04 Мамыр, 2012

«Шымкенттің салқын сырасы…» деп әндеткеннің түбі неге соғарын сезсек еді-ау!.

643 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

«Шымкенттің салқын сырасы…» деп әндеткеннің түбі неге соғарын сезсек еді-ау!..

Жұма, 4 мамыр 2012 7:44

Қазір елімізде сыраға әуес адамдардың қатары көб­ей­ді. Әсіресе, жастар арасында осы ішімдік түрі кең тарады. Ғалымдар сыраның қаупі жайында ұдайы айтып та жүр.

 

Жұма, 4 мамыр 2012 7:44

Қазір елімізде сыраға әуес адамдардың қатары көб­ей­ді. Әсіресе, жастар арасында осы ішімдік түрі кең тарады. Ғалымдар сыраның қаупі жайында ұдайы айтып та жүр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлі­метінше, жан басына шаққандағы сыра ішу мөлшері сегіз литрден асса, ұлттың жойылып кету қаупі бар. Өкінішке қарай, сыра ішу жағынан біз әлем бойынша екінші орында, ТМД бойынша бірінші орында екенбіз. Иә, бізде әрбір адам жылына 10 литр сыра ішетін көрінеді. Сыраның құрамын­да этил спирті бар. Сондықтан ол көпіршігенде алкоголь құрамы 14 пайызға дейін өседі. Яғни, 200 грамм сыраның 50 грамы ішімдікке айналады.

Ғалымдардың айтуы бойынша, кез келген сыраны дайындағанда құрамына «хмель» деген шөп қосылады. Ол қосылмаса, сыраңыз сыра болмайды. Оның құрамында «фитоэстереген» бар. Ол әйелдің бойында болатын гармон – прогестерон. Сондықтан сыраны көп ішкен ерлердің еркектік қуаты жойылып, қарыны өседі, сондай-ақ жүрек талмасы ауруына жиі шалдығады екен. 2007 жылы Америкадағы отбасы­лық кеңес беретін белгілі бір басылым мың әйелге сауалнама жүргізген. Сонда 873 әйел сыраға қампайған қарынды еркектерді жек көретінін айтқан екен. «Басты мәселе қарында ғана емес, еркектік қуатта жатыр» деп түйін шығарыпты әлгі басылым.

Немістің әйгілі дәрігері, профессор Болингер сыраның зияны жайында былай деген: «Сыра жүректің жұмыс жасау қабілетін төмендетеді. Бүйрек пен қуыққа да әсер етеді. Сыраны көп ішкен адамның зәр айдау жүйесі шамадан тыс күшейіп кетеді. Бұндай жағдай ағзадағы қажетті минералдардың сыртқа шығуына әкеліп соқтырады. Егер денедегі калий, магний сияқты дәрумендер азайса, адамның жүрек соғысының ырғағы бұзылып, тез шаршайды. Үздіксіз сыра ішу бауыр мен бүйректі толық істен шығарып, бүйрекке қан құйылу, адамды естен адастыру қаупін туғызады».

Ал, рейхканцлер Бисмарк: «Сыраны жиі ішу ми жасушаларын әлсіретіп, бауыр циррозы, гепатит, панкреатит, гастрит ауруларына әкеліп соқтырады. Жүйке әлсі­реп, адам ашуға берілгіш болады. Сыра адамды жалқау, топас әрі әлсіз қылады. Сондай-ақ, ер адамның ағза­сында әйел гармонын үдетіп, бедеулікке әкелсе, қыз­дарда еркекшоралық мінез пайда болады, ер адам­ның дауысы жіңішкереді, бұлшық етінің күші азайып, кеу­де жасушалары босайды» деген қорытынды шығарған.

Сыра – есірткінің бір түрі. Оның дәмін алған адам іше бергісі келеді. Сыра адамның қан құрамына тез сіңетін болғандықтан, бұл «сусынды» жиі ішетін адам­ның қан тамырлары кеңейіп, варикозға тез шалдығады екен. Ал мұндай жағдай жүрек қабының кеңеюіне әкеліп соғады. Өйткені, бүйрек пен бауыр­дың қызметі бұзылғаннан кейін жүрекке салмақ түсіп, адам инфаркке шалдығуы әбден мүмкін. Сонымен бірге сыра – семіздікке апаратын бірден-бір жол.

Соңғы уақытта сыраға әуестенушілердің қата­рын­да әйелдердің көбейіп келе жатқаны аса алаңдататын жай. Мөлшерден көп ішілген сыра әйелдің психикасын бұзып, ішімдікке деген тәуелділігін арттырады. Мамандар ішкілікке үйір әйелдердің 82 пайызы ауруды сырадан тапқанын дәлелдеген.

Сыраның зиянына анық көз жеткізген көп мемлекеттер арнайы заң шығарып, бұл «сусыннан» аяқ тарта бастады. Тіпті, осы күні «егер сіз ұлтыңыздың сыраны пайдалану мөлшерін айтсаңыз, мен сізге оның қанша ұрпаққа дейін өмір сүретінін анық айтып беремін» деген сөз кең тарауда. Онысы, ұлтыңыз сыраны қанша көп ішсе, ғұмыры сонша қысқа деген сөз. Қадірлі қандас, «Шымкенттің салқын сырасы…» деп әндеткеннің түбі неге соғарын сезсек еді-ау!..

Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ.