Жуықта «Атамекен» телеарнасында «Қазақстанға қандай өзгерістер қажет?» деген қызықты тақырыпта арна жүргізушісі Ерболат Мұхамеджан Экономикалық саясат институтының директоры Қайырбек Арыстанбековпен және саясаттанушы Саясат Нұрбекпен сұхбат құрды. Бұл сұхбат бізге ұнады. Біраз жайттар айтылды. Содан түйгеніміз, ел ішінде қоғамды демократияландыру бағытында үлкен өзгерістердің қажет екендігі болды.
Бізді, әсіресе сұхбаттасу барысында қозғалған мына бір мәселе ойландырып тастады. Сөз арасында білімді де жігерлі ініміз Саясат Нұрбек «Дамыған Батыс елдеріне қарасаңыз, жеке адамның мүддесін жоғары қояды. Өйткені жеке адамға жайлы болса, бүкіл қоғамға да жайлы. Ал бізде ұлттық мүдде деген бар. Ұлттық мүдде дейміз де көп істі теріс жасаймыз. Ал оны жеке адамдардан бұл дұрыс па, бұрыс па деп ешкім сұрап жатпайды» деген ой қозғады.
Қарап отырсақ, Саясаттың қозғап тұрғаны өте орынды мәселе. Пролетариат диктатурасы, яғни бұқара халық үстемдік құруға негізделген Кеңес Одағының өзінде бәрін де болашақ қамына, социализм мұраттарына бағындыра отырып, адамдарға жайлы қоғам құру, оның еркіндігін қамтамасыз ету көп ескерілмеген еді. Ақыры тұрмыста Батыс мемлекеттерімен бәсекеге төтеп бере алмаған Кеңес Одағы құлады. Қарапайым халықтың өзі оның артықшылықтары мен кемшіліктерін дұрыстап ұға алмай қалды.
Менің түсінігімде, ұлттық мүдде дегеніміз бұл – астананың салынуы. Басында бұл идеяның жеке адамға да, көпшілікке ұнай қоймағандығы анық. Өйткені саз балшыққа батып жатқан Ақмоланың орнына жаңа астана салу дегеніміз, бұл – қиындықтармен бетпе-бет келу ғой. Соған қарамастан жаңа елорда салынды. Көз сүйсінетін әдемі қалаға айналды. Енді ешкімге жаман емес секілді. Сөйтіп бұл идея ұлттық мүддені ойлаудың жарқын көрінісіне айналып отыр.
Екіншіден, елдің ішіне мыңдаған шақырымдарға созылған жаңа теміржолдар тартылуда. Автобандар салынуда. Біз әзірге олардың қызығын әлі көре қоймасақ та, осылардың бәрі салынып біткенде, бүкіл елімізге де, жеке адамдарға да жайлы болып шықпай ма? Осыларды қазір салып алмай тұрып жайлы тұрмысқа қалай қол жеткізбекпіз? Әрине, Батыс елдерінің өмірі жайлы, тұрмысы жоғары. Өйткені оларда бәрі салынған. Олар салатын үйін салып, ішін қажетті жиһаздармен толтырып, енді соларды тек жақсарта беру қамында жүрген адамдарға ұқсайды. Ал бізде әзірге барлық алаң ашық қой.
Сондықтан мен біздің елімізде жеке мүддеге қарағанда ұлттық мүдде әлі де болса, жоғары тұруы керек деп есептеймін. Бізде шешілмеген мәселе әлі шашетектен. Тіл мәселесін алайық, жер астында жатқан ұлттық байлықты игеру, оны халық үшін іске жарату мәселесін алайық, жоғарыда айтылған жайлылықты қалыптастыру мақсатындағы әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымдар қалыптастыру мәселесін алайық, қоғамды демократияландыру бағытындағы саяси институттардың және олардың құрылымдарының қалыптасу мәселесін алайық. Міне, осындай өте өзекті мәселелердің әлі толық шешімін таппағандығына қарамастан, елімізде «Қазақстан – қалыптасқан мемлекет» деген түсінік айтыла бастады. Менің ойымша, бізге бұлай деп айтуға әлі ертерек. Біз үш жүз жыл бойы халық ретінде өзіміздің ұлттық мүддеміз бойынша жұмыс істей алмай келдік. Өйткені аман қалу жолында арпалысқан заман болды, тізгініміз басқаның қолына тиді. Тек соңғы жиырма бес жылда ғана ұлттық мүддемізге сәйкес біраз мәселемізді шештік.
