Аймақтар • 21 Мамыр, 2019

Алғаш рет соя дақылын екті

973 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұршақ тұқымдас соя да­қылы бүгінде дүние жүзінде жоғары сұранысқа ие. Көп­теген мемлекеттер оны ет та­­­­­­ғам­дарының орнына тұты­на­ды.

Алғаш рет соя дақылын екті

Биыл Қызылорда об­лы­­сының диқандары ал­ғаш­ рет соя дақылын ек­ті.­ Оның се­бебі де жоқ емес.­­ Сыр­ өңірінің даң­қын шы­ғар­­ған ақ күріш кірпияз да­қыл­дар­дың бірі. Үш ай толар­сағынан су кешіп тұрып пісе­тін күріштікке су шығару қым­батқа түсіп жатыр. «Су ба­сында отырғандар бал, ая­ғын­да отырғандар у ішеді» де­гендей, өзіңде ақтарылып жат­қан өзен, көлдер жоққа тән болғаннан кейін жыл са­йын су тапшылығы сезіліп қала­ды. Сырдарияның қо­ре­гі негізінен Қырғыз Ала­тауынан Шардара су қойма­сына ақтарыла­тын су. Тә­жікстанның Памир тау­­­­­­ла­рындағы мұздақтар да Өз­бек­­станды басып, «Дос­тық»­­ каналы арқылы ке­леді. Алай­да, өзінікі бол­ған­дық­тан қонышынан басатын ағайын­дар нөпір су нақ керек кезінде кенезеңді кептіреді де қояды. Осыны бағамдаған об­лыс әкі­мі Қырымбек Кө­шер­­баев облыс шаруаларына күріш алқап­тарын азайту жөнінде тапсырма берген.

Өйткені жарлауыт жер­лер­дегі ал­қап­­тарға су шыға­рудың мүмкіндігі аз әрі қурап кетеді. Биыл аймақтағы күріш дақылын егу үш мың гектарға азайды. Алайда, жаңа технология жетіс­тіктерін пайдалану дақыл­дың өнім көлеміне әсер еткен жоқ.

Облыста суды үнемдеу, жер құнарын сақтау, артты­ру және өнімді көбейту мақса­тында тоғыз жоба қолға алын­­ған болатын. Соя – сол дақыл­дардың бірегейі. Алғаш рет қол­ға алғандықтан әзірге 20 гек­тарға егіліпті. Жер құ­на­рын­ арттыруға септігі де көп екен.

– Бұл дақылдың тұзды, сортаң­данған жерге өскені өте тиімді. Мысалы, 1 гек­тар­ға егілген қант құмайы 5-6 тон­наға дейін сол 1 гектар жердің тұзын өзімен бірге алып кетеді. Тұзын сіңі­ріп, сол жерлердің тұзын азайтуға, әрі қарай құнарлығын жоғары­латуға мүм­кіндік береді. Мал ша­руа­шылығына құнар­лы мал азығы болып есептеледі, – дей­ді облыс­тық ауыл ша­руа­шылығы бас­қар­­масы басшы­сының орынбасары Сейіл­бек Нұрымбетов.

Ауыл шаруашылығында жа­ңа­дан қолға алынған тың тоғыз жо­ба аймақтағы Қазақ күріш ғылы­ми-зерттеу инс­титуты ғалымда­рының сарап­та­масынан өтеді. Қызыл­ор­­да облысының жері шы­бық­­ шаншыса да тамыр алатын кейбір табиғаты мықты ай­мақ­­тардың санатынан емес. Жерінің тұздылығы жоғары болғандықтан анау-мынау көшеттер, дақылдар жерсіне бермейді. Сондықтан да жер жағдайына бейім, сынақтан өткен дақылдарға басымдық беріліп отыр. Соның бірі, соя бабын келтірсе, ауызды аққа тигізетін дақылдардың бірі.

 

Қызылорда облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Рәмізтанушыға арналды

Қоғам • Бүгін, 10:00

Қойнауы қойға жайлы

Аймақтар • Бүгін, 09:55

Таза табиғат – ұрпаққа аманат

Экология • Бүгін, 09:53

Баянды бағдарлама

Кәсіпкер • Бүгін, 09:50

Жасыл желек қашан жайқалады?

Талбесік • Бүгін, 09:45

Майлы дақылдың маңызы зор

Шаруашылық • Бүгін, 09:40