Бұрын көбінесе алған білімнің теориялық сипаты басым түсіп жататын. Сол үшін әрбір адам мектеп партасынан бастап білімді көбірек жинауға тырысатын. Мектеп, институт, аспирантура, докторантура сынды білімнің белгілі бір сатысынан өткен сайын адамның көзқарасы кеңейіп, ақылы толысып, өзі қызмет ететін салада кемелдік биігіне көтерілетін. Қызметі жоғарылап жататын.

Соған сай адам мен адамның арасын көп жағдайда оның бойға жинаған білімі мен өмірлік тәжірибесі алшақтатып тұратын. Осы мәселе туралы данышпан Абайдың «Ғалымнан надан озбас ұққанменен», дегенінде қаншалықты мағына жатыр десеңізші.
Интернет шырмауығының әлемге кеңінен тарауы, осыған сай қашықтықтан оқытудың, жалпы адамның білім жөнінде өз ізденісінің нығаюы кез келген елдің білім саласынан жаңалықтарды талап етуде. Мәселен, енді білімді интернеттен кез келген уақытта ала алатын болсаң, онда сол интернетте бар дүниелерді миға жаттаудың қажеті қанша деген сұрақ бас көтеретіндей.
Осы сұрақты одан әрі қоюлата түсетін екінші бір мәселе білім саласының негізгі тапсырысшысы болып табылатын еңбек нарығындағы өзгерістерге қатысты болып отыр. Бұл нарық та жыл өткен сайын өзгеру үстінде. Жаңа технологиялардың қаулап дамуы, өндірісті автоматтандыру, роботтандыру үдерісінің жаппай етек алуына сәйкес адамдар игерген кейбір мамандықтардың ауқымы барған сайын қысқарып жатса, екінші бір сала мен қызметте жаңа мамандықтар ашылуда. Бұрынғыдай адамдар бір салада өмір бойы тұрақтап істейтін жұмыс пен кәсіп көзі барған сайын азайып келеді. Осы жағдай алдағы өмірде еңбек нарығының бұрынғы тұрақтылығы азайып, ендігі кезекте адамдардың жаңа мамандық пен кәсіп көзін игеру бағытында өмір бойы оқуға мәжбүр болатындығын білдіреді.
Біздің пайымымызша, ендігі кезекте тек алған біліммен ғана алға кете алмайсың. Өйткені алдымызда еңбек нарығында үлкен көлемдегі жұмыссыздар армиясының пайда болып, жұмыс үшін бәсекенің күшеюі бірінші кезекте адамның қабілет қарымын шыңдай түсуді қажет етуде. Бойында мықты қабілет, тіпті талант болған жағдайда адам білімдімен таласқа түсе алатындай шамаға толық көтеріле алады. Өйткені ендігі кезекте оның интернет арқылы білім жинауына болады. Жалпы, интернет алдағы өмірімізде оқу мен білімге қатысты адамдарды белгілі бір мөлшерде теңестіре түсуге тиіс. Себебі ақпарат алу жеңілдеді. Біз қазірдің өзінде ақпараттандыру заманында өмір сүріп жатырмыз деп айта аламыз.
Жоғарыдағы мәселенің шындығын ірі халықаралық компаниялар қажетті мамандар таңдауда қазірдің өзінде ескеруде деп айтуға болады. Мәселен, олар енді маманның қолындағы дипломның болуын екінші кезектегі мәселе ретінде қарайтыны сезіліп жүр. Олар ендігі кезекте қызметкердің сыни ойлау қабілетін, сонымен қатар ағылшын тілін меңгеру деңгейін айқындауға назар аударады. Осы екеуінсіз олар өткізетін конкурстар талабынан шығу қиын.
Сонымен біздің бүгінгі орта мектептеріміз алдағы заман өзгерістеріне қаншалықты дайын? Олар білім беруді қаншалықты тиімді ұйымдастырып отыр? Осыны білмек болып, «Оқулық» орталығының сайтында ілініп тұрған бірқатар пәндер оқулықтарын ақтарып көрген едік. Бұрынғыдай емес, қаптаған пәндерді бір-біріне кіріктіре түсу мақсатында жасалған өзгерістерді байқадық. Бірақ осылардың өзі заманның өзі революциялық қадамдарды күтіп отырған алдағы өміріміз үшін тым мардымсыз өзгерістер секілді. Жалпы оқулықтарды заман талабына сай өзгертудің дұрыс жүйеленген жолдарын байқамадық. Оқулықтар бұрынғыдай сықиған фактілерден көз сүріндіреді.
