Дулат Исабеков айтпақшы, «қиярды да пиармен жейтін» қазіргі қоғамда әркім атқарған жұмысын, аттап басқан қадамын жарнамалауға құмар. Бұл қалыпты құбылыс деуге болады. Дегенмен, пиар деген түсініктің өзі басқа елдерге қарағанда кешеуілдеп келген біздің қоғамда оған бертінге дейін қырын қарап, жасаған жұмысы жоқ, жарнамасы көп адамдарға теліп келген-ді.
Иә, қоғамдық пікір бағаланатын, оған құлақ асатын жерде шебер жүргізілген пиардың мәні зор. Пиарсыз аттап басу мүмкін емес. Тауарды қымбатқа сату үшін де пиар керек, өз бағаңды арттыру үшін де пиар керек.
Ал саясатта пиарсыз табысты болу сірә да мүмкін емес. Қазақстанда пиар дегенде басқа емес, алдымен саясаткерлер, саяси науқандар еске түседі ғой. Осы орайда, саясаткердің сөзі мен ісі үйлеспейтін, жарқ-жұрқ еткен жарнамасы нақты жұмыспен негізделмейтін шенеуніктердің көп екені байқалады. Белгілі мекеменің құлағын ұстап тұрған адамдардың құрғақ пиарға ғана иек артатыны халықтың тұтас мемлекеттік қызметке деген сеніміне селкеу түсіретіні түсінікті.
Күні кеше өткен 9 мамыр мерекесіне қатысты бұрындары түрлі күлкілі кейстер тіркелген-ді. Республикалық арналардың біріне «Біз ардагерлерді парашюттен жеңілдікпен секіртеміз» деп сұхбат берген шолақ белсенділерді айтып отырмыз. Сол сияқты, төрінен көрі жуық қарияларды мұзайдынға шақырып, тегін коньки тебуді ұсынған шенеуніктер де бар. Зейнеткерлер қоғамдық көліктерде тегін жүретін қалада «ардагерлерді тегін тасып жатырмыз» деп айды аспанға шығарған әкімдік қызметкерлерін көрдік. Айта берсе, мұндай мысалдар толып жатыр.
Украинадағы президент сайлауының дүбірі жақында ғана басылып, жаңғырығы енді-енді саябырлап келеді. Сол саяси науқаннан сәт сайын хабар таратқан БАҚ-тарға алыс-жақын елдермен бірге біз де құлақ түріп отырдық. Сондай сәттердің бірінде БАҚ-тар Киев мэрі Виталий Кличконың дауыс беру учаскесіне спорт киіммен, велосипедпен келгені туралы хабарлады. Бұрынғы атақты боксшының демалыс күні спорт киіммен жүргені, велосипед тепкені соншалықты сенсация емес, әрине. Дегенмен, 3 миллиондай халқы бар тарихи қаланың, ел астанасының мэрі костюм киіп қақимай, шайтанарбамен зырғып келе қалғаны медиаға әжептәуір азық болды.
Қазақстандағы кейбір облыс, қала әкімдері бірер жыл бұрын қызметтік көліктен бас тартатындарын, жұмысқа велосипедпен барып қайтатындарын айтып, отандық БАҚ-тарды шулатқаны есімізде. Жұмысқа қымбат шетелдік машинамен емес, қоғамдық көлікпен бармақшы болған шенеуніктер де бар. Алайда, біздің шенеуніктердің аяғы талып қалды ма, әйтеуір бүгінге дейін барлығы жұмысқа жайлы көлікпен барып-келіп жүр екен.
Қарап отырсақ, дамыған елдерде саясаткердің сөзі мен ісі үйлеспесе, оның саясаттағы ғұмыры да онша ұзаққа созылмауы әбден мүмкін. Ал Қазақстанда керісінше пиары келіскендердің қызметі де өрлеп кетуі қалыпты құбылыс. Халық аңғал ма, әлде басқа себебі бар ма, әйтеуір біздің қоғамда нақты істен гөрі жалаң жарнама көбірек бағаланатын сияқты.
