Экономика • 16 Мамыр, 2019

Шағын несиелендіру – ауыл әлеуетін арттырады

1320 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Еліміздің барлық өңірінде Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында шағын несие беру басталды. Несиелер түрлі мақсатта өз бизнесін бастайтын немесе кеңейтетін ауыл кәсіпкерлеріне беріледі. Оның жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 6%. Мерзімі, сомасы, жеңілдетілген мерзімінің ұзақтығы жобаға байланысты болады.

Шағын несиелендіру – ауыл әлеуетін арттырады

Шаруаға қанша қаржы қажет?

Статистикалық мәлімет бо­йын­ша, елімізде 190 мыңға жуық ша­руа қожалығы бар. Жүргізілген зерттеулерге сүйенсек, солар­дың кемінде 20 пайызы немесе 40 мың­­ға жуық шаруа қожалығы не­сиелік қар­жыны қажет етеді. Ауылдарда сонымен қатар үй­ ша­руашылықтары да бар. Ауыл­дың көптеген адамдары үй маңында мал өсіріп, бақша салу арқылы тір­шілік етіп отыр. Бұларға да қар­жы өте қажет. Егер оларға же­­­ңіл­детілген несие берілетін бол­­­са, қосымша мал алып, жерін ке­ңейтіп, жағдайларын түзеген бо­лар еді. Кейінгі мәліметтер бо­йынша еліміздегі ауылды жер­лерде 2 миллионға жуық үй ша­руа­шылығы тіркелген. Оларға да кем дегенде 1 трлн теңгеден астам несие қаржысы қажет.

Ауыл халқы үшін банк несиелері қолжетімсіз

2018 жылы екінші дең­гейдегі банктер жалпы ауыл ша­руашылығы саласына 490 млрд­ теңгенің несие­сін берген еді.­ Соның 14,7 млрд тең­гесі не­­­ме­се 3,74 пайызы ғана ша­ғын шаруа қожалықтарына бе­­ріл­­­ген. Қалғанының бә­рі ірі ауыл шаруа­шылығы кәсіп­орын­­дарының жоба­ларын қаржы­ландыруға жұм­салған.

Жалпы екінші деңгейдегі банктер ауыл шаруашылығындағы кәсіпорын­дардың қолында ке­­піл­ге салар өтімді мүліктің тап­шы­лығынан және олардың жұ­мыс­­тары несиені қысқа мерзімде қай­таруға мүм­кіндік бермейтіндіктен ауыл шаруа­шы­лығына ұзақ мерзімдік несие бөлуге құлықсыздық танытуда. Мұны олар­дағы несие портфелінің бөлінісінен-ақ аңғаруға болады. Оның үстіне, жеке тұлғаларға берілген несиелердің пайыздық мөл­шерлемесі – 10-16 пайызға дейінгі ара­лықта. Демек, ауыл шаруашылығы үшін пәлен­дей тиімді емес. 

Шаруа үшін құрылған қор

Міне, осындай жағдайда елі­міз­дің қаржы нарығында «Ауыл шаруашылы­ғын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның жұмыс істеуі ауыл халқы үшін үлкен көмек еке­нін айтпасқа болмайды. Қор 2005 жылдан бері шағын несиелеумен айналыса бастады. Оның ауыл шаруа­шылығы саласына бөлген несиесі 330 млрд теңгеге жуықтады. Ауылдағы 150 мың шағын және орта шаруашылық қор­дың жеңілдетілген несиесіне қол жет­кізді. Егер қор несиесінің пайыздық мөлшерлемесі шамамен 6 пайыз екенін ескерсек, мұның ауыл халқына үлкен қол­дау болғанын байқаймыз.

Мысалы, жоғарыда көрсетке­німіздей, өткен жылы банктер шағын шаруашы­лық­тарға, оның ішінде жеке тұлғаларға 14,7 млрд теңге бөлген болса, ал Қор тарапынан бұл санатқа 54 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. 

Қор 2013 жылдан бастап ауыл кәсіп­­­­керлерін шағын несиелен­діруге бағытталған мем­лекеттік бағдарлама­лардың негізгі қар­жы операторларының бірі ретінде жұмыс істеуде. Мәселен, қордың несие порт­фелінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020», «Биз­нес­тің жол картасы-2020» ая­­сында қаржы­лан­ды­рылған жобалар бар­шылық.

2017 жылдан бері қор «Еңбек» Нәти­желі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіп­керлікті дамы­ту бағдарламасының» екінші бағытын жүзеге асыруға қатысып келеді. Өткен жылы 7 800 ауылдық кәсіпкер 30 млрд теңгенің шағын несие­сіне қол жеткізді. 2017 жыл­мен салыстырғанда оларды қар­жы­ландыру көлемі 2 есеге артқан. 