Әрине, білім саласын реформалауға бүкіл әлем елдері назар аударып, әркім өз бетінше жаңалықтар енгізіп жатқан қазіргі жағдайда Қазақстан үшін білім саласын реформалаудың дайын нұсқасы жоқ екендігі түсінікті. Дегенмен басқаларға қарап, белгілі бір тұжырым жасаудың мүмкіндігі бар. Мәселен білім сапасы жөнінде әлем көшінің алдыңғы легінде келе жатқан Финляндия қазірдің өзінде білімді пәндерге бөліп оқытудың дәстүрлі жүйесінен бас тартты. Енді олар оқушылар бойындағы қабілет-қарымды ерте ояту бағытында сыни ойлауға, креативтілікке, коллаборативтілікке машықтандыруға назар аударуда. Әлемнің басқа елдерінде де осындай өзгерістер бар. Енді адамдар білім алу мәселесімен өмір бойы айналысатын болса, оқушыларға қажетсіз дүниелерді тықпалап, басын қатырудың қанша қажеті бар?!
Петропавлда жаяу жүргінші көлік астына түсті
Аймақтар • Кеше
Пандемия аяқталғаннан кейін коронавирустық инфекция неге айналады?
Коронавирус • Кеше
Асқар Мамин жаңа министрлерді таныстырды
Үкімет • Кеше
Қызылордада мемлекеттік бөбекжай-бақша ашылды
Аймақтар • Кеше
Open Shymkent бірыңғай сервис порталы құрылады
Аймақтар • Кеше
Банкте ипотекасы бар азаматтарға салық жеңілдігі беріледі
Экономика • Кеше
Кәсіпкерлер «Almaty Business - 2025» бағдарламасын пайдалана ала ма?
Экономика • Кеше
Ресейде тұрғындарды қар басып қалды
Әлем • Кеше
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды
Саясат • Кеше
«Almaty Finance» бизнеске қолдау көрсету бағдарламалары кеңейтілді
Экономика • Кеше
Доллардың ертеңгі құны қандай болады?
Экономика • Кеше
Шымкентте бұқаралық спортпен айналысушылар саны артады
Аймақтар • Кеше
"Бедеуліктен емдеймін" деген әйелге сот ісі басталды
Оқиға • Кеше
Мұхтар Тілеуберді қос қызметті қатар атқармақ
Тағайындау • Кеше
Ұлттық экономика министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкіметтің жаңа құрамы жарияланды
Қазақстан • Кеше
Шетелдіктердің Қазақстанда уақытша тұру мерзімі ұзартылды
Қазақстан • Кеше
Атырауда шикізаттық емес өнімдер экспортының көлемі артады
Экономика • Кеше
Атырауда 558 мас жүргізуші жазаланды
Аймақтар • Кеше
Алматыда Қуат Хамитовтың соты өтіп жатыр
Спорт • Кеше
Словакияда тұрғындарға серуендеуге тыйым салынды
Әлем • Кеше
Қызылордада абақтыдағылар астау жасап жатыр
Аймақтар • Кеше
Экс-депутат QazIndustry-де жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазақстанда ерікті вакцинадан қайтыс болса қанша теңге төленеді?
Медицина • Кеше
Нұр-Сұлтанда қалалық парктер 2021 жылы қалай түрленеді?
Елорда • Кеше
Алматыда модульді госпиталь қайта ашылады
Аймақтар • Кеше
Президенттің апталық жұмысына бейне шолу
Видео • Кеше
Қар құрсауынан 50-ден астам көлік құтқарылды
Қоғам • Кеше
Мефедрон сатқан екі петропавлдық ұзақ жылға сотталды
Аймақтар • Кеше
«Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Экс-депутат бас басылымға қызметке келді
Тағайындау • Кеше
Қостанайда сирек кітаптар көрмесі ашылды
Әдебиет • Кеше
Биыл Шымкентте 36 маршрут субсидияланады
Аймақтар • Кеше
Үстел теннисінен ел чемпиондары анықталды
Спорт • Кеше
Бокстан ел біріншілігі басталды
Спорт • Кеше
Алматыда 500-ден астам бизнес нысандары тексерілді
Қоғам • Кеше
Қызылордада есірткі тасымалдаған тұрғын ұсталды
Аймақтар • Кеше
Ұлы сарынның сарқыты – Жамбыл жырау
Руханият • Кеше
Сенаторлар жол қозғалысына қатысты заң жобасын қарайды
Үкімет • Кеше
Үйді бөлісе алмаған балалары анасын соққыға алған
Қоғам • Кеше
Телемұнарадан түсе алмай қалған жігіт құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Қапшағайдағы мұз жамылғысы желі қолданушыларының назарын аудартты
Фотогалерея • Кеше
Шымкентте карантин талаптарын бұзғандарға айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Теміржол билеттері қымбаттайды
Қазақстан • Кеше
Түркі елдері халықаралық ұйымдары Әзербайжанға барды
Руханият • Кеше
Ауа райы • Кеше
Көлсай мен Қайыңдыда коньки тебуге бола ма?
Экология • Кеше
Ұқсас жаңалықтар