Қазақстан 2019 жылғы 21 ақпанда Шри-Ланканың астанасы Коломбода, сондай-ақ Негомбо және Баттикалоа қалаларында орын алып, көптеген бейбіт адамдардың өліміне әкеліп соққан террористік әрекеттерді қатаң түрде айыптайды.
Қазақстан терроризмнің кез келген көрінісіне қарсы ымырасыз күресті өзінің толық қолдайтынын растай отырып, терроризмге қарсы кең ауқымды халықаралық коалиция құру арқылы осы бағыттағы халықаралық әрекеттерді үйлестіруді барынша нығайтуға шақырады. Адамгершіліктен жат бұл қасіреттердің ұйымдастырушылары мен насихатшылары анықталып, қатты жазаға тартылу қажет.
Қаза тапқандардың және зардап шеккендердің жанұяларына, сондай-ақ Шри-Ланка халқы мен үкіметіне көңіл білдіреміз.