Қор несиелендіретін негізгі өнімдер қатарында мал мен құс са­тып алуға және көбейтуге ба­ғыт­талған «Игілік», ауылдағы биз­­­нестің барлық түрлерін ұйым­дас­­­тыруға негізделген «Кәсіп­кер», көк­­темгі-егістік және жиын-те­рім жұмыстарына айналымдық қа­ражаттарын толықтыруға ар­нал­ған «Егінжай», отбасылық тауар­лы сүт фермаларын құруға және кеңейтуге мүмкіндік бере­тін «Ырыс» және басқа да бағдар­лама­лары бар.

Сыйлығы мол «Сыбаға»

Бүгінгі күні қор жүзеге асырып жатқан ірі бағдарламалардың бірі бұрынғысынша «Сыбаға» бағдар­ламасы болып отыр. Еңбек өнімділігі мен өнім экспортының көлемін бес жылдың ішінде 2,5 есе ұлғайту үшін «Ауыл шаруа­шылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ «Сыбаға» бағдарламасын жаңартып, несиелеуді бастады. 

Бұл несие етті бағыттағы ірі­ қара және ұсақ мал басын, тех­ни­ка мен құрылғыларды, мал азығын сатып алуға беріледі. Оның ерек­шеліктері мен жаңа­лықтарына тоқтал­­сақ, бері­летін несие көлемі 70 млн теңгеге дейін көтерілді, мерзімі 15 жылға дейін ұзар­тылып, үстемесі субсидиялау­ды есептегенде 4 пайыз болып бекі­тілген. Сонымен қоса 2,5 жыл­­ға дейінгі жеңілдік мерзімі бар. 

Асыл тұқымды малды шетел­ден әкеле­тін шаруашылықтар мемлекеттен әр малдың басына қосымша 225 мың теңге субсидия ала алады. Сонымен қоса, жас малды бор­дақылау алаңына тап­сырған кезде тірі салмақ­тың бір килограмына 200 теңгеден субсидия алады. 

Енді осыған қосымша тағы бір жеңілдік, несиені алған кезде кепілдіктің 75 пайызына дейін сатып алынатын асыл тұқымды мал мен техниканы қоя алады.

Бүгінде Қазақстанда 20 мың отбасылық ферма бар. Олардағы мүйіз­ді ірі қара саны – 7 млн, ұсақ мал 18 миллионға жетті. 12 млн­ гек­­тар жайылымдық жер пайдаланылуда.

«Сыбаға» бағдарламасын жүзеге асыру ар­қылы ауыл ахуалы едәуір жақсара түседі деген се­нім бар. Өйткені осының нәти­жесінде 2027 жылы отбасы­лық фермалардың санын 20 мыңнан 100 мыңға, мүйізді ірі қара санын 7 миллионнан 15 мил­лионға, ұсақ малды 18 миллионнан 30 миллионға, пайдаланылатын жа­йы­лымдық жер көлемін 12 млн гектард­ан 62 млн гектарға жеткізу, 10 ірі ет комбинатын құ­ру көзделуде. Мұндай жағдайда елі­мізден сырт­қа шыға­рылатын ет экс­портының көле­мі­ де әлдеқайда арта түседі деп бол­жауға бо­лады.

Ауылға бөлінетін қаржы жыл сайын артуда

«Ауыл шаруашылығын қар­­­жы­­лай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы Жандар Омаров­тың айтуынша, биыл қор тарапынан­ 62,1 млрд теңгенің несиесі бері­лед­і. Оның ішін­де – «Еңбек» бағдар­ламасы аясында – 27,5 млрд теңге, бағ­дар­лама қаражатын қай­та инвестициялау арқылы – 6,6 млрд теңге, қор­дың жеке қаража­тынан 11,7 млрд теңге бөлінеді. 

Ауыл шаруашылығы ми­нистр­­­лігі қойған міндеттерді орын­­­дау мақ­сатында етті мал­ ш­а­руа­­шы­лы­ғын дамыту үшін «Сы­баға» бағ­дар­ламасы арқы­лы 35 мың бас ірі қар­а және 131,5 мың бас ұсақ­ мал алу­ды қаржы­ландыру жоспар­­лан­ған. 

Сонымен қатар бизнес-про­цес­­­терді оңтайландыруда шар­уа­ларға қолайлы болу үшін мо­биль­ді қосымша әзірленуде. Және «ЖЕДЕЛ» жүйесін енгізіп, жеке тұл­ғалар үшін өтінімдерді қарау мерзімін 11-ден 

8 жұмыс күніне дейін, заңды тұлғалар үшін 15-тен 10 жұмыс күніне дейін қысқарту жос­пард­а бар.