Сұхбат • 30 Сәуір, 2019

Сайлау барысы халықаралық назарда

1856 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Биылғы жылдың 9 маусымына Қазақстан Республикасының Президентін сайлау күні бекі­тіл­­ді. Осыған орай қазіргі уа­қыт­та Орталық сайлау ко­мис­­­сиясында өзіне тән тиіс­ті жұмыстар жан-жақты жүр­гі­зі­ліп жатыр. Ал кез келген мұн­­дай сайлауды бақылайтын ха­лықаралық байқау институт­та­ры үшін сай­лау науқанының мөлдір­­лігі маңызды. Сонымен қатар бұл сай­лауға тек біз­дің еліміз ғана емес, әлем на­зарын тігіп отыр. Ендеше, осы сайлаудың қа­­зіргі барысы ту­ра­лы білу үшін біз Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш БАЙМОЛДИНАҒА жо­лық­қан едік.

Сайлау барысы  халықаралық назарда

– Зәуреш Хамитқызы, кез келген сайлаудың ашық та, еркін, демок­ратиялық әрі мөл­­дір өтуі оны бақылайтын шетелдік бай­қау­шылардың са­пасы мен саны­на байланысты екені белгілі. Әңгі­ме­міз­ді осы байқаушылардан баста­сақ.

– Иә, өзіңіз айтқандай, елі­міз­де Қазақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сының Прези­ден­тін сайлауы бекітілген соң, қазір оған көп­те­ген шет мемле­кет­тер де айрық­ша назар ауда­­рып отыр. Осы­­­ған байла­нысты бірқатар шет мем­лекеттердің және ха­лық­аралық ұйым­дардың бай­қау­шылары бұл сай­лауға қатысуға ниет білдірді. Қа­зіргі ке­зеңде Орталық сайлау ко­мис­сия­­сы­ның төрағасы Берік Има­­­­шев­тың атынан 25 елдің орта­­­лық сайлау органдарына ша­қыр­ту жіберілді. Мәселен, олар­дың ішінде Әзербайжан, Арме­ния, Грузия, Үндістан, Оңтүс­тік Корея, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбек­стан, Украина, Малайзия бар. Сонымен қатар Еуропа елдерінің ішінде Румыния, Бол­га­рия, Латвия, Литва, Мол­дова және біздің қарым-қаты­насымыз өте жақын ел Түр­кия, оған қоса Филиппин, Ин­до­незия және т.б. мемлекеттер бар. Қазіргі уақытта екі мемлекеттен хат келіп түсті. Оның бірі – Украина. Олардың Орталық сайлау комиссиясынан жіберілген өкілдері сайлауға қатысады. Сол сияқты қатысуға мүм­кіндіктері жоқ елдер де бір­ден хабардар етеді. Мәселен, Иордания елі қаражатқа байла­ныс­ты қатыса алмайтынын біл­дір­ді.

– Халықаралық ұйым­дар­­ға шақыртуларды кім жі­­бе­­реді?

– Халықаралық ұйымдарға келе­тін болсақ, оларға шақыр­ту­­лар еліміздің Сыртқы іс­тер министрлігінің атынан жі­бе­рі­леді. Қа­зіргі уақытта осы Сырт­­­қы істер министрлігі ар­­қы­­лы он ұйымға шақырту жібе­рілді. Оның ішінде Еуро­па­­­дағы қауіпсіздік және ын­ты­­­­мақтастық ұйымының Де­­­мо­к­ра­тиялық институттар мен адам құқықтары бю­ро­сы (ЕҚЫҰ/ДИҚБ), Еуро­па­­дағы қауіпсіздік және ынты­­мақтастық ұйы­мы­ның Пар­ла­­мент­тік Ассамблеясы (ЕҚЫҰ ПА), Еуропа Кеңесінің Пар­ла­менттік Ассам­блеясы (ЕКПА), Тәуелсіз Мем­лекеттер Достас­ты­ғының Ат­қарушы коми­теті (ТМД АК), Тә­уел­сіз Мем­ле­кеттер Достастығына қа­ты­су­шы елдердің Пар­ла­мент­ара­лық ассамблеясы (ТМД ПА), Ұжымдық қауіп­сіздік шар­ты ұйымының Парла­мент­­тік ассам­блеясы (ҰҚШҰ ПА), Шан­хай ынтымақтастық ұйы­мы (ШЫҰ), Түр­кітілдес мем­лекет­тердің ынты­мақтас­тық кеңесі (ТМЫК) және Түр­кі­тілдес елдердің Парла­мент­тік Ассамблеясы бар.

– Бұл дайындықтарға бай­ланысты қазіргі күні нақ­ты атқарылып жатқан істер бар ма?

