21 Мамыр, 2019

Өскеменде «Рамазан ата» жобасы қолға алынды

1582 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жоба аясында «Рамазан ата базарлығы» атауымен әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған жандарға, жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға сыйлықтар таратылуда.

Өскеменде «Рамазан ата» жобасы қолға алынды

Өскемендегі облыстық Халифа Алтай мешіті Рамазан айында «Рамазан ата» атты игі жобаны қолға алды. Жоба аясында «Рамазан ата базарлығы» атауымен әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған жандарға, жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға сыйлықтар таратылуда.

Өскемендегі облыстық Халифа Алтай мешіті Рамазан айында «Рамазан ата» атты игі жобаны қолға алды. Жоба аясында «Рамазан ата базарлығы» атауымен әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған жандарға, жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға сыйлықтар таратылуда. «Рамазан айын жұртшылық арасында кеңінен насихаттау мақсатында осындай тағылымды жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Ата - ұлтымыздың танымында берекеттің, жақсылықтың, игіліктің белгісі. Аяз атаға балама ретінде осындай Рамазан аталар шығып, бата беріп, базарлық үлестіріп жүрсе қандай жарасымды болар еді. Жоба шеңберінде Рамазан ата қаладағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп-интернатқа, Ардагерлер үйіне барып, базарлықтарын үлестірді. Алдағы уақытта өңірдің аудан-ауылдарын араламақ ойда.  Қасиетті айда біздің мешітте күн сайын 400-500 адамға ауызашар беріліп жатыр. Аудандық мешіттерде де ауызашар берілуде. Жалпы, ораза басталғалы мешіт тарапынан 300 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді», - дейді Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Өскемен аймағы бойынша өкіл имамы Ермек қажы Мұқатай.


ӨСКЕМЕН