Аймақтар • 08 Маусым, 2019

Өндірістік-өнеркәсіптік көрсеткіштер төмендеген

831 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында жартыжылдықтағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы қаралды.

Өндірістік-өнеркәсіптік көрсеткіштер  төмендеген

Ай сайын жүргізілетін мониторинг барысында агроөнеркәсіптік кешенде көрсеткіштері алда келеді. Әр аудан-қалада 1-8 пайыз шамасында өсім болжануда.

Ал, өңірде құрылыс, сауда, өнеркәсіп салаларының даму көрсеткіштері  біршама  төмендеген. Өнеркәсіптегі көрсеткіштің төмендеуіне Ресейге екібастұздық ГРЭС-2 стансасынан электр энергиясы экспортының тоқтауы себеп болған.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметінше, стансаның қожайындары  «Самұрық-энерго»- АҚ пен  келіссөздер жүргізіліп, экспорт мәселесін қайта жандандыру   талқылануда. Сонымен бірге, «Мұнай-химия зауытын» ЖШС-да жоспарлы жөндеуге байланысты өндіріс тоқтап, мұнай өнімдерін өңдеу 10-15 пайызға төмендеген.

Облыс  орталығындағы «Кастинг» және «KSP Steel» кәсіпорындарында шикізаттың жетіспеушілігінен болат өндірісі азаяды деп болжануда.

Ал, жергілікті жердегі металл сынықтары Ресейге теміржол көлігімен тасымалдануда. Мысалы, «Қазақстан алюминийі» АҚ-нда глинозем өндірісінің кемуі тіркелген. Машина жасау саласы да артта қалды. Екібастұздық «Қазақстанның вагон жасау зауыты» ЖШС тоқтап тұрса, «Проммашкомплект» кәсіпорнында да өндірістің кідруі байқалған. Енді  не істеу керек? Облыс әкімдігі көрсеткіштердің сапасын жақсарту үшін шағын және орта бизнесті, қарапайым заттар экономикасын алға бастыру жүктеді. Аудандарға қарапайым заттар экономикасына үлес қосатын 20 жоба іске қосу міндеттелді.

Жыл соңына дейін 4,5 млрд. теңге шамасында қосымша кіріс түсуі керек.