Аймақтар • 18 Сәуір, 2019

«Құтты мекен» – жақсылықтың жаршысы

1138 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Құтты мекен» партиялық жобасы аясында Орталық партия аппараты, партиялық бақылау қызметінің басшысы Дәурен Бижұманов пен «Құтты мекен» партиялық жобасының жетекшісі Нұрлан Баймырзаев бастаған арнайы комиссия «Сарыарқа» магистралды газ құбырының инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымы жұмыстарымен танысты.

«Құтты мекен» – жақсылықтың жаршысы

«Сарыарқа» магистралды газ құбыры Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» аясында қолға алынған елорданы газдандыруға бағытталған ірі жобалардың бірі. «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау - Нұр-Сұлтан» бағыты бойынша жалпы ұзындығы 1061 шақырымды құрайтын газ құбырының 179 км жуығы осы Сыр өңірінен өтеді. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстары «ҚазСтройСервис» ҰМҚК» АҚ қарқынды жүруде. Жобаны жүзеге асыруға жергілікті компаниялар мен жергілікті еңбек ресурстарында қамтылған.

– Өздеріңізге белгілі Партия Төрағасы «Nur Otan» партиясының кезекті ХVІІІ съезінде халықтың әлеуетін арттырып, ауылдық елді мекендердің инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бірнеше партиялық жобаларды жүзеге асыруды тапсырды. Соның бірі осы «Құтты мекен» жобасы. Бүгін жоба аясында аймақтық партия филиалының партиялық бақылау комиссиясымен бірге «Сарыарқа» магистралды газ құбырының құрылыс-монтаждау жұмыстарына, мемлекет қаржысының нәтижелі жұмсалуына партиялық бақылау жасап, жұмысшылардың жағдайымен танысып отырмыз. Басты мақсат Партия Төрағасы, Тұңғыш Президентіміздің бес әлеуметтік бастамасының орындалуын қадағалау. Әрине, жобаның өз деңгейінде жүргізілуі өте қуантып отыр. Ең бастысы жоба іске қосылған уақытта қаншама отбасын көгілдір отынмен қамтып қана қоймай, солтүстік өңірлердегі экологияны жақсартатыны анық. Мұны өткен жылы осы магистралды газ құбыры жобасын жүзеге асыруға тапсырма берген уақытта Партия Төрағасы, Тұңғыш Президентіміз ерекше маңыз беріп, атап өткен болатын, – деді Орталық партия аппараты партиялық бақылау қызметінің инспекторы, «Құтты мекен» партиялық жобасының жетекшісі Нұрлан Баймырзаев.

Қызылорда облысы