20 Наурыз, 2012

Өмірін ұрпағына үлгі етіп

474 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

Өмірін ұрпағына үлгі етіп

Сейсенбі, 20 наурыз 2012 7:44

Әдеттегіше ерте оянып, зайыбы Зиаданың күрең қызыл шайына қанып, бойы жадыраған Қуа­ныш Тәжмұха­мед­ұлы теледидардан таң­ғы жаңалықтарды қарап отырған. Кенет телефон қоңырауы шыр ете түсті. Тұтқаны көтергені сол еді, «Тәте, жасың құтты, ден­саулығың мықты болсын…» деп, ыстық ықы­ласын жеткізуге асық­қан Астана­­дағы қызы Гүлзира сыңғырлай жөнелді. Рахметін айтып, телефон тұт­қасын қойды да, бір нәрсе есіне түскен­дей ойланып тұрып: «Міне, қызық! Мен де 63 жасқа толған екенмін-ау! Уақыт шіркін, желдей есіп, «өмір-өзен» ағысы­мен пай­ғам­бар жасына жетіппін-ау!..» деді де, орнына қайта отырды. Дәл осы сәтте өмірінің ең тәтті күндері, арманшыл түндері, асқан асулары… көз алдынан өтіп, ой тұңғиығына еріксіз сүңгіді де кетті.

Сейсенбі, 20 наурыз 2012 7:44

Әдеттегіше ерте оянып, зайыбы Зиаданың күрең қызыл шайына қанып, бойы жадыраған Қуа­ныш Тәжмұха­мед­ұлы теледидардан таң­ғы жаңалықтарды қарап отырған. Кенет телефон қоңырауы шыр ете түсті. Тұтқаны көтергені сол еді, «Тәте, жасың құтты, ден­саулығың мықты болсын…» деп, ыстық ықы­ласын жеткізуге асық­қан Астана­­дағы қызы Гүлзира сыңғырлай жөнелді. Рахметін айтып, телефон тұт­қасын қойды да, бір нәрсе есіне түскен­дей ойланып тұрып: «Міне, қызық! Мен де 63 жасқа толған екенмін-ау! Уақыт шіркін, желдей есіп, «өмір-өзен» ағысы­мен пай­ғам­бар жасына жетіппін-ау!..» деді де, орнына қайта отырды. Дәл осы сәтте өмірінің ең тәтті күндері, арманшыл түндері, асқан асулары… көз алдынан өтіп, ой тұңғиығына еріксіз сүңгіді де кетті.

*  *  *

Иә, Төретаевтар әулетінің де түркі­мен елінен атажұртқа орал­ғанына биыл 47 жыл болыпты. 1965 жылдың жаз айы еді. Тағдыр тауқыметін көп көрген ата-бабамыз туған жердің бір уыс топы­рағына зар болып, жылдар бойы осы күнді аңсап күткен болатын. Туған елге деген сағынышпен ора­лу ақыры олар­дың да маң­дайына жазылыпты. Көштің басын Жетібай өңіріне тіреп, са­ғынып жеткен олар осы қасиетті мекенге қоныстанды. Айнала мидай дала, бұйра-бұйра шағылдар…

Маңғыстау дегенде бұл жерді бұ­рындары көрмеген кісілердің көз алдына өзені мен көлі, көкорай шалғыны жоқ, шексіз маң дала елестеуі әбден мүмкін. Бірақ Маңғыстаудың кереметі – оның кең даласын ұзыннан ұзақ тау жоталарымен өрнектеп қойғандай ерекше таби­ғаты. Бірде биіктеп, бірде аласарып барып жазық да­лаға жалғасып кететінінің өзі қан­дай ғажап! Әкесі марқұм: «Біздің Маңғыстау – үш жүз алпыс екі әулие мекен еткен киелі аймақ. Оның әрбір тасы мен таушы­ғы­ның түкпір-түкпірінің бар­лығы тұнып тұрған сыр-сандық. Жеті қабат жер асты қазына байлыққа толы болса, жер бетіндегі әрбір жота тарих шежіресінен сыр шертіп, уілдеген желмен бірге ән салып тұрады» дейтін. Ол жас кезінен-ақ әкесі құлағына құйған осы тәмсілді есейе келе есіне жиі алып, өздерінің осынау шежірелі өлкенің қасиетті топырағына табан тіреп келіп қоныстан­ған­дары­ның теңдесі жоқ бақыт екендігін терең түсінді.

