Руханият • 18 Шілде, 2019

«Алтын аймақ» – Ақмешітте

577 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Атырау өңірінде ұлттық құндылықтарымызды, салт-дәстүрімізді дәріп­теп жүрген «Елсана» руханият клубының жанынан «Алтын аймақ» жобасы өз жұмысын бас­тады.

«Алтын аймақ» – Ақмешітте

«Алтын аймақ» жобасының негізгі мақсаты – еліміздегі тарихи нысандардың жай-күйі­мен танысу,тарихи орындарға арнайы экспедициялар ұйым­дас­тыру арқылы төл тарихы­мызды ұлықтау. Жоба ая­сын­да алғашқы экспедиция жұ­мы­сы Атырау облысы, Жылыой ауда­нынан басталды.Ел­басы Н.Назар­баевтың «Бола­шаққа бағ­дар: рухани жаң­ғыру» мақа­ла­сы аясында «Қазақ­стан­ның кие­лі жерлерінің географиясы» жасақ­талды. Киелі жерлер тізі­міне Құлшан ата жерасты ме­ші­ті мен Ақмешіт қоры­мының ен­гізілгені баршамызға белгілі.

Қоңыр даланы қақ жарып, ақ құмақты еспелеп, тал-жыңғылды теспелеп жат­қан Жем өзенінің бойындағы Ақкиізтоғай ауылына қадам бастық. Боз бетеге өскен, шө­лейтті белдемде орналасқан қасиетті топырақта пір Бе­кет Мырзағұлұлы,белгілі ға­лым-әдебиетші Қабиболла Сы­диықов, ақын Меңдекеш Саты­балдиев пен Аманқос Ер­шуов­тың кіндік қаны там­ған. Сонымен қатар Бекет атаның ата-анасы жерленген «Ақмешіт» қорымынан 3 шақы­рым жерде орналасқан Арал­төбе­ден (кейбір деректерде «Аратөбе» деп те атайды) бел­гілі археолог Зейнолла Самашев сармат тайпасының көсе­мін тапқаны төл тарихы­мыз­ға алтын әріппен жазылды.

 Бекет ата Мырзағұлұлы «Ақ­мешітке зиярат жасап келу­шілер менің жиенім Құл­шан бейітіне дұға оқып өтсін», деп өсиет қалдырған. Экспедиция мүшелері өсиетті орындап, ақбор төбенің баурайында орналасқан баба­мызға дұға бағыштап, шырақ­шы Оңай­құл ағамыздың таңға­жа­йып тың деректерімен танысты.Экспедиция құрамы Атырау облысы, Жылыой ауданы, Ақ­киізтоғай ауылынан 31 шақы­рым жерде орналас­қан Ақ­мешіт қорымына қадам басты. Бұл қорымда Бекет ата­ның атасы Жаналы, әкесі Мыр­зағұл, анасы Жәния, ұлы Тоғай жерленген.Пір Бе­кет­­­тің алтыншы ұрпағы Ислам қа­жы Мырзабекұлы қа­сиет­ті қоры­м­да шырақшы­лық мін­детін атқарады. Біздің экспедиция құрамын шырақшының ұлы Мұхамед­жан Исламұлы қарсы алд­ы. Шежірешілердің деректеріне сүйенсек, Бекет ата Мырза­ғұл­ұлы 1750 жылы Жем бойын­дағы Ақмешітте дүниеге келген. Атасы Жаналыдан, ауыл мол­да­сынан сауат аш­қан. Жана­лы­ұлы Мырзағұлдан және Назар­қожақызы Жәния­­дан Алдаберген, Алдоң­ғар, Мең­ді­ғұл, Бекет есімді 4 ұл, Әлпуаш, Ақмаңдай есім­ді 2 қыз дүниеге келген. Батырлығы кәрі наға­шы­сы Есет батырдан, көріп­кел­дігі мен әулиелігі өз наға­шы­сы Назарқожадан дары­ған. Халық жазушысы Әбіш Кекіл­бай­ұлының бабасы Жаңайға Назарқожа бата берген абыз еді. Жаңай туған перзентіне Қожаназар деген есімді береді.

Иә, бүгінде рухани, мә­де­ни, діни ошаққа айнал­ған Ақ­мешітке қадам басатын халық­тың қарасы көп. Павлодар об­лысында Мәшһүр Жүсіп Көпей­ұлының арнайы ғылыми ор­талығы салынды. Міне, Ақ­мешітте де арнайы ғылыми – зерт­теу орталығы салынса деген ұсыныс бар. Экспедиция құра­мы өз мақ­сатына жетті.

 

Әділбек ӨМІРЗАҚОВ,

ҚР Журналистер одағының мүшесі, «Алтын аймақ» жобасының жетекшісі

 Атырау облысы