Қазақстан • 15 Мамыр, 2019

Талондық жүйе несиелеуді тездетеді

979 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Биыл 1 қаңтардан бастап «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ клиенттерге қызмет көрсетудің талондық жүйесін енгізген болатын. Клиенттерге несие алу үшін өтінім тапсырған кезде жоспарланған несие бойынша негізгі мәліметтер көрсетілген талондар беріліп жатыр. Қазіргі уақытта бұл талондық жүйе шаруашылық бастауға өтінім берушілер үшін өте тиімді екенін көрсетіп отыр.

Талондық жүйе  несиелеуді тездетеді

Бұл жүйе несиелеу өтінім­дерін қарастыру ашық­­­тығын қамтамасыз етеді. Талонда несиелеу шарттары, тапсырылған құжаттардың тізімі, өтінім беріл­ген күні мен өтінімді қа­рас­тыру аяқталатын күн көр­сетіледі. Өті­німді қарастыру бойынша бизнес-процесс то­лы­ғымен сайтта көрсетіледі. Клиент өз өтінімінің жолын kazagro.kz порталына тір­келіп, көре алады. 

Талонда клиенттің аты мен­ несиелеу бағдарламасы, қар­­жы­ландыру көзі, сома, проценттік үс­теме, негізгі борыш пен сыйақы бойынша жеңілдетілген мерзім, өтінімді қабылдаған менеджердің мә­ліметтері мен байланыс телефоны көрсетіледі. Талон клиент­тің қаржыландыруға қажетті құ­­жаттар пакетін тапсырғанын дә­­лел­дейді. Талон басылғаннан кейін несиелеу өтінімі қарасты­руға жіберіледі. Клиент kazagro.kz порталындағы жеке кабинетке кіріп, өз өтінімі бойынша жүріп жатқан процесті біле алады.

«Талондық жүйенің негізгі артықшылықтарының біріне тоқталатын болсақ, бұрын клиент несие өтінімін тапсырып, ұзақ уақыт жауап күтетін. Құ­жат­тардың толық пакетін тап­сыр­ғанын растай алмайтын. Жа­уапты қызметкерден белгілі бір мерзімнен кейін жауап ала ал­майтын. Клиентке өтініміне қатысты кімнен не сұрау керек­ті­гін білу қиынға түсетін. Ал та­лондық жүйеде тапсырылған өті­німмен тікелей айналысатын қызметкердің аты-жөні, байланыс телефоны көрсетіледі», дейді «Ауыл шаруашылығын қар­жылай қолдау қоры» АҚ несиелеу департаментінің директоры Геррард Бааль.

Тағы бір мәселені айта кеткен жөн. Бұл – өтінім тапсыр­ған­нан бастап, клиенттің несие алуына рұқсат берілгенге дейінгі аралықта кететін уақыт мәселесі.

«Көп жағдайда уақыт ке­піл­дікке қойылатын мүлікті заң­дастырмағандықтан созылып кетеді. Мысалы, кейбір адам­дардың ауласында қорасы бол­ғанымен, бұл техпаспортта көрсетілмеуі мүмкін. Яғни, мал ұстайтын қорасы құжатпен заң­дастырылуы шарт. Бұдан басқа да кепілдікке қоятын жер учаскелері, техникалары және тағы басқа да мүліктері заң­дас­тырылған болуы тиіс. Сон­дықтан, өтінімді қарау уақыты құжаттарды толық жинап, өті­нім тапсырылған күннен бас­тап есептеледі. Сонымен қа­тар өтінімдерді қарау мерзімі оң­­­тай­­­ландырылды», дейді несиелеу департаментінің директоры Г.Бааль.

Биыл өтінім берген заемшы­лар алғаш рет талондық жүйені пай­даланып, оның артық­шы­лық­тарына көз жеткізді. Бұл жүйені бұрынғылармен салыс­тыруға мүлде келмейді. Алыс ауылдарда тұратын шаруалар жолға ақша шығарып, уақытын кетіріп сабылмайтын болды. Мұның алдында қосымша сұрақ туындаса немесе кейбір талаптарды түсінбей жатса, кеңсеге келуге және кезекке тұрып уа­қыт жоғалтуға тура ке­ле­тін. Ал талондық жүйе – өтінімнің қа­ралу процесін ауылда отырып-ақ көруге мүмкіндік беретін қа­рапайым жүйе. Әсіресе шалғай ауылдарда тұратын аза­­маттар үшін өте қолайлы. Сон­дықтан, несие алуға өтінім бе­ремін деу­шілер осы жүйені мең­геріп алғандары абзал. Бұл үшін облыс орталықтарындағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Се­мей қалаларындағы «Ауыл шаруа­шы­лығын қаржылай қолдау қо­ры» акционерлік қоғамының фи­лиал­дарына хабарласу қажет немесе барып толық мәлімет алған дұрыс. Алдын ала кеңесті 8 800 080 3505 тікелей желі телефоны арқылы алуға болады.


Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20