– Әрине, атқарылып жатқан нақты істер көп. Соның ішінде атап айтар болсам, біз 16 сәуір күні Орталық сайлау комиссия­сында ЕҚЫҰ/ДИҚБ бағалаған қажеттіліктер бойынша кездесу өткіздік. Соған байланысты олардың алдын ала есебін де алдық. Ол есепте біздің сайлау­ды жоғары деңгейде ұйым­дастыруға бағытталған, заң­ды қарастырылған дай­ын­дық­тарымыз қалай, қандай дең­гейде өтіп жатқаны туралы жа­зыл­ған. Олардың бай­қауы бойынша, Орталық сайлау комиссиясының қызметі арқылы қазіргі күні қандай қажетті мәсе­ле­лер көтеріліп, соған сай нендей маңызды сұ­рақ­тардың жауабы тиісті ше­шімін тауып, қандай заң­ды­лық­тар орнығып, өзге де заңды іс-әрекеттердің атқарылып жат­­­қа­ны айтылған. Сөйтіп осы атқарылып жатқан жұ­мыс­тарды бағалап, бұл сай­лау­ға ЕҚЫҰ/ДИҚБ миссия­сы қа­тысуға тиіс деген ше­шім­­ге келді. Оның үстіне олар алдағы мамыр айының басын­­да 24 ұзақ мерзімді байқау­шы­ларын жіберуге шешім қабылдады. Соны­мен қатар Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сының Пре­зидентінің сай­лауы өте­тін күніне таяу 300 бай­қау­­­шыны жіберуді де көздеп отыр. Ал енді салыстырмалы түр­де айтар болсақ, 2015 жылы 26 сәуірде өткен Қазақстан Рес­пуб­ликасының прези­дент­і­н сайлауда ұзақ мер­зім­ге келген 291 байқаушы қатысқан екен.

ТМД байқаушылар миссия­сы бұл жолы 400 байқаушы жібереміз деп жоспарлап отыр. Ал бұрынғы сайлауда ТМД-дан келген байқаушылар саны 372 болып еді. Жалпы, 2015 жылы Президент сайлауына барлығы 1024 байқаушы кел­ген. Әзірге басқа миссиялар­дан қан­ша бай­қаушы келетіндігі жөнінде ол­ардың нақты жауап­тарын кү­тіп отырмыз. Осы жағдай­лар­­дың бәрін талдай келгенде біз болжап отырғандай, бұл сайлауға бір мыңнан астам байқаушы келіп, қатысуы бек мүм­­кін. Сонда 2015 жылы өткен Президент сайлауына қа­тыс­­қан бақылаушылар саны­на жетеді деп отырмыз. Бірақ мұндай нәтиже орасан жұмыс­тар­ды талап ететіні анық.

– Аккредиттеу мәселесі ту­­ра­лы айтып берсеңіз.

– Иә, сайлауға әр ха­лықара­лық ұйымдардан немесе шет мемлекеттерден келетін байқау­шыларды аккредиттеп, тиісті құжаттарын дайын­дау керек. Бұл көп уақыт пен орасан жұ­мысты талап етеді. Соған қа­ра­мастан, оның барлығы қа­зір дайын. Бірақ олар тура­лы тиісті ұсыныстар бізге ке­ліп түскен кезде ғана олар Орта­лық сайлау комис­сия­сы­ның алқасында қаралып, қа­жетті қаулы қабылданады. ТМД атқару комитетінің шта­бы мамыр айының 16-18 күн­де­рі ашылады деп күтілуде. Өйткені Тәуелсіз Мем­лекеттер Дос­тас­тығының мис­­сиясы сай­­­лауға қатысарда ат­қа­ру коми­­­тетінің штабы алдын-ала ашы­­­лады. Олардың миссиясы үл­кен, яғни 400 бақылаушы келе­­тін болғандықтан, штаб алдын-ала қажетті дайындықтар жүрг­ізеді. Және олар қай ай­мақ­қа баратындығын өздері таңдайды.


Шет мемлекеттердің бай­қау­шы­ларын аккредиттеу 
3 мау­сым күні 18 сағат 00 минут­­та аяқ­талады. Заң бойын­ша сай­лауға бес күн қал­ғанда аяқ­­талуы тиіс. Бұл ұзақ мер­зімді байқаушылар барлық заң та­лаптарының орындалуын қатаң қадағалап, байқап шы­ға­ды. Канди­дат­тардың сайлау алды үгіттерін қалай өткізіп жат­қандығын, сай­лау­шыларға қан­дай жағдай жасал­ған­ды­ғын, бір сөзбен айтқанда сайлау заң­дылығының қалай орында­лып жатқандығын қарайды. Бұл орайда БАҚ жұмысы да олардың қырағы көзінен тыс қалмайды. Сол сияқты билік қысымы немесе әкімшілік әле­ует пайдаланылып жатқан жоқ па дегендей, барлық құқық бұзушылықтар байқауға алынады. Ал қысқа мерзімді бай­қау­­шылар міндетіне сайлау күн­гі нақты сайлау барысы ғана кіреді. Олар сол сай­лау күні сайлаудың қан­ша­лық­ты ашық, әділ әрі заңды өтіп жат­қа­нын бақылайды.


