралы атап көрсетті: «Есірткі – бұл ерекше ажал саласы және ізгілік қағидаттарын бұл жерде қаншалықты қолдануға болатындығы – үлкен мәселе. Таразының бір жағында – оларды әкелетін және тарататын адамның өмірі, ал екінші басында – оның көмегімен құрдымға кеткен адамның, есірткі тұтынушылардың өмірі».
Бүгінде аумақтық бөліністердің, Қазақстан Республикасы ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес пен есірткі айналымын бақылау комитетінің қызметкерлері және басқа да құқық қорғау органдары, мүдделі ұйымдар есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күресті күшейтуге және нашақорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруда.
Ағымдағы жылдың өткен бес айында ішкі істер органдары 1775 есірткі қылмысын анықтады. 1154 есірткі сату фактісінің жолы кесілді. 3 т 283 кг есірткі, оның ішінде 76,5 кг героин алынды. 15 есірткі қылмысын жасаған 3 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды. 6 есірткі притоны жойылды. «Бақылаудағы жеткізілім» әдісімен 10 арнайы іс-шара, оның ішінде 2 «сыртқы» Қырғыз Республикасының есірткі бизнесіне қарсы күрес бөліністерімен бірлесе отырып өткізілді.
Есірткі тұтынушылардың жалпы саны 49195-тен 46004-ке азайды, яғни 6,5 пайызға қысқарды. 618 адам, оның ішінде 23 кәмелетке толмағандар, 36 әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Көңіл көтеру орындарында есірткі сақтау мен тұтынудың 43 фактісі анықталып, оның ішінде 7 факті бойынша қылмыстық істер қозғалды, 36 факті бойынша әкімшілік материал жүргізілді. Есірткінің аса ірі партияларын алудың 109 фактісі анықталды. Мысалы, ағымдағы жылдың сәуірінде Шығыс Қазақстан облысының Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Өскемен қаласы бағытындағы жол бойында «Каменный карьер» кентіне кіре беріс жолда ЖШС директоры, бұрын сотталмаған 31 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны ұсталды, одан 338,19 грамм героин алынды. Одан әрі жедел-іздестіру іс-шараларының барысында оның үйінен 692,97 грамм героин тәркіленді.
2012 жылдың 14-18 мамыры кезеңіңде республика аумағында «Допинг» іс-шарасының екінші кезеңі өткізілді. Шара барысында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті атқаратын 586 жеке кәсіпкерлік субъектісі тексерілді, олардың ішінде: 195 дәріхана, 48 қойма, 185 емдеу-профилактикалық мекеме және 27 өнеркісіптік кәсіпорын қаралды. Есірткі құралдарының заңсыз айналымымен байланысты 60 құқық бұзушылық анықталды. 29 лауазымдық тұлға, оның ішінде 11 медицина қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазір кең ауқымды «Көкнәр-2012» операциясы басталды, бұл жыл сайын қазан айына дейін өткізіліп тұрады. Осы операцияның басты мақсаты Шу алқабынан есірткі дайындау, әкету, тасымалдау арналарының жолдарын кесу, есірткі бизнесіне маманданған ұйымдасқан қылмыстық есірткі топтарын әшкерелеу болып табылады.
Осы операцияның шеңберінде 7 маусымда Луговая стансасында 55 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны ұсталып, одан 690 кг марихуана алынды. Операцияны одан әрі жалғастыру барысында 54 жастағы Тараз қаласының тұрғыны 410 кг марихуана дайындап әкетіп бара жатқан жерінен қолға түсті.
Ағымдағы жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012-2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаның негізгі мақсаты нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимылдың мемлекеттік және қоғамдық тиімді жүйесін одан әрі жетілдіру болып табылады. Бағдарламаның бюджеті 6 млрд. теңгеден астам қаражатты құрайды. Оның негізгі бөлігі оңтүстік шептерді одан әрі нығайтуға бағытталған.
Бағдарламаны одан әрі іске асыру еліміздегі есірткі айналымын шектеуге, олардың біздің аумақ арқылы тасымалын қысқартуға, еліміздегі есірткі ахуалын тұрақтандыру үрдісін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Анатолий ВЫБОРОВ,
Қазақстан Республикасы ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің төрағасы, полиция генерал-майоры.