10 Қаңтар, 2013

Құқық қорғау қарымы артпақ

306 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Құқық қорғау қарымы артпақ

Бейсенбі, 10 қаңтар 2013 7:42

Еліміздің құқық қорғау органдары үшін жаңа жыл ұлттық құқықтық жүйені жаңғыртудың кезекті кезеңі болмақ. Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында құқық қорғау мәселесі жоғары деңгейде айтылды. Онда еңбектеген сәбиден бастап, еңкейген қартқа дейін адамдардың құқықтарының қорғалуы қатаң назарға алынды.

 

Бейсенбі, 10 қаңтар 2013 7:42

Еліміздің құқық қорғау органдары үшін жаңа жыл ұлттық құқықтық жүйені жаңғыртудың кезекті кезеңі болмақ. Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында құқық қорғау мәселесі жоғары деңгейде айтылды. Онда еңбектеген сәбиден бастап, еңкейген қартқа дейін адамдардың құқықтарының қорғалуы қатаң назарға алынды.

Бұл мақсатқа қол жеткізу барысында, тіпті, ең ұсақ деген заң бұзушылықтар үшін де жаза күшейтілмек. Сондықтан да биылдан бастап, ұлттық құқықтық жүйені жаңғыртудың кезекті кезеңі басталуы керек. Бұл тек ұлттық мүдделерді ғана қорғап  қоймай, сонымен қатар, қарқынды дамып отырған халықаралық құқықтық ортамен де үйлесуге тиіс. Демек, құқықтың барлық базалық салаларында біздің құқық жүйеміздің бәсекелестігін арттыру жөнінде жүйелі шаралар қабылдау тапсырылатындығын Мемлекет басшысы қадап айтты.
Әрине, бұл үшін әуелі елде кез келген тәр­тіп­сіздікке мүлдем төзбеушілік үрдісі қалып­та­суы тиіс. Дамыған қоғам елде орнаған бірдей тәртіп пен реттіліктен, тазалықтан бастау алады. Сондықтан да Елбасы біз ең ұсақ құқық бұзу­шы­лықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керектігін, өйткені, осының өзі-ақ қоғам тыныштығын бұзып, өмірдің сапасына селкеу түсіретіндігін жеткізді. Айнадай жарқыраған көшеде кетіп бара жатып шылым шегу, оның тұқылын кез келген жерге тастай салу, түкіру, қақырыну, көлік терезесінен көшеге қоқыс лақтыру мұның бәрі тәртіпсіздік, соның ішінде өзгенің құқын таптау деген сөз. Ал мұны болдырмау құқық қорғау органдарының міндеті. Сондықтан да тәртіпсіздік пен бетімен кетушілікті сезіну одан да елеулі қылмыстарға жол ашатыны ескеріле отырып, қоғамдық орындардағы бұзақылық әрекет үшін жеке іс қағазында және резюмеде міндетті түрде көрсетілетін және жұмысқа қабылдау, қызмет сатысы бойынша өсіру кезінде ескерілетін жаза қолдану да енгізілетіні анық.
Бұл орайда осы заңдылықтардың орындалуын прокуратура органдары қадағалайтын болады. Мәселен,  мемлекеттік аппарат бизнес-қа­уым­дастықпен өзара іс-қимылдың жаңа жүйесін құ­ратындығына байланысты енді прокуратура органдарының бизнесті заңсыз араласудан қор­ғау бойынша жүргізіп отырған жұмыстары кәсіпкерлердің құқықтары бұзылуының алдын алуға бағытталатын болады. Бұрынғы заңнамалар негізінде дайындалған кодекстер бүгінде ескіріп қалды, енді барлық құқық қорғаушылар алдына Қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық, Қылмыстық-атқарушылық және Әкімшілік құқық-бұзушылық туралы 4 негізгі кодексті адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру жөніндегі жауапты міндет қойылды. Бұл өзекті заң актілерінің қабылдануы қылмыстық сот ісін жүргізуді және ең алдымен, қылмысқа қар­сы мемлекеттің күрес саясатын тұжырымдық тұр­ғыдан жаңғыртады, сөйтіп азаматтар құқықтарын қазіргі сын-қатерлерге өз дәрежесінде әрекет жасайтындай деңгейге көтеретіндігін мамандар да айрықша айтуда. Бұған қоса тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және тиісті заңнамалық базаны жетілдіру мемлекет дамуының маңызды бағыттары ретінде айқындалмақ. Мәселен, жемқорларға қарсы күрес түбегейлі күшіне еніп, және соған сай тиісті заңнамалық база жетілген соң қазіргі миығынан күліп жүрген сыбайластардың соңғы сағаты соғатыны анық. Соған сәйкес алдағы кезеңде ана мен баланы қорғау, сондай-ақ, отбасы және неке саласындағы заңнама түбегейлі қайта қаралады.
Осы негізгі заңнамалық актілерді қабылдау қыл­мыстық сот өндірісін түбегейлі жаңартады және қазіргі біздің құқықтық жүйемізді заман талабына сәйкесінше жауап беруге мүмкіндік беретін жаңа сапалық деңгейге көтереді. Сондай-ақ, құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерді одан әрі реформалау жөнінде жауапты міндеттер жүктелді. Осыған орай құқық қорғау органдарының Кадр сая­саты тұжырымдамасын әзірлеу, сондай-ақ, осы мәселелерді шешу үшін Жоғары аттестаттау комиссиясы базасында құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін құрылым құру, құқық қорғау және арнайы органдар жетекшілерінің Президенттік резервін қалыптастыру құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғырту бағдарламасында көрініс таппақ.

Александр ТАСБОЛАТОВ,
«Егемен Қазақстан».