Аймақтар • 30 Мамыр, 2019

«Шахристан» қайта түлейді

1643 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Осыдан бірнеше жыл бұрын Тараз қаласындағы «Шахристан» базары жабылып, нысан қараусыз қалғандай күй кешкен болатын. Талай жылдан бері жергілікті халықтың күнкөрісіне айналып келген орталықтың жұмысы бір күнде тоқтап қалады деп ешкім де ойламаса керек. Мұны әркім әр саққа жүгіртіп, түрлі пікірлер тудырды. Алайда ежелгі шаһардың орны табылған мекен ұлт тарихының ұлы құндылығы болып осы күнге дейін жетіпті.

«Шахристан» қайта түлейді

Ендігі жерде аталған кешенді жаң­ғырту жұмыстарын қолға алу, қалпына келтіру, екі мың жылдан астам тарихы бар ерек­ше шаһардың сәулеттік кел­бетін арттыру басты мақсат бол­ды. Шындығына келсек, осы уақытқа дейін қаңырап тұр­­ған кешеннің тағдыры тура­лы да көп айтылған жоқ еді. Бү­гінде «Шахристан» тарихи-мәдени кешенін жаңғыртуға жо­ғары деңгейде көңіл бөлініп отыр. Жамбыл облысының әкі­мі Асқар Мырзахметовтің тап­сыр­масымен аталған кешенді қалпына келтіру жұмыстары басталып та кетті. Қазіргі кезде бұрынғы базардың орны сүрі­ліп, оның орнын тазарту шаралары қолға алынған. Жалпы, 200 гектарға созылып жатқан ке­шен аумағына болашақта көркем­сурет галереясы, облыстық өл­­­­ке­тану мұражайы, 700-800 орын­дық амфитеатр, көлемді сағат стелласы, көрме залы және «Руханият» орталығы салынатын болады. Тараз қаласы әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосыновтың айтуынша, мұн­да барлық шаруалар жіті қадағалануда екен. Сонымен қатар шаһар басшысының орын­басары Тараз қаласының тұр­ғындары мен қонақтары үшін кө­ліктердің қозғалысын, салынатын ғимараттардың нобайын және көшелер тұйықталатын тұстарды ретке келтіру маңызды екенін айтады. Бұл орайда тиіс­ті жұмыстар да атқарылуда екен. Сонымен қатар жобалар ая­сын­дағы құрылыс жұмыста­рына «Самарқанд» технологиясы­мен әзірленген арнайы қыш кір­піштер қолданылады.

Көне шаһарға көп өзгерістің керек екені анық. Жыл басынан бері Тараз қаласын түлетудің тың жолдары да қарастырылуда. Та­рихи қаланың сәулеттік кел­бетін арттыруға бүгінде тиісті ме­ке­мелердің бәрі де атсалысуда. Мәселен, қалалық сәулеттік бюро мекемесіне қала ішінен бой көтеретін нысандардың ноба­йын сызып, сұлбасын дайындау жүктелген екен. Бұл ретте аталған мекеме облыс орталығында өзіндік қолтаңбасын қалдыруда сапалы жұмыс жүргізуге дайын екенін жеткізді. Бюро басшысы Арман Әбдешов қазіргі уақытта «Шахристан» этномәдени орта­лығының жобасына ерекше мән берілуде екенін, сондықтан атал­ған орталықтың құрылысын ал­дағы күз мезгіліне дейін аяқ­тауға күш салынатынын айтты. Сонымен қатар «Көне Тараз» кешені мен «Шахристан» этно­мәдени орталығы қосылып, екі нысанның арасынан бір ша­қы­рымға созылатын арбат құ­рылысы жүргізіледі екен. Бұ­дан бөлек, «Тектұрмас» этнотарихи кешенінде «Көне Та­раз» стансасы салынып, аспалы жол тартылады. Аспалы жол «Тектұрмас» кешенінен «Ша­христан» орталығына дейін созылады деп жоспарлануда. Мұның бәрі де көне Тараз шаһарының тарихын білгісі келген турис­терге жасалған жақсы жағ­дай болмақ. Сонымен қатар жер­гілікті тұрғындар үшін де жақ­сы жаңалық екені даусыз. Бұл орайда Жамбыл облыстық ту­ризм басқармасының басшысы Қарлығаш Аралбекова ал­дағы уақытта «Шахристан» орталығында 60 шақты шеберхана орналасқан қолөнершілер қа­лашығы пайда болатынын айтты. 

«Шахристанды» қайта түле­туге арналған жаңғырту ша­ра­л­арын жыл соңына дейін аяқ­­тау жоспарланған. Негізі, биыл Әулиеата жеріне келетін турис­тердің қатарын 400 мыңнан асы­руға ниеттеніп отырмыз. Қазіргі таңда Жамбыл облысы аумағында тарихи-археологиялық, эколо­гиялық, медициналық сауық­тыру және балалар туризмі қар­қынды ілгерілеу үстінде. Әсі­ресе аңшылық пен балық аулауға қызығатындар қатары артуда»,­ дейді басқарма басшы­сы. Ал жергілікті әкімдіктің мәлі­метінше, бүгінде жоғарыда атал­ған бағытта 50-ге жуық кә­сіп­керлік нысан арнайы тір­кеуден өтіп, қызмет көрсетуге әзір екен.­ Сондай-ақ жуық арада «Төрткүл» тарихи кешені ма­ңынан бірегей «Қазақ ауылы» этно­жобасы да басталатын болады. «Ол үшін Тараз қаласынан 12 арнайы туристік бағыт әзір­леніп, қонақтарға ыңғайлы жағ­дай туғызу мақсатымен 33 ту­ристік орталық арнайы мобиль­ді қосымшаға егжей-тегжейлі тү­сіндіріліп, енгізілген. Енді ол жерден барлық қажетті мәлі­меттерді QR код арқылы да бес тіл­де алуға мүмкіндік бар», дей­­ді Қарлығаш Аралбекова. Сон­дай-ақ ол қосымшада Жам­был өңірінде қызмет ететін 178 қонақүй мен 300-ден астам та­мақ­тану орнының және көлік та­сымалының сызбасы, ақша айыр­бастау пунктері мен туристік агент­тіктердің тізімі, бағалары жасақ­талған.

«Шахристан» кешені – Тараз қаласының негізгі көшесінде орналасқан нысан. Аталған кешен қайта жаңғыртудан өтіп, ел игілігіне берілсе, әлі талайды тамсандыратыны анық. Ең бастысы Тараз тарихын әй­гі­лей­тін, ел шежіресін насихаттай­тын орталық болса, бұл да әу­лиеаталықтар үшін аз олжа болмас еді...


Жамбыл облысы