Енді тіпті «халықтар жаһандану ықпалында жұтылып бара жатқан күрделі заманда ел мүддесін ертең кім қорғайды?» деген сұрақ тағы да бас көтеріп тұр. Өйткені ел мүддесін, мемлекет тұтастығын бірінші кезекте қорғайтын, мемлекеттің мызғымастығының берік кепілі саналатын саяси күш – орта тап әлі қалыптасып, бел алған жоқ. Оны қалыптастыруымыздың өзі – біздің ұлттық мүддеміз болып табылады.
«Мың алғыс»: Қайырымдылық телемарафонында 22 миллион теңге жиналды
Қазақстан • Кеше
Биыл медициналық сақтандыруға қанша қаржы бөлінеді?
Медицина • Кеше
2020 жылы МӘМС аясында қанша күрделі операция жасалды?
Медицина • Кеше
Елбасы • Кеше
Тарих • Кеше
Спорт • Кеше
Бас театрдағы балалар студиясы
Өнер • Кеше
Алтын шынжырдың соңғы шығыршығы...
Руханият • Кеше
Қызылорда облысында карантин шаралары жеңілдетілді
Аймақтар • Кеше
Былтыр СҚО-да 7 мыңға жуық нәресте дүниеге келген
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда жұма намазға жиналуға рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Қызылжарда анасы ұрып-соққан қыз көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Жалға алған үйін тонап кеткен ұры ұсталды
Аймақтар • Кеше
Францияның экс-президенті түрмеге тоғытылды
Әлем • Кеше
Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Түркістан облысында газ желілері жаппай тексеріледі
Аймақтар • Кеше
Тергеушілердің ұстазы ұлықталды
Аймақтар • Кеше
Алматыда этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды
Аймақтар • Кеше
Алматыдан Қырғызстанға әуе рейстері қайта жанданды
Қазақстан • Кеше
Алматыда қанша тұрғын үй жылусыз қалды?
Аймақтар • Кеше
Армениядан әкелген көліктерді тіркеу мерзімі ұзартылды
Қазақстан • Кеше
Қырғызстанда Парламент сайлауы күзде болады
Әлем • Кеше
Қазақстандық кәсіпкерлер үшін салық есептеу жеңілдетілді
Экономика • Кеше
Алматы облысының Алакөл ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматылық студенттер Алғыс айту күнін атап өтті
Қазақстан • Кеше
Өмірбек Жолдасбековтың 90 жылдық мерейтойы тойланды
Қазақстан • Кеше
ҚДКБҚ депозиттердің сәуірдегі ең жоғары мөлшерлемелерін жариялады
Экономика • Кеше
Сыр елінен 700-ге жуық азамат әскерге барады
Аймақтар • Кеше
Ресей инвесторлары Атырауға бет бұрды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру басталды
Қоғам • Кеше
Асқар Мамин «Роскосмос» басшысымен кездесті
Үкімет • Кеше
Көктем кешікпей жетеді: Наурыз айына арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Дубайдан келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды
Қоғам • Кеше
Үкімет • Кеше
Алматыда ұлттар достыған арқау еткен шара өтті
Аймақтар • Кеше
Қуатты құрылымның шуақты мерекесі
Қазақстан • Кеше
Әулиеаталықтар Алғыс айту күнін атап өтуде
Аймақтар • Кеше
Наурыз айында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Көпбалалы ана белгісіз кәсіпкерге алғыс айтады
Аймақтар • Кеше
Ержан Бәкірбайұлы Талдықорғанның әкімі болып тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Зейнетақы ақшасын стоматологиялық қызметке пайдалануға болады
Медицина • Кеше
Алматыда педагогтардың республикалық жиыны өтті
Білім • Кеше
Өңірлердегі медициналық ұйымдардың тозығы жеткен
Аймақтар • Кеше
Тараз полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады
Аймақтар • Кеше
Шымкентте Алғыс айту күні аталып өтті
Аймақтар • Кеше
Киевте Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай іс-шара өтті
Руханият • Кеше
Ұқсас жаңалықтар