Экология • 24 Мамыр, 2019

Экологиялық ахуал жайлы құнды еңбек

2189 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Жақында қолымызға Ұлттық ғылым академиясының акаде­мигі, география ғылымдарының докторы, профессор Әлия Бейсенованың «Қазақ елінің экологиялық ахуалы» деп аталатын монографиясы түскен-ді.

Экологиялық ахуал жайлы құнды еңбек

Монографияда ғалым эколо­гия­ға қатысты әлемдік мәселелер мен Қазақстандағы қоршаған ортаның жай-күйіне кеңінен тоқ­талыпты. Атап айтқанда, елде қалыптасқан экологиялық ахуал,­ Қазақстандағы полигондар, адам экологиясы тәрізді көптеген мә­се­леге назар аударған. Еңбекте Қазақстан экологиясының бар­­лық ұңғыл-шұңғылы қамты­лып­т­ы. Ғалым тіпті экология мә­­се­­­­­­­­­­­­лесінің ядролық қарудан да қауіпті екенін айтқан. Яғни, эко­логия мәселесі адамзаттық сипат­қа ие болып отыр.

Әрине, Қазақстан экология­сының бұзылуына Кеңес одағы кезінде жүргізілген өндірістік-шаруа­шылық қызмет пен ғылы­ми негізсіз жасалған жобалардың ық­палы зор болғаны белгілі жайт.­ Оған қазақ даласын ядро­лық сынақ аймағына айнал­ға­­нын қосыңыз. Осындай фак­тор­лар­дың салдарынан қор­ша­ған ортаға орасан зиян келді. Сөйте тұра тәуелсіздік алғаннан кейін де экологиялық ахуалды­ тым жақсарта алмадық. Рас, Арал теңізінің тартылуын тоқ­та­­ту үшін «Кіші Арал» жобасы жа­салып, Халықаралық Арал қоры құрылды. Семей по­ли­­го­ны бастаған бірқатар сы­­нақ­ алаң­дарын жаптық. Кө­гал­­­­­­­дан­дыру жұмыстарына да аз­ды-көпті көңіл бөліп келе­міз. Алай­­да, Қазақ еліндегі экология­лық мәселелер мұнымен ғана шек­телмейді. Өзге де күрделі жағ­дай­лар қалыптасқан. Акаде­мик мұндай жағдайлардың бәрі­не жеке тоқталып өтіпті. Моно­гра­фияның құндылығы да сонда.

Алматы әлемдегі ең лас 25 қаланың біріне айналды

Иә, Алматы әлемдегі ластан­ған 25 қаланың қатарына кіріпті. Мұндай деректі монографияда академик Әлия Бейсенова алға тартады. Бәлкім, сіз «Алматы дәл Үндістанның кейбір қалала­рындай лас емес», дейтін шығар­сыз. Мұндай уәж айтуға да құқы­лысыз. Алайда, Алатау бөкте­рін­дегі шаһар ауасының тым лас екені рас. Қалада жарты миллионнан астам көлік жүр қазір. Қалаға күн сайын кіріп-шығатын көліктердің саны да 200 мыңға жуықтайтын болса керек. Ал бұл ауаны ластауда өзге факторларға қарағанда «қара үзіп» кетеді. Өйткені әрбір мың көлік 3 мың кило көміртегі оксиді мен өзге де зиянды қалдықтар бөледі. Сөйтіп қаладағы көліктер жыл сайын ауаға 280 млн тонна кө­мір­­тегі тотығын, 56 млн тонна көмірсутек, 28 млн тонна азот тоты­ғын қо­сады. Көліктерден бөлінетін газ­дың құрамында 200-ден астам күр­делі химиялық қоспа болады екен. Міне, мұндай деректерді оқығаннан кейін «ару Алматы» деген тіркесті қол­данудың өзі қисынсыздау көрінеді. Әлия Сәрсенқызы «2 миллион халқы бар Алматы ауасы бұлай ластанып жатқанда, 20 миллион халқы бар ірі қалалар қандай күй кешуде дейтіндер де табылады арамыздан. Жоқ, ластану көрсеткіші жағынан қаламыз 20 миллионнан астам тұрғыны бар Мехико, 17 миллион­дай халық өмір сүретін Тегеран мен Шанхай, 10-15 миллионның аралығындағы халқы бар Нью-Йорк, Лондон, Ыстанбұл, Токио мен Мәскеу сияқты қалалардың алдында тұр. Олардың қасында аядай Алматының экологиясын жақсарта алмай жүргеніміз ұят», деп жазады. Монографиямен танысқан адам ластанған қалалар­дың Алматы ғана емес екеніне көз жеткізеді. Еліміздегі ластану деңгейі жоғары қалалардың қатарына Жезқазған, Қаратау, Қарағанды, Шымкент, Теміртау, Өскемен мен Глубокое кенті кіреді екен. Одан кейін Нұр-Сұл­тан, Алматы, Ақтөбе, Жаңатас, Семей, Риддер, Тараз, Ақтау, Бал­қаш, Шу қалаларының лас­та­ну деңгейі әжептәуір екені анық­талыпты.

