Сайлау • 18 Сәуір, 2019

Кезектен тыс сайлау – тұрақтылық пен экономикалық дамудың кепілі

1308 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өткен аптада Алматы қаласы ардагерлер кеңесі осындай шешімге келді. Кеңес төрағасы Құдайберген Қабдолдин ең алдымен қазіргі айналамызда болып жатқан геосаяси факторларға тоқталып өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаудың адалдығына кепілдік беретінін деп айтты. Бұрынғы сайлаулардан бұл жолғы сайлаудың жөні бөлек.

Кезектен тыс сайлау – тұрақтылық пен экономикалық дамудың кепілі
«Мемлекет басшысын сайлап алып, әрі қарай бағдар­лама­ларымызды жасау керек. Әлем­дік қауымдастық, инвес­торлар Президент лауазымын уақытша атқарып отырған тұлға тұрақтылықтың және дамудың кепілі деп қарамайды. Эко­номистер осы күнге дейін тал­қыланып, келісілген келісім­шарттарға қол қою кешеуілдеп жатқанын айтып жатыр. Қазіргі жағ­дай­ды кеше­гімен салыс­тыру­ға болмайды. Іргедегі Өзбекстан Орталық Азияда бізге мықты бәсекелес ел болатынын аңғартып қойды. Бастысы, дүйім жұртты елеңдетіп отырған тағдыршешті таңдау жақсылықтарға жол ашсын, халық дұрыс таңдау жасасын деп тілейміз», деп атап өтті Құдайберген Қабдолдин. 

Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сый­лықтың лауреаты, тігінші Лидия Кочетова демократиялық қоғам­да ретімен, тәртібімен болатын бұл сайлау Қазақстан үшін сындарлы жаңа кезеңнің бастауы екенін айтты. Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Тұңғыш Президентіміз – Елба­сының қа­сын­да болған сенімді серігі, әрі ізбасар көмекшісі. 

«Тәуелсіздігіміздің нығаюы, оның баянды болуы үшін елі­міздегі саяси тұрақтылық пен экономикамыздың үздіксіз дамуы ауадай қажет. Ел бірлігі мен бейбітшілігі – басты құнды­лығы­мыз. Бұл сайлау – елдегі бей­біт­шілік пен келісімді сақтай оты­рып, әлеуметтік-саяси жаң­ғыру­ға, әлемнің үздік елдері қата­­рына қосылу жолында жаңа демо­кратиялық еркін болашақты құ­руға мүмкіндік береді. Ел таң­да­ған Мемлекет басшысы халық­­тың сенімді мандатына айнала­ды», деп атап өтті Лидия Кочетова. 


АЛМАТЫ