Сонымен қатар бұл сайлауға шетелдердің бұқаралық ақпа­рат құ­рал­дарының да өкіл­де­рі көптеп келеді. Олар да аккредиттеуден өте­ді. Бірақ оларды аккредиттеуден Сыртқы істер министрлігі өткізеді. Ха­­лықаралық бақылаушылар мен бұ­қаралық ақпарат құрал­да­ры­ның өкілдерінің әрқай­сы­сы аудармашы пайдалануға құ­қы­лы. Олар сайлау учаскесіне келгенде аудармашы ілесіп жүреді. Бұл олардың құқы. Қазіргі күні Сыртқы істер минист­р­лігі шетелдердің көпте­ген бұ­қа­ралық ақпарат құрал­дары өкіл­де­рін аккредиттеуден өткізіп те үлгерді.

– Байқаушылардың бәрі­нің мін­деті бір­дей. Бірақ қысқа мерзімді бай­­қау­шы­лар­ға құқықтық ар­тық­шы­лық берілгені туралы жиі ай­ты­­­лады. Бұған не дейсіз?

– Қысқа мерзімді байқау­шы­ларға бірқатар құқық беріл­ген. Олар осы дауыс беру кү­ні­­нің барысын байқай алады. Сайлау комиссияларынан қа­жет­ті ақпаратты ала алады. Және ең ма­ңыздысы олар дауыс беру ке­зін­де де және дауысты есептеу сә­ті­не де қаты­су­ға құқылы. Бірақ олар­дың міндетіне қандай жағдайда да сайлауға кедергі келтірмеу кіреді. Сол сияқты сайлау комис­сияларына ықпал жасауға құқы жоқ. Демек, сайлау комис­сияларының қыз­ме­тіне ара­ласуға мүлде болмайды. Олар учас­келік сайлау комис­сиясы тө­ра­ға­сы бекіт­кен ережеге бағынуы тиіс. Оған қоса, сол елдің заң талаптарын сақтауы қажет. Егер мұны шетелдік бақылаушы бұзатын болса, онда Орталық сай­лау комиссиясы шет мем­лекет, халықаралық ұйым байқау­шы­сының аккредит­тел­уін кері қайтарып алуға құқылы.

– «Қазақстан Респуб­ли­ка­­сын­да­ғы сайлау тура­лы» Кон­сти­ту­циялық заңға өзге­ріс­тер мен толық­ты­ру­лар енгі­зілгені белгілі. Бұл ту­ра­лы не айтар едіңіз?

– 2018 жылы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар ен­гізілді. Жаңа­шыл­­дықтар жер­гі­лікті өкілетті орган­дар­дың де­путат­тарын сайлауға пропор­ционалды сайлау жүйе­сін енгізуге, сайлау процестерін цифрландыруға, мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз етуге бағытталған. Жаңа ережелер сайлау процесінің озық халықаралық-құқықтық прак­ти­касына сәйкес келетін прог­рес­­сивті сайлау жүйесін құ­­руға, негізгі сайлау қа­ғи­­дат­тарын, аза­маттардың сай­лау­­ға және сай­ла­нуға деген консти­ту­циялық құқық­та­рын және олардың ерік білдіруге деген еркіндігін қамтамасыз ету жолымен барынша ашық және демократиялық сайлау процесін ұйым­дас­ты­руға мүмкіндік бе­ре­ді. Еркін демократиялық сайлау зама­на­уи Қазақстанның қоғам­дық өмі­рі­нің нормасы болып табылады, ал сайлау заң­на­­масы және елдің сайлау жүйе­сі демократиялық даму­дың негіз­деріне толықтай сәй­кес келеді. Демек, біздің алдағы 9 мау­сымға бекітілген Қазақстан Рес­­пуб­ликасының Президентін сай­лау барлық заң талаптарына сай сай­лаушылар мен кан­ди­дат­тардың тең құқын сақтай отырып, жоғары деңгейде өтетін­ді­гіне кепіл зор. Со­ған сәйкес өзінің жарқын келешегі мен жастардың бақытты бола­ша­ғын ойлаған халқымыз бұл сайлауға бір кісідей жұмыла қатысып, сындарлы сәтте дұрыс таңдау жасайтынына кәміл сенеміз.

– Әңгімеңізге рахмет.


Әңгімелескен Александр ТАСБОЛАТ,

«Egemen Qazaqstan»