1969 жылы Түркіменстан астанасы Ашхабадтағы гидромелио­ра­тивтік техникумды бітіргеннен кей­­ін, жоғары бі­лім алу мақса­тында  Алматыға жол тартты. Ол сол жылы қазіргі Қ.И.Сәтбаев ат­ын­дағы Ұлттық техникалық уни­верси­тетінің мұнай факультетіне түсті.

1974 жылы ҚазПТИ-ді аяқтап, тау-кен инженері мамандығын ал­ып оралды. Ендігі ойы Жеті­бай­да­ғы жаңа кен орындарында жұ­мыс істеп, еліне адал қызмет ету еді.

Қуаныш Жетібайға келісімен ұлутас кен орнын игеріп жатқан «Қазмрамор» комбинатына қарас­ты Жетібай карьеріне қатардағы шебер болып жұмысқа кірді.

Елге көшіп келген жылы Қуа­ныш екі айдай тас өндіретін кәсіп­орында жұмыс­шы болып істеген. Бойында күш-жігері жалындаған жиырма жасар Қуаныш сол кезде өзі аздап араласқан ұлутас өнді­рі­сі болашақ өмірінің өзегі болатынын ойламаған да шығар…

1975-76 жылдары бұрын «Қаз­мра­мор» комбинатына қарасты Жетібайдың ұлутас шығаратын шашыраңқы карьер­лері Құрылыс материалдары минис­трлі­гінің қа­рамағына алынып, «Мангышлакракушечник» бірлестігі болып бірік­тірілді. Жаңадан құрылған өндірістік бірлестіктің жетекші­лігіне келген Егізбай Майлыбаев батыл шешім қабылдай бі­летін іскер азамат еді. Ол кісінің бірде шақырып алып: «Қуаныш, жас келсе – іске дегендей, мен сені №2 тау-кен учас­кесіне басшылыққа ұсынғалы отырмын, қалай, тәуе­келге бел буасың ба?» дегенде жү­регінің атша тулағаны әлі есінде.

Қуаныш өзіне жүктелген се­нім­ді үлкен жауапкершілікпен се­зінді. Бастапқыда әрине қиналды. Бірте-бірте төселіп, өз ісін шебер меңгеріп алды.

Әлі есінде, 1987 жылдың 29 қыр­күйегінде Қазақстан Компартиясы Орта­лық Комитеті мен Үкіметінің «Тұрғын үй-91» бағ­дарламасына сәйкес, «1987-90 жж. Маңғыстау облысында ұлу­тастан қабырға материалдарын өндіруді арттыру шаралары туралы» қаулысы шығып бүкіл ұжым бұл құжатпен жете танысты. Осы қаулы негізінде 1989 жылы 545, соңғы жылы 730 миллион шартты ұлутас кірпішін өндіру міндет­телді. Жұмыла кірісіп бұл міндет­темені де жоғары сапамен абыроймен орындап шықты.

Міне, сол уақыттан бері ақ­шаң­қан қала Ақтауды, еліміздің бар­лық облыстарын айтпағанда бұ­рын­­ғы Кеңес Одағына кеңі­нен та­ралған Тү­бектің ұлутасы өрнек­те­меген ғи­мараттар кемде-кем шы­ғар. Ал Же­тібайдың өсіп-өр­кен­­­де­уі­не, алыстан көз тартар әсем үй­лер­дің бой тү­зеуіне Қуа­ныш Тәж­мұ­хамедұ­лы­ның сіңірген еңбегі ерекше. Ол оны үнемі зор мәртебе тұтады.

Қуаныштың көз алдына енді халық депутаттары бұрынғы Ералиев (Қарақия) аудандық атқару комитетінің төрағалы­ғына сайлан­ған күндері елестеді. Шіркін, жас­тық! Ол кезде шаршау дегенді біл­мей­тін. Ауданның қат-қабат түйт­кіл­ді мәселе­лерін шешу, тұр­ғын­дардың мұң-мұқта­жын зерделеу тә­­­різді шаруалар бастан асып жығылатын. Өндірісте жүріп әб­ден ысылған ұйымдастырушылық қа­білеті ерекше, біліктілігі мен тә­­жірибесі мол іскер басшы аз уа­қыт­та ауданды алға сүйреп шығарды.