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Бүгін, 21:40
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Бүгін, 21:38
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Бүгін, 21:36
Теннис • Бүгін, 21:34
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Бүгін, 21:15
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Бүгін, 20:45
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Бүгін, 20:30
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Бүгін, 20:09
Алматыдағы автопарктер 400-дей экологиялық автобус сатып алуды жоспарлап отыр
Аймақтар • Бүгін, 19:30
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Бүгін, 18:47
Алматы дәрігерлері қаңтарда 1,77 млрд теңге үстемақы алды
Медицина • Бүгін, 18:36
Қазақстанда 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін ашады
Қазақстан • Бүгін, 18:36
Жаңа басылым – жақсылықтың жаршысы
Руханият • Бүгін, 18:34
Алматыда «Әйелдер маршы» өтеді
Қоғам • Бүгін, 18:30
Еуропада «пандемия салығы» енгізілді
Әлем • Бүгін, 18:26
Семейде қаржы пирамидасының жұмысы әшкереленді
Қоғам • Бүгін, 18:15
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Қоғам • Бүгін, 18:01
Елордалық мектептерде «Анамның күлкісі» атты онлайн-көрме ұйымдастырылды
Қоғам • Бүгін, 17:58
«Жануарларды нөмірлеу»: Қазақстандықтар COVID терминінің мағынасына наразы
Қоғам • Бүгін, 17:47
Президент тапсырмасымен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту үшін жұмыстар жүргізілуде
Қазақстан • Бүгін, 17:47
Асқар Молдағали каратэден Қазақстан командасының бас бапкері болып бекітілді
Спорт • Бүгін, 17:43
Қытайда миллиардерлер саны мыңнан асты
Әлем • Бүгін, 17:38
Бас мүфти: Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы тиіс
Руханият • Бүгін, 17:28
Facebook Тәжікстанға салық төлейтін болды
Әлем • Бүгін, 17:21
Әлеуметтік желілерде ПТР-тестілеу нәтижелері көрсетілген жалған бланкілер таратылуда
Қоғам • Бүгін, 17:20
2020 жылы төлем ұйымдары көрсететін қызметтер көлемі 15%-ға өсті
Қаржы • Бүгін, 17:11
Таиландта коронавирусқа қарсы вакцинация басталды
Әлем • Бүгін, 17:08
Коронавирус гүл арқылы жұға ма?
Коронавирус • Бүгін, 17:08
Елордада туберкулезге қарсы 4 мыңнан астам адам тексерілді
Медицина • Бүгін, 17:02
Пандемия кезінде әлеуметтік жобаларға атсалысқан тұлғалар марапатталды
Аймақтар • Бүгін, 16:56
Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы әуе рейстері қайта ашылады
Қоғам • Бүгін, 16:47
Қоғам қайраткері Болатхан Тайжанды еске алу іс-шарасы өтті
Қоғам • Бүгін, 16:40
Алматыда пәтер ұрылары ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 16:37
Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды
Қоғам • Бүгін, 16:21
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 16:09
Шымкенттік ұстаз 18 жыл бойына олимпиада жүлдегерлерін дайындаған
Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 16:09
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Бүгін, 15:57
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Бүгін, 15:50
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Бүгін, 15:40
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Бүгін, 15:34
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Бүгін, 15:33
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Бүгін, 15:18
Қарағандыдағы көпқабатты үйдің кіреберісінен тастанды нәресте табылды
Қоғам • Бүгін, 15:17
Алматы облысында 30 млн теңгенің жылқысын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:13
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Бүгін, 15:05
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Бүгін, 15:03
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Назарбаев орталығы мен Өзбекстанның Ислам өркениеті орталығы ынтымақтастық меморандумына қол қойды
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Бүгін, 14:55
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Бүгін, 14:50
Алматыда ағылшын тілінен өткен білім сайысы мәреге жетті
Білім • Бүгін, 14:40
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 14:37
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Бүгін, 14:32
Сенатор қандастарға берілетін төлқұжатты Наурыз мерекесінде табыстауды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 14:15
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Бүгін, 14:00
Сенатор кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтергенді жөн санайды
Қоғам • Бүгін, 13:27
«Nissan Primera» көлігі жылқы соқты
Аймақтар • Бүгін, 13:25
Мажарстан инвесторлары Түркістан облысында күн электр стансасын салады
Экология • Бүгін, 12:56
Нұрлан Нығматулин Мәжіліс жанынан партияаралық Қеңес құруды ұсынды
Парламент • Бүгін, 12:53
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары ротацияланады
Білім • Бүгін, 12:46
Түркістан облысының білім беру саласында 29 қылмыстық құқық бұзушылық деректері тіркелген
Аймақтар • Бүгін, 12:36
Елорданың бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Германиядағы локдаун 28 наурызға дейін ұзартылды
Әлем • Бүгін, 12:30
Карантинге байланысты қызметкерлердің тең жартысы қашықтан жұмыс істеуі керек
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Нұр-Сұлтанда базарлардың демалыс күндері де жұмыс істеуіне рұқсат етілді
Аймақтар • Бүгін, 12:29
Абзал Бейсенбекұлы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:19
Ұқсас жаңалықтар