Полигондардың зияны да аз емес

Академик Әлия Бейсенова өз еңбегінде қазақ даласындағы әскери полигондардың да мәсе­лесіне айрықша назар аударған. Кеңес Одағы кезінде ашылған сынақ алаңдары елімізде аз емес екенін жұрт біледі. Өкініш­­ке қа­рай олардың көбі ядролық сы­нақ жасау мақсатында қолда­ныл­ды. Жұрт білетін Семей по­­ли­­гонынан бөлек, Кеңес ода­ғы кезінде Қазақстанның 27 же­­­рін­­де 38 ядролық жарылыс жа­­­­са­лыпты. Орал өңірінде 

8 жа­­­­ры­лыс жасалса, қалғаны Ақ­­­­тө­бе, Ақмола, Маңғыстау, қа­зір­гі Түркістан облысы же­рін­­­де жасалды. 1990 жылғы мә­­­­­­лі­­­мет бойынша, Қазақстан аума­­­ғының 16 млн 686 мың гек­­­тардан астам жерінде түрлі қа­ру­лар сыналған. Ал Семейдің өзінде 468 ядролық жарылыс жасалған. Әлия Сәрсенқызы мо­нографиясында Семей, Бай­қо­ңыр, Жем, Арал, Чкалово, Аз­­ғыр, Тайсойған, Сарышаған, Төретам тәрізді бірқатар сынақ алаңдарының болғанын жазады. Сонымен қатар әрбір по­лигондағы жарылыстар саны мен қазіргі хал-күйіне тоқталған. Жасалған сынақтардың қандай зардап әкелгеніне де назар аударады. Сондай-ақ еңбектен ядро­лық, бактереологиялық қару­ларды сынаудың хронологиясын да кездестіресіз. Өңірдің табиғатына келген зиян, түрлі химиялық элементтер мен қос­па­лардың мөлшері, жарылыс кезінде түсірілген суреттерді де табуға болады. Тіпті 1953 жы­лы Семей полигонында ядро­лық сынақ жасалған кезде Қа­рауыл елді мекенінде қалып қойған азаматтардың тізімі де бар. Дұрысы, олар полигон аума­­­ғында қалып қойған жоқ, әске­рилер әдейі тастап кетіпті. Сы­нақ салдарынан елді мекенде қалған 40 адамның барлығы әр­түрлі кезеңде өмірден озыпты. Монографияда радиоэкология, адам экологиясы, ғаламдық экология тәрізді бағыттардың да ерекшеліктері сипатталып, мол мағлұмат берілген. Қысқасы, «Қазақ елінің экологиялық ахуалы» атты монография еліміздегі экологиялық жағдайдың то­лық кар­тинасымен танысуға мүмкін­дік беретін еңбек.