Технология • 28 Мамыр, 2019

Радиацияға қарсы киіз қаптама

1152 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мұхтар Әуезов атын­дағы Оңтүстік Қазақстан мем­ле­кеттік университетінің сту­денті, дарынды өнертапқыш Ерасыл Анарханұлы смарт­фондарға арналған анти­ра­диа­циялық қаптама ойлап тап­ты. Ол бұл жетістігін қа­ла­лық Қазақстан халқы Ассам­блеясының I сессиясында көп­шілікке таныстырды.

Радиацияға қарсы киіз қаптама

«Бүгінгі жаңа техноло­гиялар заманында ұялы бай­ланыс құралдары өмірі­міз­дің айырылмас бір бөл­шегіне айналды. Алай­да, смарт­­фондардың артық­шы­лығы мейлінше артқан сайы­н адам денсаулығына зияны да соғұрлым көбеюде. Смартфонның электр тарату қуаты 3 Вт. Ал радиация таратуы 9 Герц. Және де элек­­­тромагниттік өріс арқы­лы маг­ниттік энергия бөліп өзіне тәуелді етеді. Ұлы­бри­тания ғалымдарының зерт­теуі бойын­ша смартфон балалардың 80 пайыз, жасөспірімдердің 50 пайыз, ал үлкендердің 30 пайыз ми бөлігіне күш түсіреді. Қазіргі балалар смарт­фонға тәуелді. Олар құр­­сақта жатып радиа­циямен нәр алып, виртуалды әлемде шек­теліп өсуде. Смартфонның зиянын білсек те, пайдалануды жалғастыра береміз. Себебі бұл – қажет­тілік. Де­ген­мен, оның зиянды бөлік­терін бәсеңдетіп, зардабын азайта аламыз», дейді жас өнертапқыш Е.Анар­ханұлы.

Жас ғалым зиянды бөлініс­тер арқылы адамның жүйке жасушылары әлсіреп, де­прессияға түсіп, ауыз қуысы мен ми обырын туғызатынын тілге тиек етті. Сондай-ақ ғалымдардың зерттеуінше, төс қалтасында ұстаушыларға жүрек ауруы­н туындатуы, ал қалтада ұстаса жыныстық органдардың эмбрионының қызметі мен физиологиялық дамуына теріс ықпал ететінін айтып өтті. Осы зиянды ауру­­­лардың алдын алу үшін өзі ойлап тапқан жаңа антира­диа­циялық қаптаманың ерек­шелігімен бөлісті. 

«Мен жаңа нәрсе ойлап тапқан жоқпын. Зерт­теу нә­ти­жесінде ата-ба­ба­мыз ойлап тапқан жә­не пайдаланған киіз­ді қа­зір­гі керек дүниелерге ен­гіздім. Антирадиациялық че­холдың ең маңызды ин­гре­диенті – киіз. Белгілі этнограф Болат Бопайұлының айтуы бойын­ша, киіз жылу мен суықты ұстайды. Уа­қыт өткен сайын сапасы арта тү­седі», дейді 1 курс сту­ден­ті Е.Анарханұлы. 

Дарынды өнертапқыштың айтуынша, радиацияға қарсы қаптама смартфонды суық пен ыстықта қалыпты температурада сақтап, өшіп қа­лудан, қызып кетуден қор­ғайды. Киіз және құм арқы­лы таралатын электр энер­гиясын 3 ваттан 1,85 ватқа дейін түсіреді. Ал радиацияны 9-дан 6 герцтік күшке дейін төмендетеді. Және киіз телефонның вибрация арқылы келетін элек­­тромагниттік өрісті жоғар­ғы жү­йелі ауаға таратып адам бойы­на өткізбейді. Смарт­фон­ туғызатын аурулардың алдын алып, денсаулыққа, қан айналымына, жүйке жүйесіне және тыныш ұйықтап сергек оянуға мүмкіндік береді.


ШЫМКЕНТ