Иә, Қуаныш Төретаев қай қызметте жүрсе де Үстірттің өр­кендеуіне өз үлесін қосып, құдай­дың берген ұл-қыздары мен не­мерелерінің арқасында бақытты өмір сүруді кәсіп етіпті. Жеті­бай­дан алысқа ұзамай, нарықтық қа­рым-қатынас ыңға­йын­дағы «Ұлу­тас», «Мұнайшы» серіктес­тікте­­ріне де басшылық етіп, «ЖТТ» серіктестігінің директоры, облыс­тық архитектура, қала құрылысы және құрылыс басқармасы басты­ғының орынбасары қызметтерін атқарды. 2001 жылдың маусымынан бастап Мұнайшы кенттік ок­ругінің әкімі болып сайланып, елді мекендерді хал-қадерінше көр­­кейтуге атсалысты. Кенттен бас­тап, аудандық, облыс­тық ке­ңес­тің және мәслихаттың депутаты, Гурьев (Атырау) облыстық партия комитетінің мүшесі де болыпты. Халық алдындағы жауап­кер­шілікті ар­қалау мен қоғамдық жұмыстарға араласу, туындаған мәселенің түйінін шешу, сөйтіп, түпкілікті нәтижеге жету жолында аянып қалмапты. Ал халық қалау­лысы ретіндегі жүргізілген жұмыстары өзінше біртөбе.

Бұл күндері жалынды жастық шағының куәсіндей болған карьерлердің бірін меншікке айналдырып, «Нұр» деп аталатын жауапкершілігі шектеулі се­ріктестік құрды. Тұрғын үй, тағы басқа нысандар тұрғызу ісіне белсене қаты­сып, тұтынушылардың өскелең сұра­нысын орындау үшін құрылыс материалдарын молынан шығарып, алғысқа кенеліп жүр. Алтын ұя мекеніне айнал­ған Маң­ғыс­тауын, Жетібайын ерекше құрметтеп, әспеттейді.

*  *  *

Бір кездегі өрімдей бойжеткен, сұңғақ бойлы, келбеті келіскен зайыбы Зиада қазір төрт баланың анасы, он бір немеренің әжесі. Жақсының жақсылы­ғын айту – парыз. Ойлап отырса екеуі отау құрғалы жансерігінің ұстанған қағидасы біреу ғана екен:

«Өз жарыңды жаттай күт – жат көрсін де түңілсін,

Бір-біріңді қадір тұт – жұрт үлгі алсын, үңілсін». Халқымыз­дың осындай ұлағатты сөзін өмі­ріне арқау еткен Зиада 40 жылдан бері еріне титтей де қабақ шытып көрмепті. Отағасы қай қызметте жүрсе де жанына жалау болып, балаларын бағып-қағып, тамақ-суын дайындап, қонағын ілтипат­пен күтуді дәстүрге айналдырған аяулы жан Зиада сонымен бірге өз бала­ларының өнегелі болып өсуіне тірек болып көп жыл бойы еңбек еткен ұстаз. Тұла­бойы тұң­ғыштары Гүлзирасы Әл-Фараби атындағы Қазақ университетін бі­тірген, саясаттанушы, қазір Астана қаласында мектепке дейінгі тәрбие беретін «Baby boom» балалар орта­лығының директоры әрі жеке кәсіп­кер. Үйлі-баранды, үш ұл тәрбиелеп отыр. Нұрланы мен Сымбаты да жоғары оқу орнын бітірген мамандар. Нұрлан әке жолын қуған кәсіпкер. Сымбаты Мұ­­найшы кентінің әкімі. Сүт кен­же­лері Ерқожа Л.Гумилев ат­ындағы Еуразия университетінің заң фа­культетін бітірген. Ақтау қаласы­ның әлеуметтік-экономи­калық са­ладағы заң­дылықты қадағалау бөлімінің бастығы. Осының бәрі Қуаныш Тәжмұхамедұлы Төре­та­ев­­тың қуанышы. Немерелерін бір иіскеп мәз-мейрам болады. Енді бір сәтте есік айқара ашылып, құшақ-құшақ гүл ұстаған бір топ қызметтес достары мен ұл-қыз­дары, немерелері «туған күніңіз­бен құттық­таймыз!» деп жүзде­рі­нен нұр шашып кіріп келе жатты…

*  *  *

«Биікке қалықтап қыран да шығады, жорғалап жылан да шығады» деген хал­қымыздың нақыл сөзі бар. Өз еңбегімен өрге шығу, еліне елеулі, халқына қалау­лы болу – азаматтың бақыты. Ал мұндай өнегелі өмір ұрпаққа үлгі!

 Жайна ЕРМҰХАМБЕТОВА.

Соңғы жаңалықтар